Талдықорған: +24°C
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«БІЛЕК СЫБАНА КІРІСІҢІЗДЕР»: АУДАН ЖӘНЕ ҚАЛА ӘКІМДЕРІ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

09.12.2019
ӘЛЕУМЕТ
"БІЛЕК СЫБАНА КІРІСІҢІЗДЕР": АУДАН ЖӘНЕ ҚАЛА ӘКІМДЕРІ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімдігінде аудан, қала әкімдері жылдық қорытындыларын жасап, келер жылы іске асатын жобалар мен түйіні шешілмеген мәселелер бойынша есеп берді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов төрағалық етті.

Алғаш болып Іле ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Құматаев сөз алды. Баяндамашының деректеріне сүйенсек, ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған ауданның 90 пайызын қамтитын ірі және орта өндірістік шағын кәсіпорындар үздіксіз жұмыс істейді. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны іске асыратын Өтеген батыр кентінде қайта өңдейтін «Аметист», М.Түймебаев ауылында металл өнімдерін өндіретін «Метиндастри», Боралдайда құрылыс қоспаларын шығаратын «Ақ барс» және пластик құбырларын өндіретін «Ер Алматы» серіктестіктерінің құрылысы салынуда. Жақын арада Байсерке ауылдық округінде тағам дайындауға қажетті шикізаттар өндіретін «Фуд таун Алматы», «Метропроект» сияқты кәсіпорындар ашылмақшы.

– Қазіргі таңда инвестиция тарту нәтижесінде бес нысанның құрылыс жұмысы жүргізілуде. 240 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  Ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2020 жылға 87,0 млрд. теңгені құрайды. 2020 жылы 22 жаңа өндірісті іске қосу жоспары қарастырылған. Соның есебінен 60 млрд. теңге инвестицияланып, 750 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен қатар, 14 жаңа ірі жобаны іске қоссақ, жалпы құны 80,3 млрд. теңге табыс табуға болады. «Береке» индустриялдық аймағында 2020-2023 жылдарға бекітілген жоба іске асырылса, аудан халқының жұмыссыздық көрсеткіші төмендейді, – деді Нұрлан Құматаев.

Баяндамашы үш ауысымды мектептердің, ауылдық дәрігерлік амбулатория, учаскелік полиция пункті, Мәдениет үйін салу мен күрделі жөндеу жұмыстарының құрылыстарына, жол, жарықтандыру мен газдандыру жұмыстарына  қаржылай қолдау қажеттігін жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Лаззат Махатұлы ауданға инвестиция тарту жұмысын осы қарқында жалғастыруды тапсырып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма берді.

***

Текелінің бүгінгі беталысы жайлы қала әкімі Бақтияр Өнербаев баяндады. Оның айтуынша, 2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 17,2 млрд. теңгені құраған. Жыл соңында жиһаз өндіретін «Профмебель» ЖШС кәсіпорны мен әк өндіретін «TEES»  ЖШС кәсіпорны іске қосылмақ.

– Қазақстанның ішкі нарығы үшін болат пішінді құймалар шығаратын кәсіпорын жұмыстарын «Электромарганец» ЖШС, әк өндіретін зауыт ашуды «Ак Altun Products» ЖШС жүргізсе, «Tasun» ЖШС микрокальцит өндірісін кеңейтіп, халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. 10 айда қала экономикасына 4,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бюджеттен тыс тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 3,7 млрд. теңгені құрады. 2020 жылы қуаттылығы 12 тонна қияр мен қызанақ өсіретін «Алма Дария» шаруа қожалығындағы жылыжайды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ал «Ибраимова» шаруа қожалығының 50 басқа арналған мал бордақылау алаңы да іске қосылады. 2020 жылға 470 жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға төмендету бойынша жұмыстар атқарылуда, – деді Бақтияр Әлтайұлы.

1982 жылы бой көтерген қалалық емхана ғимаратының бүгінгі келбеті мен өрт сөндіру бөлімінің ғимараты заң талабына сәйкес келмейтінін алға тартқан қала әкімі компьютерлік диагностика алуға, қала мектептеріне күрделі құрылыс жұмысын жүргізуге, шағын аудандардың аулаларын, учаскелік полицей пунктін, Д.Қонаев көшесінің арық желілерін және жаяу жүргінші жүретін жолды жөндеуге, апатты үйлердің құрылысына арналған дайын жобаны іске асыру үшін қаражат керектігін айтты.

Текелінің тыныс-тіршілігін тыңдаған Лаззат Махатұлы моноқаланың дамуына барынша қолдау көрсетілетінін айтты. Қала әкіміне инвестор тарту бойынша атқарылған жұмысты тоқтатпай,  көтерілген мәселелерді жою жолында тынбай еңбек етуді тапсырды.

***

Облыс орталығы Талдықорған қаласында атқарылған жұмыстар туралы айтқан Ғалымжан Әбдірайымов 2020 жылға өндіріс саласы бойынша 28,7 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланғанын, оның  6,6 млрд.теңгесі 2020 жылы игерілуі нақтыланғанын жеткізді.

Екі жаңа нысан ашылып, қолданыстағы өндіріс нысандары кеңейтіліп, 157,5 млн. теңге инвестиция тартылып, 47 жаңа жұмыс орны ашылатыны туралы қала әкімі толық ақпарат берді.

– Жалпы құны 5,8 млрд. теңге тұратын комбикорм өндіруші «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС нысаны іске қосылуға дайындалуда. Келесі жылдың сәуір айында, қайта өңдеу жұмыстарынан соң, жалпы құны 13,9 млрд. теңге тұратын керамогранит тақтайшаларын шығаратын «Алмаз керамикс» ЖШС-нің нысаны іске қосылады. «Талдықорған» индустриалды аумағының 10,0 гектарында ет өндіруші және құрғақ жем мен пектин өндіретін зауыттар ашу жоспарда бар. Индустриалды аймаққа жеке инвесторлар есебінен дәрі-дәрмек өндірісі, фри картофелін дайындау, тамақ өнімдерін өңдеу өндірісі, техникалық қарасорадан текстиль өндірісін шығаратын кәсіпорындар құрылысына инвесторлар тартылуда. Бұл жұмысты тікелей қадағалап отырмыз, – деді қала әкімі.

Қала басшысының айтуынша, 2020-2021 жылдарға 9 шағын ауданда 48 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бюджет және жеке инвесторлар есебінен коттедж қалашығында 383 тұрғын үй, 900 орынды мектеп, 280 орынды балабақша бой көтереді. Алматы – Талдықорған, Жансүгіров көшелерінен асатын 2 жаяу жүргінші көпірлері, оңтүстік-батыс аудандағы жаңа жолдар, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында №1 мектепке және Еркін ауылындағы кітапханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан қала басшысы, дәрігер мамандардың жетіспеушілігін ескеріп, дәрігерлерді жұмысқа тарту мақсатында қалалық емханаларға бюджеттен 20 пәтер сатып алуды қарастыруды сұрады.

– Жұмыс әрқашан да нәтижемен бағаланады. Атқарылған істер көңіл қуантарлық. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Ең әуелі облыстағы әлеуметтік мәселелер, бизнесті қолдау және басқа да шаралардың барлығы кезек күттірмей қолдау табады. Бірақ аудан, қала әкімдері аудан кірісін өсіруге, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға білек сыбана кірісіңіздер. Жұмыссыздық деңгейін азайту, халыққа бар жағдайды жасау – біздің ортақ міндетіміз, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашов сөз түйінінде.

Еңлік КЕНЕБАЕВА

Фото — Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Рәміздер рухы – Конституция күші

Рәміздер рухы – Конституция күші

13.07.2026
Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

Кербулак ауданының 9 ауылы табиғи газға қосылды

13.07.2026
Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

Ольга Зверева. «Жетісуда» барлық жағдай жасалған

13.07.2026
10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

10 күнде 121 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

13.07.2026
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.