Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ: ҚАЛА МЕН ДАЛА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

3 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ: ҚАЛА МЕН ДАЛА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласындағы Алматы облысының Мәдениет күндері тарихи музейден бастау алды. Мұнда Мұхаметжан Тынышпаев атындағы облыстық музейдің «Бақ мекен – Жетісу» атты көшпелі көрмесі қала жұртшылығына таныстырылды.

Бұл күні Жетісу жерінде дүниеге келіп, есімдері ел тарихында қалған белгілі тұлғалар Балпық бидің 325 жылдығына, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері, тарихшы-ғалым Мұхаметжан Тынышпаевтың 140 жылдығына және қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, сөз зергері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған көрме есігін айқара ашты.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев жиналған жұртшылықты Мәдениет күндерінің басталуымен құттықтап, көшпелі көрмені тамашалауға келгендері үшін алғысын жеткізді.

— Екі күн бойы өтетін Мәдениет күндерінде сіздер жер жаннаты Жетісу деп аталатын қасиетті өлкенің мәдениетінен, өнерінен, әдебиетінен сусындай аласыздар. Себебі, бұл күндері театр әртістері мен филармонияның әнші-бишілері сахна төрінде өз өнерлерін көрсететін болса, жетісулық  ақын-жазушылар кітапханада оқырманмен кездеседі. Өздеріңізге мәлім, биыл облыста Мұхаметжан Тынышпаевтың 140 жылдығы, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығы және Балпық бидің 325 жылдығы кең көлемде атап өтті. Осы шараларға байланысты кітаптар шығарылып, қойылымдар әзірленіп, үлкен жұмыстар атқарылған болатын. Сіздер Мәдениет күндері аясында осы дүниелерді тамашалай аласыздар. Бұл, әсіресе, жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз.

Осыдан кейін Мәрлен Қапашұлы Алматы қаласының тарихи музейіне талдықорғандық әріптестері  атынан қазақы сәйгүліктер бейнеленген үлкен сурет  тарту етті.

Келесі сөз алған Алматы қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Рузана Бектұрсынова ару шаһар мен облыстың өзара байланысын айта келіп, қонақтарға Мәдениет күндерінің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді. Ал қалалық музейлер желісінің директоры Сержан Сартов ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын мәдениет екенін айта келіп, Мұхаметжан Тынышпаев атындағы облыстық музейге Алматы қаласының келбеті бейнеленген суреттер альбомын табыс етті.

Осыдан кейін шараға келгендер көшпелі көрмеге қойылған жәдігерлермен танысуға мүмкіндік алды. Мұнда Ілияс Жансүгіровтің өзі киген көйлегі, пайдаланған жазу машинкасы, Фатима Ғабитова қолданған ыдыс-аяқтар, ақынның 125 жылдығына байланысты Ресейге барған экспедиция аясында табылған кітаптар, Мұхаметжан Тынышпаев туралы деректі құжаттар мен фотосуреттер, Балпық би киген дулыға көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Мәдени шараның бірінші күні Бикен Римова атындағы облыстық драма театры ұсынған Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» қойылымымен қорытындыланды.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.