Талдықорған: +8°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«СЕГІЗ ЖЫЛ КҮТТІК»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

2 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТ
"СЕГІЗ ЖЫЛ КҮТТІК": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Кербұлақ ауданының орталығы — Сарыөзек ауылында мерекелік шара өтті. Онда кезекте тұрған бірнеше отбасы үйлі болып, үлкен бақытқа кенелді. Мұндай қуанышқа олар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жеткізді.

Осыған орай мерекелік шара өтіп, жаңа қоныс иелеріне үй кілті табысталды. Салтанатты рәсімде Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат БИГЕЛДИЕВ сөз сөйлеп, үйлі болғандарды құттықтады. Шаңырақтарына құт-береке тілеп, жиналғандардың қуанышымен бөліскен әкім жаңа шағынауданда он сегіз жалгерлік тұрғын үй бой көтеріп, олар аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, Ауған соғысының ардагерлеріне, мұғалімдер мен дәрігерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге беріліп отырғанын, халықты баспанамен қамтамасыз ету жұмысының алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.

Айшықты сәтте ауданның Құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Оспанбайұлы да ізгі ниетін білдіріп, ақ батасын берді. Аналар да тәттілермен шашу шашып, көпшіліктің қуанышымен ортақтасты. Шара аясында үйлі болғандардың бірқатарына бағалы сыйлықтар тарту етілді. Соңында әкім жаңа үйлерге бас сұғып, дәмнен ауыз тиді. «Бақыт балалы үйге қонады» демекші, баспаналы болу бақытына кенелгендердің қатарында көпбалалы отбасы Ермекбаевтар әулеті де бар.

Гүлжан БАЙСҰЛТАНОВА,

көпбалалы ана:

– Баспанаға қол жеткізу көптен бергі арманымыз еді. Үй кезегін сегіз жыл күттік. Бүгінде сол ойымыз орындалып, үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз. Басшыларға, үй салып берген азаматтарға деген алғысымыз шексіз. Бұған дейін теміржол бойындағы Тары бекетінде тұрдық. Балаларым Сарыөзекке сол жақтан келіп оқитын. Енді өз үйіміз бар. Бұл — өсіп келе жатқан балапандарымның нәсібі.

Жаңа үйлердің құрылысына жергілікті бюджеттен 285 миллион 500 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылыс істеріне 106 миллион 756 мың теңге қаражат бөлініп, толық игерілген. Айта кетейік, аталған ауданда тұрғын үйге деген сұраныс күн санап артып келеді. Бүгінде өңірде 800-ден аса адам үй кезегінде тұр, оның 148-і көпбалалы аналар.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Кербұлақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік желіде әдеп керек

Әлеуметтік желіде әдеп керек

Бүгін, 10:00
Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.