Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

АЛАҢДА — АРДАГЕРЛЕР: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

29 қараша 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
АЛАҢДА - АРДАГЕРЛЕР: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жастар» спорт сарайында волейболдан ардагерлер арасында ІІІ халықаралық «Жетісу кубогы» турнирі жалауын желбіретті.

Дәстүрге айналған волейбол додасына Ресей Федерациясының Бурятия, Тыва, Татарстан Республикаларынан және Орынбор қаласынан, сондай-ақ, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен кіл мықты командалар келді. Халықаралық жарысқа Алматы облысының «Жетісу» командасы да қатысуда.

Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Республикасы Волейбол федерациясының вице-президенті, Алматы облысы және Алматы қаласы Волейбол федерациясының президенті, облыс әкімі Амандық Баталов сөз сөйледі.

— Биыл үшінші мәрте өтіп отырған ардагерлер арасындағы волейболдан халықаралық турнир жыл сайын ауқымын кеңейтіп келеді. Талдықорған қаласы волейбол ойынының үлкен ордасына айналды. Жалпы, Алматы облысы ғана емес, Қазақстанның волейболы әлемге танымал. Сол кездегі «Буревестник», «Дорожник» командасы екі мәрте Еуропа кубогының иегері, КСРО чемпионы атанды. Сондай-ақ, О.Жарылғаповтан тәлім алған Ж.Сауранбаев, Г.Гончаров, В.Кравченко, А.Сұлтанов, А.Шабдарбаев, В.Шапран секілді спорт шеберлері Қазақстан волейболын дүниежүзіне танытты. Біз олармен мақтанамыз. Осындай таланттарымызды мақтан тұта отырып, біз кейінгі жас ұрпаққа үлгі көрсетуіміз керек және насихаттауымыз керек. Сол себепті де Талдықорған қаласында ардагерлер арасында волейбол турнирін өткізіп келеміз. «Жетісу кубогы» турниріне қатысушылар қатары артуда. Қазірдің өзінде сегіз мемлекеттен келді. Қытай, Тайланд елінің командалары ұсыныс білдірді. Болашақта ол елдердің де командаларын осы жарыстан көретін боламыз. Олай болса, жарысқа келген барлық командаға сәттілік! Тек мықтылар жеңіске жетсін! – деді Амандық Ғаббасұлы.

Осылайша сөзін аяқтаған облыс басшысы жарысты ашық деп жариялады. Одан кейін ортаға «Буревестник» Волейбол клубының президенті, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев, Тыва Республикасы Волейбол федерациясының вице-президенті Чингис Каминов, Моңғол Республикасы Волейбол федерациясының вице-президенті, волейболдан спорт шебері Тутсмандалу Тогтохбаыр, Татарстан Республикасы «Динамо» қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Гайсин Салават сөз сөйлеп, жарысты ұйымдастырушы облыс әкімі Амандық Баталовқа алғыстарын айтып, ескерткіш сыйлықтарын табыс етті.

Салтанатты шарадан кейін «Жетісу» мен Тыва Республикасының командалары кездесті. Кілең ардагер ойыншылардан құралған команда әуе допты ұршықша иірді. Бір-біріне дес бермеген ойыншылар жарыстың көрігін қыздырды. Ойыншылар жанкүйерлердің делебесін қоздырып, сұрапыл соққыларымен шеберлік танытты. Нәтижесінде, «Жетісу» командасы екі сәтте де жеңіске жетіп, қоржындарына алғашқы ұпайды салды. Екінші ойын Өзбекстан командасымен болды. Ол ойын  да, жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Есеп 2:0.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Фото — Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.