Биыл облыстық аумақтық инспекциясына 20 жыл. Осыған байланысты аталмыш инспекция басшысы Саят САҚМОЛДИНМЕН әңгімелесіп, атқарып отырған қызметтері жайында білген едік.
– Саят Сарқытбайұлы, сіз басқарып отырған мекемеге биыл 20 жыл толып отыр. Шығармашылық ұжым атынан құттықтаймыз! Осы уақыт аралығында талай белесті бағындырдыңыздар. Қысқаша инспекция жайлы айтып өтсеңіз.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аталып отырған бұл мереке ауыл- шаруашылығы саласында маңдай терін төгіп, күндіз-түні еңбектеніп жүрген барлық облыс жұртшылығына ортақ. Аумақтық инспекция құрылғаннан бері атқарылып келе жатқан істер өте ауқымды. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекет саясатын жүзеге асыру, салаға қатысты заң талаптарының сақталуын қадағалау, асыл тұқымды мал және өсімдік шаруашылығын өркендету, фитосанитарлық іс-шараларды қамтамасыз ету сияқты міндеттер жүйелі түрде орындалуда. Облыс аумағында фитосанитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етумен облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині бойынша өсімдіктерді қорғау және мал тұқымын асылдандыру бөлімдері айналысады.
– Инспекция тарапынан ағымдағы жылы ауқымды іс-шаралар жүргізіліп, облыс көлемінде қолайлы фитосанитарлық жағдайдың қалыптасқаны белгілі. Аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы зерттеу-мониторнигтік жұмыстар талапқа сай орындалған шығар?
– Әрине, барлық жұмыс жоспарға сәйкес толық жүргізілді. Аймақта өсімдіктерді қорғауда зиянкестерді, өсімдік ауруларын айқындау және олардың экономикалық зиян тигізу шегін (ЭЗТШ) «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының» облыстық филиалы жүргізеді. Филиал директоры Бақберген Атантаев тәжірибелі, білікті маман. Өсімдік зиянкестерімен күресудің жолдары өте күрделі, ғылыми жаңалықтарды, әдістемелерді пайдалана отырып жүргізілетін кешенді шаралар. Оның ішінде әр зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтерді (улы химикаттар) қолдана отырып күресетін, химиялық өңдеу жұмыстарының маңыздылығы және экономикалық тиімділігі үлкен. Әрине, бірді-екілі зиянкесті көре салып препараттарды қалай болса солай шаша беруге де болмайды. Бұл жерде ғылыми негізделген зиян тигізудің экономикалық шегі (ЭЗТШ), яғни зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн санын, шегін дұрыс анықтау өте маңызды. Сондықтан жоғарыда аталған филиал мамандары зиянкестер кездескен жағдайда өз тараптарынан зерттеу, зертханалық талдау жұмыстары арқылы химиялық өңдеудің қажеттілігін анықтап отырады. 20 жыл аралығында ауқымды фитосанитарлық іс-шаралардың арқасында шегіртке тектес зиянкестердің таралу көлемі айтарлықтай азайғанын атап өткен жөн. Мәселен, химиялық өңдеудің ең үлкен көлемі 2000 жылы 350 мың гектар болса, содан кейінгі жылы 128 мың гектарға дейін төмендеді. Карантиндік зиянкес американдық ақ көбелекке қарсы 2001 жылы 1200 гектар көлемде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілсе, бүгінгі күні облыс көлемінде бұл зиянкес толық жойылды.
20 жыл аралығында ауқымды фитосанитарлық іс-шаралардың арқасында шегіртке тектес зиянкестердің таралуы айтарлықтай азайды. Мәселен, химиялық өңдеудің ең үлкен көлемі 2000 жылы 350 мың гектар болса, содан кейінгі жылы 128 мың гектарға дейін төмендеді. Карантиндік зиянкес американдық ақ көбелекке қарсы 2001 жылы 1200 гектар көлемде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілсе, бүгінгі күні облыс көлемінде бұл зиянкес толық жойылды.
– Жоғарыда аталған бөлімдердің негізгі қызметін атап өтсеңіз?
– Мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік инспекторлар Қазақстан Республикасының аумағына карантинді нысандардың әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақытылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында, карантинге жатқызылған өнімді тұрақты карантиндік жете тексерулерді, үлгілерін іріктей отырып, оған зертханалық сараптама, ішінара бақылау зерттеп-қарауларды жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді нысандарға қарсы күреске бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Біздің облыс Қытай Халық Республикасымен шекаралас жерде орналасқан. Шекаралақ фитосанитарлық бақылау және қадағалау жұмыстарын фитосанитарлық бақылау бекеттері жүргізеді. ҚР АШМ АӨК МИК Алматы облыстық аумақтық инспекциясының құрамында «Достық», «Қорғас», «Қалжат» және республика аумағында карантиндік бақылауға жататын өнімдерінің (жүктің) ішкі тасмалдауын қадағалайтын көліктегі «Талдықорған» фитосанитарлық бақылау бекеттері кіреді. Облыс бойынша 50-ден астам өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар қызмет атқарады. Облыстық аумақтық инспекциясының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы Мәулен Жұмағалиев басшылық етеді.
Өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас мамандары Әсел Бекболаева, Орал Тәңірбергенова, Эльмира Байғожаева және Ринат Беглов қызмет атқарады. Мемлекеттік бақылауды жүргізу аясында асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекция бөліміне, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеру, жергілікті атқарушы органдардың асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану, нұсқамалар беру, олардың орындалуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау құқықтары берілген. Қазіргі уақытта асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінде бөлім басшысы Серік Мұқанов, бас мамандары Маржан Себекова және Ақаш Шалқар қызмет атқаруда. Бүгінде мемлекет тарапынан асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарға қаржылай көмек көрсетілуде. Осының арқасында төрт түліктің тектік қорының үлесі өсті. Бүгінгі таңда облыста асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер тізілімінде 5 асыл тұқымдық орталық, 6 дистрибьютерлік орталық, 93 бағалаушы, 747 техник-ұрықтандырушы, 3 эмбриондарды ауыстырып салу жөніндегі маман тіркелген. Ал асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар мәртебесі бар және асыл тұқымды мал өсіретін субъектілер тиісті мал тұқымдары бойынша республикалық палаталарында тіркеліп, жұмыстарын әрі қарай жалғастырып жатыр. 2002 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңы қабылданып, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі құрылып, әр жылдары бөлімді Абылайхан Жұмабаев, Жеңіс Сарипбеков басқарды. Ал 2014 жылдан бастап бөлімді Жарас Оңдасынов басқарып келеді.
– Бөлімнің басты функциясы қандай?
– Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асыру және облыс көлемінде қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету болып табылады. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында бөлімнің бас мамандары Дінмұхамет Чукаев пен Айдос Иманғабулов қызмет атқарады. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері елдің азық-түлік кауіпсіздігін, қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету және фитосанитарлық іс-шараларды жүргізу кезінде пестицидтердің (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерінің, ауылшаруашылығы өнімі, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады. Облыс аумағында қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында биыл ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамып таралған аумақтарын анықтау үшін 4 291 млн. гектар жер тексеріліп, 145,602 мың гектар жерінде оларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, оның 128,252 мың гектары шегіртке тектес зиянкестер, 9,000 мың гектары дәндік жүгері алқаптарындағы мақта көбелектері, 16,250 мың гектары қытай бұршақтарындағы өрмекші кенелер, 200 гектары тышқан тектес кеміргіштер. Мұның сыртында үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы зерттеу-тексеру жұмыстары 247,800 мың гектар жерге жүргізіліп, жергілікті бюджет есебінен 66,808 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі деп көзделіп, бүгінде бұл жұмыс толық аяқталды. Аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 11-бабын жүзеге асыру мақсатында жеке шаруа қожалықтары өз қаражаттары есебінен барлығы 126,397 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмысын жүргізді.
– Сіздердің негізгі міндеттеріңіз бақылау және қадағалау болғандықтан заң-бұзушылықтар анықталған жағдайда қандай шара қолданасыздар және осындай жағдайлар орын алды ма?
– Өсімдіктер карантині бойынша үстіміздегі жылдың 11 ай ішінде 15 335 мемлекеттік қызмет көрсетілді (3433 жеке тұлғалар, 11 902 заңды тұлғалар). Оның ішінде 7 838 дана фитосанитарлық және 7 497 дана карантиндік сертификат берілді. Мемлекеттік фитосанитарлық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында карантинге жатқызылған өнімдерді кіргізу, тасымалдау және сату кезінде биыл 47 бұзушылық анықталып, 3,5 теңге көлемінде айыппұл салынып, республикалық бюджетке құйылды. Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 17 тексеру жүргізу жоспарланып, бүгінгі күнге Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрінің 2019 жылдың 3 мамырындағы № 184 бұйрығына сәйкес тексеру нысанына барып, 17 профилактикалық бақылау жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 37 875 теңгені құрайтын 2 айыппұл салынып, 8 нұсқама берілді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы бойынша барлығы 10 жоспардан тыс тексеру және 257 профилактикалық бақылау жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 303 мың теңге көлемінде 4 айыппұл салынды. Ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелген асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал басының деректеріне облыс бойынша 2 020 мониторинг жүргізіліп, аудандық ауылшаруашылығы бөлімдеріне және шаруашылықтарға анықталған қателіктерді түзету жөнінде 123 ұсыным хат жолданды, 112-і орындалды.
– Рахмет. Жұмыстарыңыз табысты болсын!





