Талдықорған: +17°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«БЕРЕКЕ ТІЛЕЙМІН»: ЖАПОН ЕЛШІСІ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНЕ КЕЛДІ

04.11.2019
КҮНДЕРЕК
"БЕРЕКЕ ТІЛЕЙМІН": ЖАПОН ЕЛШІСІ ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНЕ КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухико Талдықорғандағы Қаратал ықшамауданында орналасқан, 2014 жылы Елдос Баялышбаев негізін қалаған «Асар» спорттық-сауықтыру орталығына келді. Оны облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов күтіп алды.

Еңбеккер азамат Елдос Баялышбаевтың жобалары талай жерде мақұлданып, жүзеге асыру үшін арнайы гранттар ұтып алған. Жобаларының негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу, олардың қоғамға қалыптасуына септігін тигізу.

Еліміз егемендік алғаннан кейін жұмысын бастаған Жапонияның «Кусанонэ» адам қауіпсіздігін сақтауға арналған әлеуметтік жобаларға арналған қайтарымсыз көмек бағдарламасы талайдың жолын ашты. Бұл тізімде Елдос Баялышбаев та бар. Залдағы Польшадан, Ресейден келген жаттығу құралдарына дәл осы бағдарлама грантын ұтып алу арқылы қол жеткізді.

«Кусанонэ» (біздің тілде «Шөп тамыры») бағдарламасы 1997 жылдан бастап 2018 жыл аралығында елімізде 92 жобаны қолға алып, жалпы 6 429 688 АҚШ долларын жұмсаған. Елдостың жобасы 2017 жылы қабылданып, оған 82,818 АҚШ доллар грант беріліпті. Құрал-жабдықтарды жетікізген – «МК Интерна» ЖШС. Омыртқаға, белге, аяққа, буындарға, қолға арналған жаттығу құралдары заман талабына сай. Жалпы орталыққа 5 жыл ішінде 500-ден астам қаралушы келген. Елімізден ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттен де келетіндер бар. Мәселен, біз барғанда Өзбекстаннан келген екі адам жаттығу жасап жатты. Оның алдында бір жылға жуық Қырғызстаннан келген 15 адам орталықта болған. Елдостың 2014-2016 және 2017-2019 жылдарға арналған жоспары түгелімен орындалды. Енді 2020-2022 жылдарға арналған ауқымды істер күтіп тұр.

Әр аппаратпен жеке танысқан Касаи Тацухико:

– Бағдарламаның оң нәтижесін өз көзіммен көрдім. Мүмкіндігі шектеулі жандар — қоғамның бір бөлігі. Оларға деген істеріңізге береке тілеймін. Келесі жылы Жапонияда Олимпиада ойындары өтеді. Сол кезде паралимпиадада осы залдан шыққандардың бірі Қазақстанның Туын жоғары желбірететіндігіне сенімдімін, – деді.

Артынша Батыржан Байжұманов пен Елдос Баялышбаев қадірменді қонаққа сый-сияпат берді.

Серік ҚАНТАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

«Барселонада» ойнайтын тұңғыш қазақ

01.04.2026
Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

Жетісуда 13 мың гектарға қант қызылшасын себу жұмысы басталды

01.04.2026
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы танк қару-жарағынан атуда шеберлік көрсетті

01.04.2026
Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

Асхат Аймағамбетов: «Баланы емес, ата-ананы тәрбиелеу керек»

01.04.2026
Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесі ашылды

Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесі ашылды

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.