Талдықорған: +34°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА ЖОБА: АТА-АНАЛАР СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗЕДІ

14.10.2019
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАҢА ЖОБА: АТА-АНАЛАР СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы №28 ІТ мектеп-лицейінің директоры Гүлжанар Еспанованың бастамасымен бастауыш сыныптарда «Табысты үштік» жобасы ұйымдастырылып келеді.

Биыл аталмыш жоба 5-9-сыныптар арасында да өткізілуде. Алғашқылардың бірі болып 8 «Б» сыныбы табысты жобаны бастап кетті. Осы сыныпта оқитын Ажар Андастың әкесі, «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас лицейдің ІТ сыныбында ата-ана, мұғалім, оқушылардың қатысумен алғашқы сынып сағатын өткізді. «Мәлім де, беймәлім өмір» атты сынып сағаты сан қырлы дарын иесі, жерлесіміз Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай тұлғаның жұрт біле бермейтін, жастарға, ата-аналарға және мектеп ұстаздарының есінде жүрер өмір тарихы мен шығармашылығы туралы болды.

Алдымен ол Жетісу жерінің мақтанышына айналған Қадырғали Жалайыр, Қабылиса жырау, Ескелді және Балпық би, Қабанбай, Ақын Сарадан бастап, Дінмұхамед Қонаев, Мұқан Төлебаев, тағы да басқа тұлғаларды түгендеп шықты. Оқушылардың көкейіне сәуле құйылып, көкжиегі кеңіді. Осыдан кейін Қажет Андас сөзінің соңын Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылық даралығымен сабақтады. Әсіресе, 4 жасында шешесінен айырылып, 13 жасында бірінші рет Хасан молдадан хат таныған Ілиястың ғұмыр жолы бүгінде 13 жасқа келген 8-сынып оқушыларына үлкен ой салды. Сонымен қатар, жалғыз ғана «Әптиекті» бітіріп, 8-ақ ай оқуға мүмкіндік алған Ілиястың осыдан ары ауыл молдасы атанып, бала оқыта бастағаны да балаларға шабыт бергені анық.

Сынып сағаты барысында балалар «Бүркеншік есім» дегеннің не екенін түсінді. Ал Ілиястың 42 бүркеншік есіммен жазғанын естігенде оның себебін сұрап сұрақты қарша боратты. Сондай-ақ, сынып сағатында Ілияс Жансүгіровтің осы күнге дейін ешбір жерде жарық көрмеген, елге жетпеген шетел архивтері мен жеке мұрағаттарда сақтаулы мұралары, Абай Құнанбаевтың қолжазбасы, «Ажар», «Мақпал» поэмаларының тұпнұсқасы көпшілікке таныстырылды. Сабақта Қ.Андас Ілиястың төтеше, кирилше, латынша шыққан кітаптары мен ондағы айтылған ойларын, жазылған дүниелерін де сараптап берді. Әдебиет оқулықтарында оқытылмайтын жаңа деректер мен ойлар оқушылардың Ілияс өмірі мен шығармашылығына деген ықыласын оятты. Сынып сағатының түпкі мақсаты да осы еді.

Шара соңында Қажет Андас қарындасы Мақпал Андаспен бірлесе отырып, бес жылдық уақытын жұмсап жазып шыққан, ел қолына тие қоймаған «Қазақ баспасөзінің жампозы» атты кітабын мектеп кітапханасына, ата-аналарға, белсенділік танытқан оқушыларға сыйға тартты.
Шараны 8 «Б» сыныбының жетекшісі Оңалсын Раева:

– «Табысты үштік» жобасының берері мол. Бұл жалпы үш жылдық жоба. Былтыр да нәтижелі аяқталды. Биыл да сәттіліктерге толы болатыны анық. Өткенде Тамыз кеңесінде лицей директорының орынбасары Гүлжамал Алмашева осы жоба жайлы таныстырып, үш жылдан соң тәжірибелерді облыс мектептеріне тарататынымызды айтқан болатын. Соған өз үлесімізді қосып, алғашқы сынып сағатын өткіздік. Сыныбымызда әр салада істейтін ата-аналар бар. Алдағы уақытта да олар өз мамандықтары бойынша сынып сағатын өткізіп, оқушыларға жақсы білім береді деп сенеміз, – деп қорытындылады.

Шара аясында 8 «Б» сынып оқушылары Айназдың апасы Мейрамхан Қуатбекова, Еркебұланның анасы Жадыра Рахымбекова, Арланның әкесі Мақсат Есенқұлов ой бөлісіп, алдағы шараларға белсене атсалысатындықтарын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Қатысты жаңалықтар

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

«Талдықорған — Өскемен» автожолы қашаннан бастап ақылы болмақ?

09.07.2026
Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

Жетісуда жол жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді

09.07.2026
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды

09.07.2026
Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Джеки Чан Қазақстанда: «Доспехи бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

09.07.2026
Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

Жетісуда алкогольді заңсыз сатқан ондаған дүкен анықталды

09.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.