Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АУАДАЙ ҚАЖЕТ»: ОБЛЫС ӘКІМІ ІТ-ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

25 қыркүйек 2019
КҮНДЕРЕК
"АУАДАЙ ҚАЖЕТ": ОБЛЫС ӘКІМІ ІТ-ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Талдықорған қаласының 6-шағынауданында «Jetіsý-Hub» IT-орталығы ашылды. Салтанатты шара облыс әкімі Амандық Баталовтың алғысөзімен бастау алды.

– ХХІ ғасыр – технологиялар заманы. Ақпараттық технологиялар қарыштап, озық инновацияның дәуірі келді. Еліміздің озық отыз елдің қатарына енуі үшін де жаңа технологияны дамыту ауадай қажет. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да цифрландыру мәселесіне айрықша мән берілген. Жолдауға сәйкес, озық бағдарламамызды құруымыз керек. Интернет дамыған заманда кейбір бүлдіршіндеріміз өзінің армандаған дүниесін, ойлап тапқан жобасын іске асыра алмай жүреді. Осыған орай біз арнайы IT-орталық аштық. Былтыр IT мектебі салынды. Ендігі мақсат – болашақ жастарымызға IT колледжін ашу. Өскелең ұрпақ  халықаралық ареналарда ел намысын қорғап, жетістікке жетіп жатса, біз үшін үлкен қуаныш, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде сөз алған «Jetіsý-Hub» IT-орталығының басшысы Әсет Мухаммад: «Қазіргі таңда 30 озық елдің қатарына кіру үшін жұмыс жан-жақты жүргізілуде. Осыған орай жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жаңа жоба құрылды. Білікті мамандар бар. Енді олар бес жастағы бүлдіршіндерден бастап, студенттерге дейін даярламақ», – дей келе, жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

Жоба «Benediximus» ЖШС компаниясымен бірлесіп іске асырылуда. Оның басты мақсаты – стартап мәдениетін дамыту, жас командалардың идеялары мен жобаларын дамыту үшін инвестиция тарту, IT индустриясына жастарды тарту, ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру. Орталықтың ішінде робототехника, WorkShop, 3D модельдеу және кванториум секілді әр салаға арналған арнайы кабинеттер бар.

Мұнда балаларды тек қана оқытып қоймай, түрлі жобалар әзірленбек. Жоба аясында құрылған орталық халықты бизнесті жүргізу негіздеріне және заң, бухгалтерлік сауаттылықты үйретуге баулиды. Сонымен қатар, мамандар алдағы уақытта бұл орталықтың елге пайдалы жобалардың ұстаханасына айналатындығын, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Хаб» IT стартаптарының технологиялық паркімен тығыз ынтымақтастығы жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.