Талдықорған: +18°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«СИРИЯҒА САУ АДАМ КЕТПЕЙДІ»: АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ЖЕТКІНШЕК ҚАЛАЙ ҚАШЫП ШЫҚҚАНЫН ӘҢГІМЕЛЕДІ

11.09.2019
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
"СИРИЯҒА САУ АДАМ КЕТПЕЙДІ": АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ЖЕТКІНШЕК ҚАЛАЙ ҚАШЫП ШЫҚҚАНЫН ӘҢГІМЕЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыз сөз мәйегін айтып, ұтқыр мақал, мағыналы мәтелді мысалға келтірген баланың тапқырлығына мәз болған. Шам өлкесіне теріс ағымның жетегімен аттанып, «Жусан» операциясымен елге оралғандарға жолығып жүрген бізді де Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласындағы гуманитарлық колледждіне қабылданған Омар Амаевтың сөздері еріксіз жымитты.

– Сирияға сау адам кетпейді, ондай соғыс болып жатқан жерге ақымақтар ғана барады, – деп сөз бастаған жеткіншектің сол жақ бетіндегі терең тыртық көзге бірден түседі. Бағұз елді мекеніне жасалған әуе шабуылы кезіндегі жарылыстан Омардың анасы көз алдында қаза табады. Снярадтың жарықшағы төрт тісін сындырып, жүзіне жара салады.

Сұрапыл соғыстан із-түзсіз жоғалып кеткен әкеден хабар ала алмай жалғыз жортқан жеткіншек 4 ай бойы тірі қалу үшін күреседі. Тамақтың орнына шөп теріп жеген бала қоқыс алаңынан шалқам тауып алса қуанатынын, өзен жағасында түнеп, жұлдызды аспанға қарап жатып туған жерге жетуді армандағанын айтады.

Мұндай тағдырды балаларымыз бен жеткіншектерімізге бермесін. Оның ата-анасы Сирияда қара тулы халифат құрып, Шам өлкесін ту-талақай жасаған лаңкестердің қатарына қосылған жандар еді. Өз қатарластарынан кейін қалып, Есік қаласындағы мектепке жаңадан барған жеткіншектің туған жері сол Еңбекшіқазақ ауданының орталығы. Ата-анасы жоқшылық көрмей өскен отбасынан шыққан. Әкесінің кәсіпкерлікпен айналысып, анасының үй шаруасын дөңгеленткені бүгінгі күні естелік.

Күндердің бір күнінде өзінің туған жері Чешенстанға барып қайтқан анасының көзқарасы мен дүниетанымы өзгеріп шыға келеді. 2014 жылы күйеуін көндірген әйел автокөліктерін сатып, Астана қаласына қоныс аударады. Сол жылы баласын ерткен ерлі-зайыптылар Түркияға кетеді. Төрт күннен соң Сирия Араб Республикасының Шаадат ауылына көшіп барады.

Сөйтіп, «өзге елдің көсегесін көгертеміз, шариғатпен жүретін халифат құрамыз» деген жалаң ұранның жетегімен соғыс өрті тұтанған Шам өлкесіне жеткен ерлі-зайыпты Дзариевтер бір елді мекеннен екіншісіне көшіп, соғыс жағдайына байланысты босқын күйіне түседі. Алдымен Ракка қаласына табан тіреген олардың бір жарым жылдан соң жарияланған эвакуациядан кейін шаһардан еріксіз көшулеріне тура келеді. Сондағы қазақстандықтармен бірге көшіп, қатар қонып жүрген отбасы қалаға жасалған 150 зымырандық әуе соққысына куә болады.

Сол жолы мыңдаған адам қырылады. Тірі қалғандарын аштық, суық, дәрі-дәрмектің жоқтығы күтіп тұрды. Солардың қатарында жалғыз баласын ерткен ерлі-зайыпты Дзариевтер 8 ай Абу-Хамам ауылында бой жасырады. Одан соң Хаджин қаласын, Кишма ауылын, әс-Суса ауылын мекен етіп, Бағұз ауылына көшіп барады. Осылайша анасы көз алдында қаза тапқан кейіпкеріміз лаңкестердің қатарынан сытылып шығып, өз бетімен тіршілік кешуге кіріседі. Босқындарға арналған лагерьге жеткен бала Омарды чешенстандық Әмина есімді әйел үш баласының қатарына қосып, бауырына алады.

Бала да болса осындай ауыртпалық пен қиындықты есіне мықтап сақтаған ол, өзіне жақын тартқан жандардың жақсылығын да ұмытпайды. Әсіресе екі айдан соң «Жусан» операциясы арқылы елге әкетпек болған жандардың есімін ұдайы айтып жүреді. Ақтау қаласындағы оңалту орталығында медициналық көмек көрсеткен, тісіне жабысқан снарядтың жарықшағын алып тастаған дәрігерлерді де есінен шығармайды.

Қазір әкесінің ағасы Мұсаның қолында тұрады. Жеңгесі Евгения ақжүрек, аңқылдақ қайнысы Омардың өз фамилиясына көшуге күш салып жатқанын, алғашында анасының фамилиясына жазылып кеткен балаға барлық көмек көрсетіліп тұратынын жеткізді. Соған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскерилерге ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бала Омар бейбіт өмірге тез үйреніп, айналасындағы адамдармен оңай тіл табысуға тырысып жүр. Ешқандай ашушаңдық, ызақорлық байқатпайды, ақжарқын күлкісімен сөйлескендерді бірден баурап алады.

Бізбен де сөйлесуден қашпайтынын білдіріп, телеарна мен газетке өзі туралы жазылатынын естігенде қуана-қуана келісім берді. Аты-жөнін өзгертпей-ақ қоюды өтінді.

– Есіктегі гуманитарлық колледжге тамыздың 27-і күні емтихан тапсырдым. Барлық пәннен дұрыс жауап бердім. Қазақ тілінен ғана аздап мүдірдім. Мен қазір орыс, араб, ағылшын, чешен, ингуш тілдерін білемін. Енді қазақ тілін меңгеруді ойластырып жүрмін. Одан бөлек, араб тілінің иракия, фусха, шауи, сириялық нұсқаларында сөйлей аламын. Осы диалектілерде өз ойымды жеткізе аламын. Сондықтан осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, мені Сириядан алып шыққан Әділге үлкен рахмет айтқым келеді, – деп көкейдегі ойын тақылдап жеткізген жеткіншек бізбен қимай қоштасты.

Иә, елімізде ғасырлар бойы қалыптасқан бауырмалдық, жанашырлық секілді асыл қасиеттердің арқасында соғыс өрті жалмаған өлкеден Жетісуға оралған Омар балалығы ұрланса да келешегінің кемел, болашағының жарқын боларына сенеді. Алдағы күндеріміздің табысты, ырысты, берекелі болуына бірлесе үлес қосу баршамыздың еншімізде.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Еңбекшіқазақ ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026
Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

10.04.2026
Жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызға төмендеді

Жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайызға төмендеді

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.