Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

25 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ - ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында «Тілдерді дамытудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және алдағы міндеттер» атты тақырыпта жиын өтті.


Шараға аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшыларымен қатар «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы филиалдарының меңгерушілері қатысты. 

Кіріспе сөзді облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев алып: «Ешқандай ұлт тілсіз өмір сүре алмайды. Ол – қатынас құралы, ең асыл құндылық. Сондықтан, әр ел өзінің тілінің күшеюіне, оның қолданыс аясының кеңеюіне бар күш-жігерін салғаны дұрыс. Қазақ тілі шешендік жағынан да, көсемдік жағынан да ешбір тілден кем емес. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілі әлемдегі 6000 тілдің ішіндегі қолданылуы жағынан 70-орында, көркемдігі мен тіл байлығы жағынан алғашқы ондықтың қатарында», – деді. 

Жиында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев «Тілдік ахуал және алдағы міндеттер» тақырыбында баяндама жасады. Биылғы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, әлі де болса ақсап тұрған жақтарға көбірек көңіл бөлді. 

Басқосуда  «Тіл» орталығының атқарып жатқан жұмысы, жаңа әліпбиге көшу жөніндегі жұртшылықтың пікірі де сырт қалмады. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында іске асырылған шаруалар сөз болды. 

Жиын соңында Ақан  Жылқышыбайұлы түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген өңір басшыларына қатаң сын айтып, олқылықтарды толтыруға бір ай көлемінде уақыт берді. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары  әр аймақ, аудандарға және тіл басқармасына тапсырма беріп: «Әр қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі тиіс. Сонда ғана біз тілімізді, рухымызды, мемлекетімізді сақтайтын боламыз. Әрқайсымыздың мойнымызда, халықтың, мемлекеттің, Құдайдың алдында борышымыз бен міндетіміз тұр. Сондықтан, жұмыстарыңызды халыққа барынша  ұнамды жүргізуге кеңес беремін», – деп қорытындылады.  

                 Аймарал ОМАР

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.