Талдықорған: +22°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: БОЛАШАҚ ҮШІН БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ

20.08.2019
КҮНДЕРЕК
ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ: БОЛАШАҚ ҮШІН БӘРІМІЗ ЖАУАПТЫМЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

МҰҒАЛІМ МІНДЕТІ АЗАЯДЫ: Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басым бағыттарының бірі саналады. Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісі ең алдымен мектептегі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ тұңғыш рет Астана қаласында республикалық деңгейде Тамыз конференциясын өткізіп, ұстаздардың басын қосты. Осы жиында мұғалімдердің мәртебесін көтеру мәселесі жан-жақты талқыланды. Соның ішінде оларды тікелей өз міндеттеріне жатпайтын жұмыстардан босату жөнінде де айтылды.

Шыны керек, қазіргі кезде мұғалім беделінің төмендеуіне әсер ететін жайттар бар. Олардың үшауысымды мектептерде жұмыс істеуі, жаз-күз мезгілдерінде оқушыларды апта сайын көше сыпыруға апару, сайлауға қатысты үгіт-насихат жұмыстарына тартып, халық санағы кезінде үй аралап тізім жасау, жергілікті әкімдіктер тарапынан түрлі жиындарда залды толтыру үшін мұғалімдерді жұмсау, тағы басқа да қосалқы тапсырмалар мұғалімдердің уақытын алып, оларды шаршатпай қоймайды.

Міне, осының бәрі оқушылардың сапалы білім алуына кері әсер етеді. Мұғалім беделінің төмендеуі мектептерде химия, физика, математика, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің тапшылығына да әкеледі. Ал, қазіргі бәсекеге толы дүниеде мұғалімдік қызметке барынша дарынды адамдарды тарту өмірлік қажеттілікке айналуда.

Бұған ел Президенті назар аударып, мұғалімдердің міндеттері аясына кірмейтін жұмыстарға тартуға тыйым салды. Қазіргі таңда бұл орайда атқарылатын жұмыстар басталып кетті. Сондықтан, жақын арада бұл мәселе де өз шешімін табады деген сенімдеміз. Жалпы, әр мұғалім өз құқығын жақсы білуі тиіс.

Гауһар ЕЛУБАЕВА,

ардагер ұстаз

Талдықорған қаласы

* * *

ҰЛТ ӨЗЕГІ ТІЛДЕ: Биылғы Тамыз конференциясында сан мәрте реформаға ұшыраған білім саласына баса мән беріліп, келелі мәселелер көтерілді. Әсіресе, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралардан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үштілділікке қатысты айтқан ұсынысы көпшіліктің талайдан бергі арманын тап басқандай болды.

Осы уақытқа дейін ел ішінде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқытуға қатысты әртүрлі сыни пікір айтылып келгені жасырын емес. Ана тіліндегі танымы, айналасын қабылдау деңгейі енді қалыптасып келе жатқан алты-жеті жасар бала үшін бірден ағылшынша меңгеру қиындық тудырады. Ағылшын былай тұрыпты ана тіліндегі кейбір сөздерді жаңадан ұғынатын жаста артық жүктеме жасау қауіпті деп санаймын. Ана тілін меңгеруді біз күнделікті ауызекі сөйлеу стилімен шатастырмауымыз керек. Баланы былай қойғанда, қазақтың әдеби тілін меңгеру үдерісінің өзі ұзақ жылдарға созылып жатады. Есейсек те, кейбір қазақ сөздерінің мағынасын сөздіктен қарауымызға тура келеді. Ал бірінші сыныптың оқушысы үшін тағы бір тілді меңгеру қаншалықты қиынға соғатыны айтпаса да түсінікті. Осы ретте Президент болашақ ұрпақтың алаңсыз білім алуын қамтамасыз ететін тиімді жол көрсетті. Ол жол – ағылшын тілін оқытуды бірінші сыныптан алып тастау.

Биылғы конференциядан түйгенім осы болды. Ел Президенті жиындағы сөзінде: «Үштілді білім беру жүйесін енгізу – күн тәртібіндегі өзекті тақырып. Ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет. Бұл – өте маңызды», – дей келіп, ағылшын тілін оқытуды екінші, үшінші немесе бесінші сыныптан бастау туралы ұсыныс айтты.

Тіл – ұлттың өзегі. Танымы ана тілінде қалыптаспаған бала болашақта ұлтына қызмет ете алмайды. Отаншылдық сезімі ортайып, қарсы келген жаһандық ағындарға шыдас бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда не дәстүрін, не тілін құрметтемейтін дүбәрә ұрпақ өсіп шықпасына кім кепіл?! Сондықтан, білім мен ғылым саласында қателесуге жол жоқ. Болашақ үшін бәріміз де жауаптымыз.

Қарлығаш НҰРҒАЛИЕВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шелек ауылы

Еңбекшіқазақ ауданы

* * *

ҰСТАЗ АБЫРОЙЫ: Биыл Елордада тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен мұғалімдердің республикалық тамыз конференциясына қатысуға мүмкіндік алдым. Онда көптен бері қордаланып келген біршама мәселенің басы қайырылды. Әсіресе, Мемлекет басшысының мұғалімдердің мәртебесін көтеруге ерекше мән беріп, жалақыларын екі есе өсіруге тапсырма бергені, ұстаз жүктемесінің қысқартылып, материалдық ынталандыру шараларының жүзеге асатыны құптарлық іс болды.

Соның ішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төленіп, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейетінін, магистрлік деңгей үшін қосымша төлем және өзге де ынталандыру шараларының жүзеге асатынын айтып өтті.

«Педагогтың мәртебесі туралы» заң жобасын жасаудың жыл соңына дейін аяқталатыны да ұстаздар үшін зор қуаныш. Ол заң жобасының мұғалімдер игілігіне қызмет ететіні кәміл. Бұл ұстаздардың алдағы жұмысына үлкен серпін беріп, шығармашылықпен ізденісті еңбек етуіне жарқын жол ашпақ.

Ұстаз бұрынғы беделін қайтарғанда ғана білім саласында алға басудың орын алары анық. Облысымыздан 74 делегат қатысқан осынау жиында оған көзіміз жете түсті. Мұғалімдердің мәртебесі айқындалатын күн де алыс емес. Біз соған қуанып қайттық. Жиын соңында ұстаздардың Мемлекет басшысының қолынан арнайы марапат алуы да көңілге медеу болды.

Күлшар БҰҚАБАЕВА,

Қарашоқы орта мектебінің директоры

Кербұлақ ауданы

* * *

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ ҰЗАРДЫ: Адам баласы үшін ортақ және қажетті мамандықтардың бірі дәрігер болса, екіншісі мұғалім екені даусыз. Өйткені, біріншіден, адам ауырса емделгісі келеді, ал, екіншіден, әркімнің де оқығысы бар. Сондықтан екеуі де халыққа қолжетімді болуы шарт.

Биылғы тамыз кеңесінде білім мәселесі кеңінен талқыланды. Әсіресе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалақыны екі есеге өсіру және еңбек демалысын ұзарту жөніндегі тапсырмалары көп көңілінен шықты. Ол: «Бүгінде мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр.

Экономикадағы орташа еңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім жүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есе арттыруды тапсырамын», – дей келе, барлық педагогтың еңбек демалысы 56 күнге дейін көбейеді деді. Себебі, мұғалім еңбегі лайықты бағалануы қажет.

Мені аса қуантқаны – Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл мәселеге баса мән беріп отырғаны. Әр адам ұстаздың алдынан өтеді. Сондықтан ұстаз әр адамның өмірінде ізін қалдырып, оның тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосады. Содан кейін де тамыз конференциясында бұл  мәселенің материалдық жағы да, жұмысты ұйымдастыру жағы да, ұстаздың беделі жайлы да ерекше айтылды.

2019 жылдың тамыз конференциясы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды оқыту тәсілін өзгертіп қана қоймай, ұстаз мәртебесін өсірген күн болып есте қалады.

Ажар ОМАРОВА,

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ескелді ауданы

 

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Мәжіліс отырысында Ринат Зайыт өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Қымыз ішкен адамды «ішімдік іштің» деп, жүргізуші куәлігінен айыру әділетті ме? – Ринат Зайыт

01.04.2026
Медицинадағы бақылау цифрлық форматқа көшті

Медицинадағы бақылау цифрлық форматқа көшті

01.04.2026
Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады

01.04.2026
Тыйым салынған кітаптарды сақтаған үшін айыппұл салынады

Тыйым салынған кітаптарды сақтаған үшін айыппұл салынады

01.04.2026
Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды

01.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.