Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІМ БҰРЫШ

10.08.2019
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІМ БҰРЫШ
WhatsAppTelegramFacebook

Рухани тәуелсіздік. Осы бір ұғымды кеңірек түсінгім келетіні бар. Ондай сәттерде қазақтың арман жолындағы жастарын тәуменділік тауқыметімен шідерлеп тастаған Алматыдағы Мұқағали Мақатаев пен Дінмұхамед Қонаев көшелерінің қиылысындағы «Жетім бұрыш» атты мекенге ат ізін саламын.


Жарқын болашаққа емес, келер айдың күнкөрісіне ғана жететін қиялыңыз тек баспананы ойлайды. «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, бәрібір тастамаймын астанамды» деп Қасым жырына еліткен жастарымыз да аз емес. Бізді қойыңызшы, атағынан ат үркетін Қасымдардың көрер күні осындай болған. Біздікі оның қасында сөз емес. Өзім ата-анамның қасында тұрған соң жанымдағы құрбыларым пәтер іздеп, кіммен тұратынын білмей бірінші курстың басында әбден әлек болғаны бар. Өзімді бір күн болсын сол қыздардың орнына қойып көргім келді. «Жетім бұрышқа» жол тарттым. Көзім бірден орыс тілінде жазылған пәтердің жарнамасын кеудесіне іліп алып, өріп жүрген «жеңгетайларды» шалды. Мұндағы пәтер іздеушілердің дені қазақ. Жалдаушылар… Әңгіме тіпті ол жайында емес. Мұражайдағы экспонаттардың астындағы түсіндірме мәтінге шұқшиған көрермендей әркім әр жерде ілініп тұрған алабажақ қағаздардан көз алмайды. Ана бір толықша апайдың қолындағы телефонына көзім бірден түсті. Үйіңізге айлап жүріп әрең орнататын телефонды даладағы жұмыс орнына құрғызып алыпты. Сөйлесу пунктінің қызметін мінсіз атқарып тұр.

Менімен алғаш болып алпысты еңсерген орыс кемпір тілдесті. Жалдайтын пәтері үй астындағы жертөле. «Кіммен тұрасың?» деп сұрақ қойды. «Құрбыммен» дедім. «Балаң бар ма?» дейді. «Бар» дей салдым. «А, онда жүре бер», – деп жүзі жылы болып тұрған әжей теріс бұрылып, кетіп қалды. 

Кішкене ғана осы әңгіме жүрегіме шаншудай қадалып үлгерді. Тотықұстай күнделікті тоқылдап жүрген демография мәселесінің күрмеулі жібі ғой мынау. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деуші еді ғой. Қасым көкемше: «Өлеңімнің отымен жылытармын өзімді, әйелімді, жас баламды…», –  деп кете бардым. Апамның арам пиғылынан арылмақ болып, мен де шеткері кетіп қалдым. Бұл бұрыш маңында өсіп тұрған теректің өзі біраз жайдан хабардар етіп тастайды екен. Ағашты айналдыра жапсырылған жарнамалардан көз сүрінеді. «Екі қызға пәтер жалдаймын» дейді мына бір шала сауатты парақша. Астына телефонын жыртып алуға болатындай жазған екен. Жұлма-жұлмасы шығыпты. 

«Вечеринка», «вечеринка» деген жуан дауысты естіп, жалт қарадым. Масаттанғандай телефонын алып, ішіндегі үйдің суреттерін көрсете бастады. Мынау асүй, ал мынау жатын бөлме. «Ішінде залы, билейтін жері, бильярд, сауна, теннисі бар. Бағасы отыз бес мың теңге», – деді. Бұл мекеннен бір адамға айына он мың теңгеге пәтер табуға болады. Ал мынаның күндік бағасын қараңыз.

Ол жерден дос таптым. Шымкенттің Сарыағашының қара қызы. Ұзынды-қысқалы екеуміз аз-кем пікірлескеннен кейін пәтерді бірге жалға алуға келістік. Оның қандай адам екені, немен айналысатыны беймәлім. Бір қараған жанға тәуір адам көрінеді. Әйтеуір, әркіммен сөйлесіп жүріп, ақшасы арзан бір пәтер де табылды.

Алғашында көп дүниені аңғармаған екенмін. Тегінде мүсіркегенді жек көретін адам едім. Бізді пәтер көрсетуге апарған жігіт мүсіркей қарайды. Онысын елемегендей «Айша Бибі» атанып кеткен Рысқұлов даңғылының бойындағы жаңа ықшамауданға жетіп үлгердік. Өзбектердің тоқал тамындай атшаптырым жерді алып жатқан бір үйге жеттік. Үй дегенім айналдырып салып тастаған «барак-тамдар». Кіп-кішкене есіктері бар. Әр есікте бір отбасынан. Есептей беріңіз, он бес есік егіз балапандай ауыздарын ашады. Бізге сол он бестің бірі бұйырар дегенбіз. Қателесіппіз. Жүк машинасының артына тіркейтін көшпелі вагондар болушы еді ғой, сондай екі вагон тұр. Ондай көріністі көрмеген мен таңқалып бір орнымда қақшиып тұрып қалдым. Есік-терезесі жабық. Біз келіспедік. Келіспегеніміздің ақысына уақытын алғанымыз үшін бес жүз теңге алды. 

Өмірдің өзі – сабақ екен. Мектептегі Күлтай деген апай сабағымды дұрыс оқымасам, бұрышқа тұрғызып қоюшы еді. Кей кездері орындық көтертіп қоятын. Енді, міне, өмір сабағында күшіміз әрең келетін пәтерақыны көтеріп «Жетім бұрышта» тұрмыз.

Осынау қоғамда әркім өз әлетінше өмір сүреді. Біреулері көш ілгері, енді біреулері қою шаңның ортасында. Кім біледі, бәрі біз ойлағандай болса, рухани тәуелсіздікке қол жеткізер ме едік? Пәтер өзіңдікі болса, өз тіліңде сөйлесең, өз қотырыңды өзің қасысаң… Әлемнің кейбір дамыған елдерінде Алматыдай далиып жатқан қалаға он бес миллионнан астам адам сыйғызады екен. Екі миллионға жетер-жетпес халқы бар біздің қалада елдің егесі қазақтардың «тауық күркесі» де жоқ. Тақырыпқа сай болған соң, Әлібек Шегебай деген ақынның бір өлеңін келтіргім келіп тұр. «Қорада емес, қабатты үйде тұратын, Алматыда иттер неткен бақытты», – деп жырлапты. Рас. Дым өтірігі жоқ. Хан сарайларда тұратын Алматыдағы рухтары тәуелсіз иттер неткен бақытты еді…

     Дана НҰРБОЛҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.