Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДҮРИЯ ЖАМЫЛҒАН КӨЛСАЙ

7 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ДҮРИЯ ЖАМЫЛҒАН КӨЛСАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы мен Талдықорған қаласынан тур операторлары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Тянь-Шаньнің інжу-маржаны» саналатын Көлсай мен Қайыңды көліне ақпарат туры ұйымдастырылды. Шараны облыстық туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы МКҚК өткізді.


«Qazaq Travel» компаниясының өкілі Жандос Нуриев бастаған ұйымдастырушылар 2 күн бойы жол бастап, Көлсай мен Қайыңдының көркем табиғатын көрсетіп, Саты ауылының тарихынан сыр шертіп, қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды. 

Айта кетерлігі, облысымызда курорттық аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағына өткен жылы тақтайдай тегіс тасжол төселді. Ол өз кезегінде туристер санының артуына оң әсер еткен. Мәселен, осыдан 10 шақты жыл бұрын Көлсайға бір жылда 6 мыңдай саяхатшы ат басын бұрса, қазір күніне мыңдаған адам келіп-кетіп жатыр. Осы жөнінде кеңінен баяндаған парк директоры Әміржан Малыбеков: 
– Ішкі туризмді дамыту жөнінде бүгінде үлкен мәселелер көтеріліп жатыр. Болашақта ұлттық парктің жұмысын жақсарту үшін біз бас жоспарды қайта қараудамыз. Бас жоспар қайта қаралып, мақұлданса, мұндағы туристік бағыттардың саны артады. Әзірге Көлсай көлдерінде 2 соқпақ, 4 маршрут бар. Табиғи паркке 2017 жылы 35 мың, өткен жылы 41 мың демалушы келді. Биыл бұл көрсеткіштің 1,5 есеге артқаны байқалады. Бұған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Көлсайға дейінгі жаңа автожол оң ықпал етті, – дейді. 

Отандық және шетелдік туристерді негізінен Алатаудың маржанына айналған Көлсай көлдерінің тұмса табиғаты қызықтырады. Мұнда 3 көл бар. Олар теңіз деңгейінен 1 818,2 252 және 2 850 метр биіктікте орналасқан. Облыстық туризм басқармасы мен өңірлік туризм және ақпарат орталығы ұйымдастырған тур барысында қатысушылар тауды атпен аралап, екінші көл мен Қайыңдыға дейін барып қайтты. Бұл жөнінде: 
– Жылына осы сынды 5 ақпараттық тур өткіземіз. Көктемде турды Шарын мемлекеттік табиғи паркіне ұйымдастырдық. Енді, міне, Көлсай көлдерінде, болашақта өзіміздің брендке айналған Сиверс алмасы өсетін Жоңғар Алатауының Жасылкөлінде, Іле Алатауы сияқты 5 ұлттық табиғи парктерде ақпараттық турлар өткізуді жоспарлап отырмыз, – деген облыстық туризм және ақпарат орталығының бөлім басшысы Мейрамбек Қуанышұлы жоспарларымен бөлісті. 
Ал португалиялық саяхатшы Филипп Миранда: 
– Маған Көлсайдың табиғаты мен қазақтың ұлттық тағамдары қатты ұнады. Таудың басында мынадай сұлу көлдер болады деп ойламаппын. Бұл – өз көзіммен көрген әлемдегі ең әдемі курортты аймақтардың бірі, – деген ол Көлсайдың кереметін көзбен көру керек дейді. 

Осыдан кейін барып шетелдіктердің көрікті Көлсайды көруге мыңдаған шақырымды артқа қалдырып келіп жатқанда, туған жеріңде осындай тұмса табиғаттың бар болғаны үшін кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді. Ең бастысы осы бір саф алтындай баға жетпес құнды дүниемізді сақтап қалып, келер ұрпаққа табыстауымыз керек деген ойлар мазаламай қоймайды. Өйткені, Көлсай – қазақ елінің тағы бір ұлттық бренді.

Қонақтардың Көлсайға кіру ақысы республикалық бюджетке түссе, келген қонақтарға қызмет көрсету арқылы ауыл тұрғындары табыс көзін ажыратып отыр. Олар жазда қонақтарға жол бастап, атқа мінгізіп көлге жеткізуден, үйлерін қонақүй ретінде жалдаумен, құрт-майы мен қымызын сатып, тамақтарын дайындауға дейін қызмет көрсетіп, нәпақасын тауып отыр. Сатылықтар жеке үйлерінде екі уақыт тамағы мен адам басына 7-10 мың теңге аралығында қонақ қабылдаса, киіз үйлерден адам басына 5-6 мың теңгеден орын алуға болады. Сондай-ақ, Саты ауылында да, Көлсайдың басында да заман талабына сай демалыс орындары бар. Мәселен, Саты ауылындағы екі адамдық демалыс орнының құны тәулігіне 15 мың теңге. Бірақ ол қызметке тек таңғы ас қана кіреді. Ал, Көлсайдың басындағы қонақүйде бір күн түнеп шығу – 8 мың теңге. Көлсайдың басында​ қазақ үйді де жалға алуға болады. Бағасы 25 мың теңгеге дейін барады. Ал дастарқан мәзірі үшін қосымша төлем қажет.

Көрсе көз тоймайтын, айтуға сөз жетпейтін Көлсайды тамашалап болған соң екінші күні журналистер Қайыңды көліне қарай бет алды. 1910 жылдары болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 600, ені – 300, ал тереңдігі кей жерлерде – 30, кейбір жерлерінде 40 метр. Қайыңды көлін бұқара халық «Аруақтар көлі» деп те атайды. Мұның сыры суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері судың ішінен 15 метрге дейін көтеріліп тұратындығында болса керек. Тағы бір атауы «Өлі көл», оның сыры – Қайыңды суында балықтың болмауы.

Алған әсерді сол кезде бірден көпшілікке ұсынудың жөні бөлек. Ол үшін жақсы интернет желісі керек. Бұл маңда Beeline, Kcell, Аctiv, Қазақтелеком байланыстары болғанымен, жылдамдығы өте баяу. Көлсай мен Қайыңдының өзінде байланыс мүлде жоқтың қасы. Отандық туризмді дамыту үшін ең әуелі интернет мәселесі шешілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Еңлік ҚАБДЕШ 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00
Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Қар мен боранға қарсы арнайы техникалар сақадай сай

Бүгін, 13:34
Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.