Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖЕКЕ-ЖЕКЕ СҰРАДЫ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАЛҒАРҒА БАРДЫ

29.07.2019
ЭКОНОМИКА
ЖЕКЕ-ЖЕКЕ СҰРАДЫ: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАЛҒАРҒА БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданына ресми іссапармен келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров бірқатар агроөндірістік кешенді аралады. Сондай-ақ, аудан жетістіктерімен және алдағы іс-шаралармен танысып, сапар соңында актив жиынына қатысты.

Бүгінде ауданның агроөндірістік кешенінде 2263 ауылшаруашылық құрылымы жұмыс істеуде. Оның 2161-і шаруа қожалығы, онда 11 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған.

Ауылшаруашылығында 9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,2 пайызды құраған. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласының өнім көлемі де 19,0 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құраған.

Өнеркәсібі өркендеген іргелі ауданға  ат басын бұрған Бағдат Сайланбайұлы «Баймене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс ырғағымен танысты. Аталған шаруашылық 2016 жылдан бастап тамшылата суару жүйесін пайдалана отырып, қарқынды бақ өсірумен айналысып келеді. Серіктістіктің жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 85 гектарды құрайды. Оның 40 гектарына екі жыл бұрын қарқынды бақ өсіру жобасын іске қосқандығы туралы «Баймене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Максим Коваленко әңгімеледі.

– Осы уақыттағы озық технологияны пайдалана отырып, алма өсірудің тиімділігі орасан зор екендігіне көзіміз жетті. Тамшылатып суару жүйесінің жабдықтарын Израильден әкеліп орнаттық. Бүгінде алақанға сыймайтын алманың «Джанатон», «Голден Делишес», «Гала», «Фуджи» сынды жаңа сорттарын Голландия мен Италиядан әкеп, өсірудеміз. Тез жерсінген алманың бұл сорттары 3,5х0,8 схемасымен отырғызылды. Жобаның жалпы құны – 520,0 млн. теңгені құрайды, – деген серіктестік басшысы осы жылы жалпы құны 1240,0 млрд. теңгені құрайтын 5000 тонналық жеміс сақтайтын қойманы іске қосу жоспарланғандығын және осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.

Панфилов ауылындағы 1,3 гектар аумаққа орналасқан «GREEN ECO» өндірістік жылыжай кешенінде көкпияз, аскөк, ақжелкен, руккола, ромэна сынды дәруменге бай көкөніс түрлері өсірілуде. Іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаған жылыжайдың жабдықтары Даниядан әкелінген. Дат технологиясының артықшылығы қоршаған ортаға зиянсыздығымен ерекше. Кешенде энергия үнемдейтін технологиялар орнатылған. Сондай-ақ, тағы бір басты артықшылығы, өнімді жыл бойы шығынсыз өсіру мүмкіндігі бар. Заманауи технологияға негізделген бұл агроөндірістік кешендердің аудан экономикасын арттыруға қосып отырған үлес қомақты.

Іссапар  барысында облыс әкімінің орынбасары Талғар қаласындағы «Keruen Plus» ЖШС жұмыс барысымен танысты. 2015 жылдан бері ПВХ профилі мен құбырлар, фитингтер өндірумен айналысып келе жатқан аталған кәсіпорында 140 адам еңбек етуде. Осы аталған өнімдерді бәсекеге қабілетті қазақстандық брендке айналдырып, ТМД аумағына шығаруды көздеген кәсіпорынның жұмысы жылдан-жылға ілгерілеу үстінде.

– Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, нәтижесінде 26900 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Өндірілген өнім көлемі 72,0  млрд. теңгені құрайды. Аудан бюджетіне кәсіпкерлік саладан 6,8 млрд. теңге түсім жиналды. Аудан экономикасын дамытуға 24,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, нақты индекс көлемі 133,5 пайызды құрады, – деді активте сөз бастаған аудан әкімі Рыскелді Сәтбаев.

– Осы уақытта 81,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Облыс әкімінің бастамасымен Талғар қаласындағы «Мелиоратор», «Бозторғай» шағын аудандарында 6 блоктық-модульдік қазандықтардың құрылысы жүргізілді. Бұл орталық жылу жүйесіне 23 көппәтерлі тұрғын үй қосылды, – деген аудан басшысы тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу жұмыстары жалғасатындығын баяндады. Сонымен қатар, 1046,5 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының жасалу жағдайына, ауызсумен қамтамасыз ету, аудандық білім және денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге де назар аударды.

Актив жиынында Бағдат Сайланбайұлы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшыларына атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жеке-жеке сұрақ қойды. Өз кезегінде аудандық аурухананың бас дәрігері Н.Құлсейітов, білім бөлімінің басшысы Қ.Айсабекқызы, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Е.Толқынов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Е. Алдатаев, тағы басқалары негізгі мәселелері мен ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Б.Манзоров ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқының тұрмыс-жағдайын жақсарту мақсатындағы нақты 10 бағытты жүзеге асыру шараларын тарқатты.  Сондай-ақ,  осы мақсатта талғарлықтардың жұдырықтай жұмыла атсалысатындығына сенім білдірді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.