Талдықорған: -0°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

КӨППЕН БІРГЕ КЕЛЕМІН ЖОЛ ҮСТІНДЕ

13.07.2019
РУХАНИЯТ
КӨППЕН БІРГЕ КЕЛЕМІН ЖОЛ ҮСТІНДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жомарт Игіман алпыстың асқарына шығып, оқырмандарына есеп беруде. Ақынның шілденің 19-ында Сарқан аудандық мәдениет үйінде «Өлеңнен өзімді іздеп… шаш ағарды» атты шығармашылық кеші өтеді. 

Біздің көңіл

Күні кеше көкті кезген, ай барып,
Біздің көңіл жерге түсті жайланып.
Тау аралап, теңіз кешкен еркіндік,
Отыр, міне, үйкүшік боп байланып.
Мынау кеше қарғып өткен ор еді,
Күбіжіктеп жүрмін оны айналып.

Қажып қапты қатар құрбы – құрдас қыз,
Біз жетісіп жүрген жоқпыз, мұңдаспыз.
Поп музыка дуалаған жастарға,
Жаға қоймас ескірген бір ырғақпыз.
Жаз жайлауым жатырқайды, шақырды,
Сап-сары ала жапырағын бұлғап күз.

Жаз дәуреннің естелік боп қалғанын,
Қызыл-жасыл дүниенің жалғанын.
Мойындайсың егделіктің салмағын,
Асу емес, еңіс екен алдағың.
Жиып-термес өкпе-назын өткеннің,
Сезіктенбес ілік тауып алғаның.

Думанды еді қала тұрмақ құла дүз,
Тап-таза еді біздің көңіл-тұмамыз.
Дауылдаттық, жауындаттық жасындай,
Енді бүгін сағыныш боп тұнамыз.
Кейінгілер керексінбей жүрмес пе,
Оқылмай ма бізден қалған жыр-аңыз
Һәм мұрамыз…

Жұлынған жапырақтарым

Қоғамды ақша арбаған,
Қынжылмайтұғын бар ма адам?
Қалайша қайран жоқ бұған,
Еріксіз елден кетті ұлан,
Екіге еркін толмаған.

Қимайды ол байтақ даланы,
Тілі жоқ… айта алмағаны.
Қимайды тағдырластарын,
Қинайды  шегара асқаны,
Жетімнің жаутаңдағаны.

Естілсе сонау жақтан үн,
Елеңдеп жолын тосқаным.
Бастапты жыраққа құдай,
Жанымды жылатқаның-ай,
Бимағлұм болашақтарым. 

Шетелде шер жұтқандарым,
Атады бейқұт таңдарың.
Үріккен құлынымдайсың,
Үзілген жұлынымдайсың,
Жаутаңкөз қарғыс  таңбалым.

Болса екен ашық аспаның,
Бөгдеге асыратқаным.
Бөлінген бүйрегімдейсің,
Жүдеген жүрегімдейсің,
Жұлынған жапырақтарым.

Қымыз

Басталды қызу тірлік айналамда,
Желінің қазығын қарт майлағанда.
Ноқтаға бас білдірген құлынына,
Исінген тоқ биені байлағанда.

Ас-дәмді дайындап жүр келін епті,
Ортаға піспек кепті, келі кепті.
Сыбанып ақ білегін апам сауған,
Саумалдың иісі алды төңіректі.

Бабамның қасиетті асы құнды,
Тер төгіп тауып берген нәсібімді.
Ашытып түнемелі қор салынған,
Сары қымыз екі тәулік сапырылды.

Ақ жеңгем пейілімен берген қымыз,
Күші мен құнарына сенген қымыз.
Қайыңның қабығымен күбі ысталып,
Бабына піскен сайын келген қымыз.

Бал қымыз арылмаған өрісті елден,
Жиегі ыдысының көбіктенген.
Алдымда пісуі анық жеткен қымыз,
Бойыңа бір аяғы желік берген.

Қазақтың қымыз ішкен жаны кірген,
Таралып тұла бойға, қаны жүрген.
Ұлтымның ұлылығын дәріптеген,
Айналдым баба дәстүр тәлімінен.

Жайлау

Жайлау, жайлау…
Қасиетіңе табындыр,
Балағымды таңғы шыққа малындыр.
Тау жолымен жетелейді биікке,
Ақтау, Суық, Биесыймас, Қараүңгір.

Тау қайнары аппақ көбік, ақ бұлақ,
Бейне құлын құлдилайды шапқылап,
Көрген жанның көкейінен өше ме,
Қарасырық, Аман, Тақыр, Ақшұнақ.

Тарих тұнған жақпарларда, тастарда,
Қол созым-ақ қалыпты ғой аспанға.
Құлынембес, сүттіген мен тауқонақ,
Көкемарал тынысымды  ашқан ба?

Жайлауыма көрік берген мал қандай,
Таулы қойнау жадырайды аймаңдай.
Жаз тұлғасын, гүл дидарын күн сүйген,
Кербез өлкем жүзінен бал тамғандай.

Жол үстінде

Кеңіп бара жатқан жоқ өріс күнде,
Тірлік сөлін аз әлде, көп іштім бе?
Өмір деген даңғыл жол білген жанға,
Көппен бірге келемін жол үстінде.

Пенде біткен жазмыштан қаша алмас та,
Өмір сүрдік әйкәпір атанбасқа.
Төңірекке тарылып қарағам жоқ,
«Жол болсын» деп тұрамын сапарласқа.

Бәз-баяғы оралмас бұлаң қалпым,
Қыр-сырына түздің мен сыналғам шын.
Жуа емес жолыма гүл біткені,
Көңілімнің кеңдігі шығар, бәлкім.

Мінгестім де кездескен көш көлікке,
Әуре-сарсаң көп көрдім, кептеліс те.
Апаттардан аманмын, опаттардан,
Өкініш жоқ сондықтан өткен іске.

Бойға қуат, жігер мен от бергесін,
Белгілі ғой беймағлұм босқа өлмесің.
Қалдырдым ба, жоқ па, әлде, соқпағымды,
Жолым мынау мезгілсіз шектелмесін.

Бұл дүниеге келмесең…

Өкінсең де зая өткен өмірге,
Бағынарсың жазмыш атты әмірге.
Тәнің төмен құлдиласа қабірге,
Жаның көкте қол ұсынар Тәңірге.
Ұмытылар ысынғаның, тоңғаның,
Ұмытылар аңсау, шаршау, арманың.
Бастырған соң топыраққа кеудеңді,
Тапсырған соң аманатын Алланың.
Арпалыстың өліп-өшіп, тынғанша,
Жанталастың көзіңе құм құйғанша.
Өтті дәурен нүкте қойып тірлікке,
Көшті жалған жанарды ашып-жұмғанша.
Келдің-кеттің, алдадың да алдандың,
Мойындадың кесімін бұл жалғанның.
Құлағыңа жетер ме, әлде, жетпей ме,
Әйбат сөзі, ғайбат сөзі қалғанның.
Ажал – ғайып, көнсең де осы – көнбесең,
Тар лақатқа тірі болсаң енбес ең.
Өкінішпен өтпес едің, өлмес ең,
Бұл фәниге келмесең…

Мазасыз әлем

Балалық қиял талпынып алысқа ұшқалы,
Ұзын-қысқалы қасқа жол бағыт нұсқады.
Туған үйімнен арманым алға асықтырып,
Есімде алып шыққаны.

Алдағы соқпақ-сүрлеудің біліп дерегін,
Ащы-тұщысын татуға үміткер едім.
Ұзын-қысқалы қасқа жол бағыт нұсқады,
Тоқтаусыз жүріп келемін.

Шың-құзға шығып, қиялым асқарға мінген,
Қолтықтан демеп шабытым аспандадым мен.
Іздендім тынбай тереңдеп дүниетанымым,
Бөлістім тапқандарыммен.

Мазасыз әлем жан-жағым, жанталас әр күн,
Тірліктің жүгін төзіммен арқаға таңдым.
Тапқаным көп пе, дәм-тұзын татқаным көп пе,
Ойымды ортаға салдым.

Бабамнан қалған байыптап асыл мұраны,
Сан жылдар жиған-тергеннің басын  құрадым.
Жазғандарымды ұсындым, ойлы оқырманға,
Болса деп татымды дәмі…

Жомарт ИГІМАН

 

Қатысты жаңалықтар

Ақ түтек борандағы апат: Полицейлері алты адамды ажалдан арашалап қалды

Ақ түтек борандағы апат: Полицейлері алты адамды ажалдан арашалап қалды

05.02.2026
Жастар таңдауы: Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

Жастар таңдауы: Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі

05.02.2026
Қар басу қаупі жоғары 157 шақырым. Жетісудағы жолдар бақылауда

Үшарал – Достық тас жолында қозғалыс шектелді

05.02.2026
Президенттің The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

Президенттің The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

05.02.2026
Жетісу облысында жер сілкінді

Жетісу облысында жер сілкінді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.