Талдықорған: +16°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

«ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ БЕРІЛЕДІ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

05.07.2019
ӘЛЕУМЕТ
"ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ БЕРІЛЕДІ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Салтанат сарайында Алматы облысы әкімдігінің, «Жасыл экономика» G-Global дамыту Коалициясы мен «EXPO&WOMEN» ХҰ» ЗТБ-ның, «Coca-Cola» халықаралық компаниясының, сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы ауылдағы өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру» тақырыбында іскер әйелдер форумы өтті.

Шара жұмысына «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры Іле ауданы «Прогресс» жекеменшік политехникалық колледжі, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастық қоры, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы да өз деңгейінде қолдау көрсетті.

Шараны облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев жүргізіп, алдымен облыстағы кәсіпкерлікті қолдау мен іскер әйелдерге көрсетілген қолдау барысын сөз етті.

– Елбасы өткен жылғы халыққа Жолдауында «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруды тапсырған еді. Бұл бастаманың мақсаты – ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ондағы сан саланы өркендету. Демек, ауылды өркендету елімізді дамытудың басты шарты. Жоба аясында ауыл кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыру, сан саланы дамыту бойынша бірқатар шара көзделген. Олар ретімен іске асуда. Атап айтқанда, облыстағы әйелдердің үлес салмағы денсаулық сақтау саласында 81, білім беруде 71,2, қаржы саласында 70,7, мәдениет саласында 62, ауылшаруашылығында 33,6, өнеркәсіпте 32,9, құрылыс саласында 10,3 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 3,5 мың адам жұмыспен қамтылып, көпбалалы отбасы мүшелерінің үйде жұмыс істеуіне жағдай жасалып, 150 грант пен шағын несие бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақыттада жалғасын табады, – деді ол.

Жиында өз ойымен бөліскен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қаракөз Сүлеймен:

–  Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлікпен айналысатындардың тең жартысы нәзік жандылар. Қазақ әйелі қай заманда да өзінің еңбегімен еленген. Бұдан кейін де солай бола береді. Қазір елімізде іскер әйелдер 500 мыңға жуық орта және шағын кәсіпорынды басқарып, 1 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Халықтың демографиясын арттырып отырған алтын құрсақ аналар саны 500 мыңнан асады. Оларға мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік көмек көрсетілуде, көрсетіледі, көрсетіле бермек. Демек, ауыл әйелдерінің кәсіби деңгейін өсіру Ұлттық комиссияның негізгі мақсатының бірі, – деді ол.

Іскер әйелдердің тәжірибесін жинақтап, қоғамның өркендеуі үшін пайдалану — алда тұрған міндет. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова айтып берді.

– Коалиция бастамасымен облыстарда ауыл әйелдерінің форумын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірінші рет Жетісу жерінде ұйымдастырып отырмыз. Сол үшін аймақ басшылығына алғысымызды білдіреміз. Негізгі мақсатымыз – ауылдағы әйел кісілерге бизнес ашудың мүмкіндігін айту. Өздеріңізге белгілі, 7 жылдан бері елімізде «Coca-Cola» белестері» атты үлкен бағдарлама жүріп жатыр. Осы арқылы ауыл әйелдерін оқуға шақырамыз, бизнес жобасын жүзеге асыруға көмектесеміз және озық идеяларға 4 мың долларға дейінгі көлемде қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетіледі. Сондықтан, бизнес ашамын деген ауыл әйелдері өз жобасын тамыз айының 20-на дейін бізге тапсыруы керек. Жеңімпаздарға қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ІІ республикалық ауыл әйелдерінің форумында қаржылай көмек тапсырылады, – деді ол.

Облысымызда «Соса-Соlа» белестері» бағдарламасы бойынша қаржылай көмек алып, өз жобасын жүргізіп отырған бірқатар кәсіпкер бар. Олар да бүгінгі форумға шақырылып, көпшілікке өз тәжірибелерін таныстырды. Сол қатарда «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елана Ожго аталмыш әлеуметтік жобаның жүзеге асуы туралы айтып берді.

Пленарлық мәжілістен кейін «Менің жетістігімнің тарихы» шеруі ұйымдастырылып, Іле ауданындағы «Прогресс» жекеменшік политехникалық колледжінің директоры, «Менің жетістігімнің тарихы – 2018 жыл» номинациясының лауреаты Жанна Телпекбаева өз тәжірибесімен таныстырды. Сондай-ақ, қараша айында өтетін Қазақстанның ауыл әйелдерінің екінші форумына делегат ретінде қатысатын лауреаттар жетістіктерімен бөлісті. Осыдан кейін «Соca-Cola» белестері» жобасының 2013-2018 жылдардағы жеңімпаздары және «Пекин: ЕХРО-2019» іс-шарасына қатысушылардың диалог алаңы құрылып, Денис Теннің «Экоферма» Жасыл технологиялар орталығының тәжірибесі» атты шеберлік сабағы өтті. Сол қатарда Жанна Телпекбаеваның «Қызметкерлерді тарту мен ынталандырудың жолдары» және  Бақытгүл Елшібаеваның «Қазіргі заманғы бизнес басқару дағдылары» атты тренингі көрсетілді. «Ауылда жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған қолжетімді бағдарлама» (Отбасылық фермерлік шаруашылықтарды дамыту қоры және «Investment Consulting Agency» ЖШС) жобасының тұсаукесері өтті.

Қажет АНДАС

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026
Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

Бір түп ағаштан – бүтін бір кәсіп: Саят Құрманбаевтың бағбандық құпиясы

12.04.2026
Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.