Талдықорған: +4°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ақын Орысбай ӘБДІЛДАҰЛЫ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ

20.06.2019
РУХАНИЯТ
Ақын Орысбай ӘБДІЛДАҰЛЫ 80 ЖАСҚА ТОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Аудандық Мәдениет үйінде белгілі қаламгер, Қазақстанның Құрметті журналисі, Алматы облысы мен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Орысбай Әбділдәұлының 80 жасқа толуы аталып өтті. Ақынын алақанға салып, ардақтауды айнымас дәстүрге айналдырған ел азаматтары сахна төрінде оған лайықты сый-құрмет көрсетті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Бағдат Әлиев ақындар мен батырлар елінен түлеп ұшқан мерейтой иесіне жүрекжарды ізгі тілегін білдірді. Ел мен жер, өткен мен бүгін жайлы сабақтастыра отырып, танымдық тағылымы мол тамаша туындыларды өмірге әкелген жазушының еңбегі сахна төрінде әр қырынан әңгімеленді. Сексеннің сеңгіріне көтерілген жазушыға деген телегей тілегін белгілі академик-ғалым Төлеген Қожамқұлов ақтарды. Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевтің жолдаған ыстық ықыласы жеткізілді. Көпшілік алдында қаламгердің «Тәуекел тағдыр тұмар» атты кітабының тұсауы кесіліп, жаңа жинақ алғашқы оқырманының қолына тиді.

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы жүргізген кеште қалың оқырманына рухани құнды дүниелер сыйлаған шығармашылық иесі жайлы қаламдастар жылы лебіз білдіріп, сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесінің өмірі мен шығармашылығынан сыр тарқатты. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары ақын Бауыржан Жақып, Ырым Кененбаев, ұзақ жыл қызметтес болған қаламгер Мархаббат Байғұт, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары, ақын Нүсіпбай Әбдірахым, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Қайырниса Жұмашева, белгілі ақын Рафаэль Ниязбек сияқты ақын-жазушылар лебіздерін айтты. Замандастары өткен күндерден қызықты естеліктерімен бөлісіп, арнау өлеңдер оқылды. Қаламгердің азаматтық тұлғасы мен шығармашылық қарымы баса айтылып, балалық шағы туралы қойылым көрермен назарына ұсынылды. Жетісудың жезтаңдай әншісі Ұлжан Айнақұлова, аудандық «Сүйінбай сазы» ансамблінің әртістері әннен шашу шашып, бишілер мың бұрала биледі.

Мерейтой иесінің сан түрлі өнерді бір бойына жиғаны да жан-жақты атап өтілді. Спортқа жаны құмар жан жас кезінен күреспен, ауыр атлетикамен айналысқан. Күрестен студенттер арасындағы спартакиадада топ жарып, қалалық, республикалық жарыстарда чемпион атанған. Салауатты өмір салтын жанына әлі де серік етіп келеді. Сексеннің босағасынан енген ақынның қимылы ширақ, санасы сергек. Жүріс-тұрысына қарап әлі де спорттың ауылынан алыстамағанын байқайсыз. Оның тамаша тағы бір қыры – домбыра шертіп, ән салатындығы. Небір дастан-қиссаларды жатқа айтады.

Бойына жеті өнер дарыған ақын 1939 жылы осы ауданның Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебін бітіріп, үш жыл әскери борышын өтейді. Еңбек жолын түрлі салада қарапайым жұмысшы болудан бастаған ол 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітіріп, «Балдырған», «Лениншіл жас», «Жетісу» газет-журналдарында, «Жалын» баспасында ұзақ жыл жемісті еңбек етті. Жазушылар одағының мүшесі, «Баспасөз саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Орысбай Әбділдәұлы алдаспан жырдың алыптары Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі бабалардың сара жолын жалғастырған ақын. Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты. Жиырмадан аса прозалық және поэзиялық кітаптардың авторы. Ұшқыр қаламынан туған тың дүниелері оқырман жүрегіне жол тауып, бүгінде қазақ әдебиетінің асыл қазынасына айналды.

«Әттең, дүние-ай, осы ауданнан шыққан небір ақын-жазушылар сексен жасын көрмей өмірден өтіп кетті. Солардың аруақтарының алдында басымды иемін. Осы жасқа келгеніме шүкіршілік етемін. Ақынын алқалаған ел-жұртыма ризамын, рахмет», – дейді ақсақал ақын, қаламы қарымды журналист, «Жетісу» газетінің ардагері Орысбай Әбділдәұлы.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Он сегізде от кешкен

Он сегізде от кешкен

05.02.2026
«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

05.02.2026
Менің атам – майдангер

Менің атам – майдангер

05.02.2026
Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

05.02.2026
Келешек инвестициясы

Келешек инвестициясы

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.