Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ ЕСЕП БЕРДІ

18 мамыр 2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Достық үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің ІV пленумы өтті. Есептік кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және ұйым мүшелері қатысты. 


Пленумның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Ермек Әбілмәжінұлы баяндама жасады. Жеңістің 75 жылдығына дайындық  жұмысына тоқталған Е. Келемсейіт: 
– Бүгінде облысымызда 220 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның  91-і – Ұлы Отан соғысының ардагері, 12 мыңнан астамы соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жан. Жыл бойындағы жұмыстардың барлығы зейнеткерлердің мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй мәселелерін жақсартуға, дәрігерлік көмек көрсетуге, зейнеткерлердің қоғамдық  жұмыстарға қатысу белсенділігін арттыруға, жастарымызға ата-бабаларымыздың патриоттық, еңбектегі озық тәжірибелерін насихаттауға бағытталды, – деді. 

Аудандар мен қалаларда комиссиялар құрылып, әрбір ардагерге әлеуметтік карта ашылып, мұқтаждық деңгейі анықталды. Соның нәтижесінде облыс бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық шығындары, жылу, ыстық, суық сумен, газ, жарықпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 12,1 млн. теңге жұмсалды. Ауылдық жерлерде тұрмысы төмен зейнеткерлер демеушілер көмегімен малға жемшөп, отын, көкөніспен тегін қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ардагерлердің денсаулығын нығайту үшін өткен жылы облыс бюджетінен 14,8 млн. теңге бөлінген.  «Былтырғы жылы Қарттар күніне орай орталық кеңес Үндеу жариялады. Соның аясында «Көп жасаған қария, ақылы теңіз, дария» атты тақырыппен  шаралар ұйымдастырылды. Барлық аудан, қалаларда қайырымдылық шаралары өтіп, оған 55 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Облыстық ардагерлер ұйымы 30 жалғызбасты зейнеткерге азық-түлік пакетін ұйымдастырды, – деген төраға жыл бойына атқарылған шараларға тоқталды. 

Баяндама аяқталған соң жарыссөзге шығушыларға кезек берілді. Алакөл, Балқаш, Кеген, Кербұлақ аудандық және Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары мінберге шығып, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, олар да өз тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, жоспарларын талқыға салды. 
Жиында ағымдағы жылы денсаулық  жағдайына байланысты құрамнан шығып, жаңадан қосылған мүшелері таныстырылды. Жиын соңынан бес мәселені қамтыған пленум Қаулысы қабылданды. Онда басты назар Жеңістің 75 жылдығын өткізуге бағытталған шаралар легіне аударылды. 

Есеп беру жиыны аясында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысы ардагерлер хорының концерті өтті. Өнерпаз қарттар түрлі тақырыптарды қамтыған әндерді шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев сөз сөйлеп, еңбегі сіңген бірқатар азаматты марапаттады. 

Концерттік бағдарламада 19-дан аса ұлттық, патриоттық және эстрадалық ән шырқалып, билер мен күмбірлеген күйлер жиналған жұртшылықты баурап алды.

Еңлік ҚАБДЕШ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.