Талдықорған: -1°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

МӘМС: ДӘРІГЕРГЕ КІРУ ҮШІН КЕЗЕК КҮТПЕЙСІЗ

03.05.2019
ДЕНСАУЛЫҚ
МӘМС: ДӘРІГЕРГЕ КІРУ ҮШІН КЕЗЕК КҮТПЕЙСІЗ
WhatsAppTelegramFacebook

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 1 шілдедегі №389 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылып, 2017 жылдың 1 маусымынан жұмысын бастады.

Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді. МӘМС қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сай медициналық көмек беретін, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Қор құрылтайшысы – Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметі. Әлеуметтік сақтандыру қорының шығындары мемлекеттік, тәуелсіз және корпоративтік болып үш жақты бақыланады.

Қазіргі таңда медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субьектілерінің мәліметтер базасында 107 субьекті бар. Оның 51-і (48%) мемлекеттік, 56-сы (52%) жекеменшік. 2019 жылы барлығы 82 медициналық ұйым филиалмен келісім шартқа отырды. Оның 48-і (58,5%) мемлекеттік болса 34-і (41,5%) жекеменшік. МӘМС-ке мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, өз бетінше ақы төлейтіндер (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ ҚР-дан кеткен азаматтар) қатыса алады. Ал жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері, мемлекеттік құқықтық сипаттағы шарттарды жасаған тұлғалар, жұмысшылар мен өз бетінше ақы төлейтіндер төлем жасайды.

Мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін жарналарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылының орташа айлық жалақысынан2020 жылы 1,4,  2021 жылы 1,6, 2022 жылы 1,7 пайыз төлейді.

Азаматтардың жеңілдік санатына балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа толғанға дейін бала тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам, жүктілікке және босануғабайланысты демалыстағы адамдар, жаңа туған баланы асырап алғандар, мүгедек баласының күтіміне байланысты жұмыс істемейтін, бала шақтан бастап бірінші топтағы мүгедектеркүтімімен отырған, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, қылмыстық-атқару мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүргендер, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздар, тергеу иззоляторында отырған адамдар жатады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар үшін тегін қызмет көрсетіледі. Оған жедел жәрдем және санавиация, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, профилактикалық егу, медициналық скрининг тексеру, созылмалы ауруларды қадағалау,сауықтыру,емдеу,әлеуметтік маңызды ауруларға медициналық, әлеуметтік көмек, кеңес беру, диагностика, күндізгі стационарлық, шұғыл медициналық, қан құю, туберкулезді тегін емдеу, оңалту емі, қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға паллиативтік көмек, паталогоанатомиялық диагностика жатады.

МӘМС пакеті әр адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек көрсету және болашақ ұрпақтарға негіз қалау қағидасы негізінде құрылды. ҚР ДСМ 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «Өңірлер бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру туралы» №716  бұйрығы негізінде Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 42 тармағына сәйкес 2018-2019 жылдарға арналған алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуші ұйымдарда жалпы тәжірибелік дәрігерлердің қосымша учаскелерін ашу жоспары бекітілді. Келісімшартқа сәйкес қызметтерді жеткізуші бір учаскеде 1700 адамнан аспайтын халыққа қызмет көрсететін аумақтық учаскелерді ұйымдастыру арқылы жалпы тәжірибелік дәрігерлердің жүктемелерін азайтуды қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл қолжетімділікті арттырады, кезектілікті төмендетеді, осылайша қабылдау сапасына да әсер етеді, өйткені, дәрігер емделушіге көп уақыт бөле алады. Осы бұйрықты орындамағандар үшін айыппұл санкциялары енгізілген.

Жедел жәрдем жұмысына өзгерістер енгізілді. ҚР ДСМ 2017 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 450 бұйрығымен жедел жәрдем көрсетудің жаңа ережелері бекітілді, ол жедел медициналық көмекке шақырулардың 4 санатты жеделдігі бойынша көрсетілетін көмектер.

Бұл жаңашылдықтар емдеуге жатқызуға дейінгі өлім-жітімді азайтуға бағытталған.Алғашқы үш санатқа жедел медициналық көмек станциясы деңгейінде, төртінші санатқа емханалар жанындағы шұғыл медициналық көмек бөлімшелері деңгейінде қызмет көрсетілетінін атап өту қажет, яғни емханалар жанындағы шұғыл көмек орталықтары тәулігіне 24 сағат шақыруларды қабылдайды.Тәжірибе бойынша осы аталған жұмыстар оң нәтиже беріп келеді.

Майра АЙТУАРҚЫЗЫ,

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ медициналық қызмет сапасын мониторингтеу бөлімінің эксперт маманы

 

Қатысты жаңалықтар

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026
Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

12.03.2026
Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

12.03.2026
Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.