Талдықорған: -3°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

БИЫЛ ДӘРІГЕРЛЕР 8 ШИПАЖАЙДА ДЕМАЛАДЫ

08.04.2019
ДЕНСАУЛЫҚ
БИЫЛ ДӘРІГЕРЛЕР 8 ШИПАЖАЙДА ДЕМАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Н.Назарбаев: «Кәсіподақ ұйымдары еңбек жанжалдарын шешуге, еңбекшілердің құқықтарын қорғауға, еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етіп, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы басты медиатор болып отыр», — деп кәсіподақтар миллиондаған жұмысшы үшін еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті жақсартып келетіндігін атап өткен болатын. Қазіргі таңда Алматы облысында мыңнан астам кәсіподақ ұйымы бар. Солардың бірі — «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Алматы облыстық филиалы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалап отыр. Гиппократ антын қабылдаған мамандардың жетістіктері мен түрлі мәселелері ұйым назарынан тыс қалмақ емес. Осы ретте қоғамдық бірлестік төрағасы Айбол ИСАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

— Кәсіподақтың атқарып жатқан жұмысына тоқталып өтсеңіз.

— Біз 2018 жылы маусым айында құрылып, жұмысымызды бастадық. Мақсатымыз — әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ету, еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту, медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыру. Негізгі міндетіміз — кәсіподақ мүшелерінің ар-намысын, іскерлік беделін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың біліктілігін арттыру, ең бастысы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, еңбек етуге және демалысына барынша қолайлы жағдай жасау.

Құрамымызда қаламыздағы және Қаратал, Ұйғыр аудандарынан 13 мекеме бар. Қазіргі таңда жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттау, жастардың бойына  ізгі қасиеттерді сіңіру мақсатында   өмірлік қиын жағдайға түскен тұлғаларға арналған уақытша бейімдеу орталығында тұратын азаматтарға демеушілердің көмегімен Наурыз мерекесін өткіздік. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларымен де жиі айналысамыз.

Медицина қызметкерлеріне екі рет спартакиада өткіздік. Тәуелсіздік күні қарсаңында ерлер арасында волейболдан турнир ұйымдастырдық. Шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтап, жастарға үлгі ету. Ерлер арасындағы турнирге облыстық аурухана, туберкулезге қарсы диспансер,  онкологиялық диспансер, кардиологиялық орталық, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы, жедел-жәрдем станциясы, қалалық емхана мен №2 емхана,  Ескелді аудандық орталық ауруханасы, Қаратал аудандық орталық ауруханасы, сот медициналық сараптама орталығы, Талдықорған медициналық колледжінің командалары қатысып, өзара бақ сынады. Талдықорған медициналық колледжінде өткен екі күндік жарыс қорытындысына сәйкес 1 орынды Талдықорған қалалық №2 емханасы, 2 орынды Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы, 3 орынды Қаратал аудандық орталық ауруханасы иеленді. Сонымен қатар А.Нұржанов «Үздік  ұйымдастырушы», І.Жұманов «Үздік қорғаушы», Т.Өтемұратов «Үздік ойыншы», А.Медеуханов пен Ш.Хабибулаев «Үздік шабуылдаушы», М.Әзімханов «Үздік қорғаушы» аталымдары бойынша марапатталған болатын. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек»-деп атап өткен болатын. Осы орайда мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз.

— Жақында Қызылорда қаласында республикалық форум өтті. Жерлестеріміз жақсы нәтижемен оралды. Марапаттарыңыз құтты болсын!

— Рақмет! 2018 жылы қыркүйек айында Меркеде ауқымды форум өткен болатын. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Қызылорда қаласында денсаулық сақтау саласының оңтүстік өңірлік «Мәңгілік ел – салауатты ұрпақ» атты жастар форумы  өтті. Өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Дүйсенов,  Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова қатысты. Аталмыш форумға Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облыстарынан медицина саласында еңбек етіп жүрген 150 жас маман келіп, біліктіліктерін арттырды.

Біздің  облыстан 20 делегат барып, бірқатары марапатқа ие болды. Ұйғыр ауданына «Дипломмен ауылға»  мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан дәрігер Сайяра Асанова, Қаратал орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері Арман Абдильданов, облыстық онкология диспансерінің «Медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің» басшысы Дархан Атанаев, облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігер кардиореаниматологы Нұрдәулет Бөріқұлов 500 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, Қаратал ауданы Көпбірлік ауылдық дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Әсем Құдайбергеноваға ноутбук табысталды. Кәсіби мамандармен қатар Талдықорған жоғары медициналық колледжінің білімгерлері атсалысып, концерттік бағдарлама ұсынды. Нәтижесінде жүлделі 2 орынға ие болдық. Осы орайда колледж директоры Серік Жансеңгіровке, ұйымдастыру шараларын жүргізген Бақтияр Уәлиханұлына, белсене атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін.

— Ағымдағы жылы қандай шаралар өткізу жоспарлануда?

— 12 мамыр — медицина мамандары күні, маусым айындағы медицина қызметкерлерінің төл мерекесі, кәсіподақ күні, балалар күніне орай бірқатар шараларды жоспарлап отырмыз.  Өзім дәрігер-терапевт болғандықтан бұған немқұрайды қарай алмаймын. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің балаларына арнап жазғы лагерь ұйымдастырсақ деп отырмыз. Курорттық-санаторлық демалыс орындарына жіберу бойынша еліміздегі 8 шипажаймен келісімшартқа отырдық. Оның ішінде өзіміздің өңірмен қатар Оңтүстік Қазақстан және Көкшетау, Жаңақорған аймағы да бар. Жоспарымыз көп. Көрікті орындарға экскурсия, Алакөлге демалыс сынды шаралар да бар. Ең жағымды жаңалықтың бірі «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  баспаналы болу мәселесі назардан тыс қалмақ емес. Осы бағытта біз де үлес қосып, шамамызға қарай бастапқы жарна төлеуге көмек көрсетеміз.

Бүгінгі таңда құрамымызда 3298 адам бар.  Аз да, көп те көрсеткіш емес. Бұл нәтижеге 100 пайыз қол жеткізген облыстар бар. Біз де бұл белеске жетеміз деп сенемін. Кәсіподақтың құрылғанына көп уақыт болмаса да, атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Сондықтан, барша медицина мекемелерін қатарға қосылуға шақырамын.

Сұхбаттасқан — Назерке ӘДІЛБЕКОВА

Қатысты жаңалықтар

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026
Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

12.03.2026
Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

12.03.2026
Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.