Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ВОЛЕЙБОЛ: АЛТЫН «АЛТАЙҒА» КЕТТІ

7 сәуір 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ВОЛЕЙБОЛ: АЛТЫН "АЛТАЙҒА" КЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Апта бойы Талдықорған қаласын дүбірге бөлеген əйелдер арасында волейболдан ел чемпионаты өз мəресіне жетті. Бəсекенің соңғы үш күні тіпті тартысқа толы болды. Финалға шыққан «Жетісуы» мен Өскеменнің «Алтайы» жанкүйерлердің делебесін қоздырып, нағыз чемпионға лайықты өнер көрсетті.

Шиеленісті өткен кездесудің бірінші кезеңінде жарыс қожайындары жеңіске жетсе, екінші күні қонақтар ұтты. Ал алтын жүлденің тағдыры үшінші күні анықталды. Нағыз бабына келіп, бар күшін салған алтайлықтар жеңісті жұлып алды. «Жетісу» командасы қанша қарсылық танытқанымен өскемендік командаға шамалары жетпеді. Есеп 0-3. Екі команданың да ойыны тамаша болды.

«Алтайда» шабуылшы Сана Анарқұлованың соққысы зеңбіректің оғындай ұшып, діттеген жеріне түсіп жатты. Тіпті, тосқауылды бұзып-жарып, əр соққысы ұпайға айналды. Ал «Жетісуды» Сара Лозо алға сүйреді. Алаңның кез келген нүктесінен ұратын шынашақтай қыз көптің көңілінен шықты. Бір өзі бір командадай ойын көрсетіп, сойқан соққысымен ерекшеленді. Өкінішке қарай алтынды уысынан шығарып алды. Бір сөзбен айтқанда, Сара мен Сана волейболдың ханшайымы деген атқа толық лайықты болды.

Чемпионаттың үшінші орнын «Ертіс» командасы жеңіп алса, алтын «Алтайға» кетті. Күміспен күптелген «Жетісу» келер жылғы чемпионатта алтынға ілініп қалар деген үмітпен тарқасты жергілікті жанкүйерлер. Сонымен қатар, үздік ойыншы мен төрешілер де марапатталды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды Алматы облысының əкімі, Алматы жəне Алматы облысы волейбол федерациясының президенті Амандық Баталов марапаттады.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.