Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА АУДАННЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

6 сәуір 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА АУДАННЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Райымбек ауданына облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов келіп, алдағы жоспарлармен танысты.

Алдымен Нарынқол ауылының тау жағынан жаңадан салынатын спорттық-сауықтыру кешенінің орнын көрді. Кешен салынатын 4069,7 шаршы метр жер тереңдетіле қазылған, іргетасын қалауға дайын. Облыс әкімінің орынбасары нысан құрылысына жауапты «Фуд МС» ЖШС директоры Сейітжан Құсайыновпен тілдесіп, жұмыс жайымен танысты. Бұдан кейін аудан орталығындағы бұрынғы Нарынқол ауылдық әкімшілігі орналасқан ғимаратқа жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Құны 176 миллион теңге тұратын құрылыс жұмысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде «Фуд МС» ЖШС арқылы жүргізілуде. Келесі айдың соңында бітеді деп жоспарланған екі қабатты ғимаратқа кірістер, статистика  және қазынашылық басқармалары орналасатын болады. Алдағы уақытта ғимараттың артынан халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық архив бой көтермек. 
Облыс әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов бұдан соң бұрын аудандық прокуратураның мекенжайы болған ғимаратқа жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Аталған ғимараттың жанына қосымша тағы бір нысанның іргетасын қалау жұмысы жүргізілуде. Бұл ғимараттар толығымен біткен соң халыққа қызмет көрсететін мекемелер орналасады.   
Қарқынды құрылыс аудан әкімдігі орналасқан үш қабатты ғимаратта да жүріп жатыр. Өткен жылы қолға алынған істі мамыр айының аяғына дейін аяқтау жоспарланыпты. Ғимараттың шатыры ауыстырылып, ескі сылақтары түсіріліп, сейсмикалық күшейту жұмыстары толығымен орындалған. Жаңадан есік, терезелер орнатылған. Дәл қазіргі уақытта ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде. 496 миллион теңге тұратын күрделі жөндеу жұмысы Сәбит Қалимолдаев басқаратын «Гуни Строй Сервис» ЖШС-на жүктелген. Нысандарды аралап шыққан соң облыс әкімінің орынбасары аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында шағын жиын өткізіп, өңірдегі құрылыс жұмыстарын жан-жақты сөз етті. Өз кезегінде аудан әкімі Жолан Омаров:
– Биыл Райымбек ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы, мұрағат, азаматтарға арналған үкімет ғимараты, прокуратура, өрт сөндіру мекемесі, Нарынқол ауылдық әкімшілік ғимараттары мен 83 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы қолға алынады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті филиалының ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Мұның сыртында 8 қызметтік тұрғын үй салу жоспарда тұр. Аудан аумағындағы Текес, Сарыбастау, Шалкөде, Жамбыл ауылдық әкімдіктерінің жаңа ғимараты бой көтереді. Жамбыл, Сүмбе ауылында жаңадан Мәдениет үйі тұрғызылады. Қақпақ, Жамбыл ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қолға алынады. Аудан орталығынан күн сайын 250 адам қабылдайтын емхана салынып, жалпы көлемі 54 шақырым болатын көше жолдарының 29,5 шақырымы асфальтталады. Мұның бәрі қайта қалпына келген аудан үшін үлкен жақсылық, – деп алдағы жоспармен бөлісті.
Атқарылған іске ризашылығын білдірген облыс әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов аудан және  мердігер компания басшыларына аталған құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде сапалы бітіріп, уақытында пайдалануға беру жөнінде тапсырма берді.

Қ. САТЫБАЛДЫ
Райымбек ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.