Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЗАМАНАУИ КОЛЛЕДЖ: ТҮСКІ АС ТЕГІН БЕРІЛЕДІ

05.04.2019
КҮНДЕРЕК
ЗАМАНАУИ КОЛЛЕДЖ: ТҮСКІ АС ТЕГІН БЕРІЛЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге лайықтысын таңдау да, кәсіпті меңгеру де оңайға түспесі анық. Бұл тұста нені бағдар етіп ұстау керек? Бұл — әрбір жасты толғандыратын сауал. Әсіресе, жастарды мектеп бітіргеннен кейін қандай мамандық иесі болған жөн, қай оқу орнын таңдаған дұрыс деген сұрақ жиі мазалайды. Міне, осы сауалдарға жауап іздеу мақсатында Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Әсет ЖҰМАДІЛОВПЕН сұхбаттасқан едік.

– Әсет Қазыйұлы, бүгінгі мектеп бітірушілер мамандықты қалай таңдағаны дұрыс? Бірінші кезекте кәсіптік білім меңгергені жөн бе, әлде жоғары оқу орнына бірден барғаны абзал ма?

– Өмірде адам үш нәрседен қателеспеу керек болса, соның бірі – мамандық таңдау. Әрине, әрбір бала өзінің неге қабілетті екенін білгені дұрыс. Мәселен, мектепте қай пәнге қабілеті бар, соған сәйкес келетін мамандықты таңдағаны дұрыс. Кейбір балалар іске бейім болады. Мамандық таңдағанда соның бәрін ата-анамен, ұстазбен ақылдасып шешуі керек. Бірінші кезекте өзінің жүрек қалауына құлақ асқаны абзал. Ал кәсіптік білім ешбір адамға артық етпейді. Белгілі бір істің тетігін білсең, өмірде оның бір көмегі тиері анық.

– «Қазіргі таңда оқу орындарының көбісі ақылы. Жатақхана, тамағына да шығындаламыз» деп налып жататын ата-ана көп. Сіздердегі оқу жайы қалай? Жастарға берер жеңілдігі бар ма?

– Елімізде кәсіптік білім беру мәселесіне барынша назар аударылып отырғаны белгілі. Қазіргі таңда жастарға бірінші кезекте тегін кәсіптік-техникалық білім беру жайы жолға қойылған. Осы орайда әрбір жастың кәсіптік білім алуға құқығы бар. Біздің колледжде оқу түгелдей тегін, студенттер мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды. Оның үстіне күніне бір рет түскі ас кезінде студенттерді тегін ыстық тамақпен қамту қарастырылған. Ал жетім балалар күніне үш рет тегін ас ішеді. Бұл жағынан колледжді облыстағы жастарға толық мүмкіндік жасайтын бірден-бір оқу орны десек болады. Жатақханада да студенттер үшін жайлы жағдай қарастырылған.

Оқу сапасы жағынан да колледжіміз алдыңғы қатарда деуге болады. Өткен жылы облыстық «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы» байқауында 2-орынды жеңіп алдық. 

Колледжіміздің басқа оқу орындарынан тағы бір ерекшелігі шалғай аудан, ауылдан келетін  студенттерді қабылдап, оларға барынша жағдай жасайтындығында. Шәкіртақыларын уақытылы алып тұрады. Бір сөзбен айтқанда, тегін білім алып, ата-анасына ауырлық түсіргісі келмейтін жастар үшін біздің колледж таптырмайтын оқу орны, болашаққа жол сілтейтін бағдаршам.

– Жастар қандай мамандықтарды меңгере алады?

– Колледжге 9-сыныптан кейін мектеп бітіріп келгендер көркемсурет-әсемдеу жұмыстарын жүргізуші, жалпы құрылыс жұмыстарының шебері, электромонтер, жиһаз жинақтаушы, радиоэлектроника және байланыс мамандықтары бойынша 2 жыл 10 ай оқып, мамандық сырын меңгере алады. Ал, 11-сыныптан кейін келгендер радиоэлектроника және байланыс, автогрейдер машинисі мамандығы негізінде он ай оқып, білім алуға мүмкіндігі бар.

Мамандықтар бойынша материалдық-техникалық база толығымен қалыптасқан. Оқу кабинеттері мен шеберханалар талапқа сай. Соңғы үлгідегі станоктың түр-түрі бар. Жоғары білімді оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрбір өтетін сабаққа жүйелі түрде дайындалып, сабақты инновациялық жаңа әдістерді пайдалана отырып өткізеді. Бұл болашақ маман иелерін дайындауда оң нәтиже беруде.

– Кәсіптік-техникалық білім беруде дуальды оқытудың маңыздылығы зор екені белгілі. Ол колледждеріңізде қалай жүзеге асуда?

– Теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы болып табылатын дуальды оқыту жүйесі колледжімізде кеңінен қолданылуда. Осы мақсатта «Ғаламат-Жиһаз фабрикасы», «ТАТЭК»,  «Азия – электрик», «Жетісу жарнама», «Мақсат», «ТК Метакон», «ТК Интеграл», «Гордорстрой», «Талдықорған жолдары», «Спец.техно.маш» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен келісім-шарт негізінде жұмыс істеудеміз. Бұл жастардың болашақта жұмыспен қамтылуына да зор көмек. Студенттер белгілі бір мекемеде тәжірибелік уақытын өткізу арқылы машықтанады. Әрі іске бейім студенттерді компания оқу бітіргеннен соң өздеріне жұмысқа шақырып, оқып жүріп табыс табуына да мүмкіндіктер ашуда.

– Өзге оқу орындарымен тәжірибе алмасу жағы қалай?

– Алматы облысының делегациясы құрамында Скандинавия, Прибалтика, Түркия елдерінде болып, тәжірибе алмасып қайттым. Ол елдегі озық жетістіктерді оқыту жүйесінде қолданудамыз. Биыл 16 оқытушымыз біліктілікті арттыру курсынан өтті. Мұның да оқыту сапасын арттыруда берері мол.

Биылғы жылдан ІТ технологиясын енгізіп, «Смарт колледж» жүйесіне өтпекпіз. Бұл да біз үшін үлкен жетістік болмақ. Жылда өтетін «World Skills» байқауына облысымыз бойынша қатысатын шәкірттерді дайындау да  біздің колледжімізге артылып отырған зор сенім. Ол үшін 235 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Оған заманауи құрал-жабдықтар сатып алынбақ. Мұның өзі колледжіміздің ары қарай дамуына мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар шеберхананы күрделі жөндеуден өткізіп, кеңейту де жоспарда бар. Ол жаңа мамандықтар ашуға сеп болады.

Қазіргі таңда күніне екі жаңа мамандық ашылып жатыр. Біз де уақытпен қатар адымдауымыз қажет. Осы орайда ІТ технология негізінде безендірулерді компьютермен орындайтын суретші-дизайнер мамандығын ашсақ дейміз. Осы сынды біршама жоспарымыз бар.

– Тәрбие жұмысына қаншалықты көңіл бөлінеді?

– Білім саласында оқу мен тәрбие қатар жүреді. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында түрлі шара өтіп тұрады. Елімізге, облысымызға белгілі тұлғалармен де кездесулер ұйымдастырылады. Мәселен, белгілі актер Әлімғазы Райымбеков, «Жетісу» газетінің редакторы, ақын Әміре Әрін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев осы оқу шаңырағында болып, тағылымды әңгімелерін айтты. Мұндай кездесулердің жастар тәрбиесіне ықпалы зор.

Өзім де студенттермен жиі ашық әңгіме өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаймын. Олардың қандай да болсын бастамаларын қолдаймын. Біз ұжымда студентті өзімізден де биік деңгейге қоямыз. Осындай көзқараспен жұмыс істейміз. Олардың қандай өтініші болсын ескерусіз қалдырмаймыз. Сонымен қатар, оларды тәрбиеге, тәртіпке шақыру мақсатында да қызықты шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Мәселен, «Ең үздік бөлме» байқауы өтті. Ондағы мақсат жастарды тазалыққа, отырған жерін ұқыпты ұстауға, мемлекеттік мүлікті бүлдірмеуге үйрету. Жеңімпаздарға тефаль, үтік сынды тұрмыстық заттар берілді. Осылайша жақсы іске ынталандырып отырамыз.

Спортқа, өнерге баулуды да ұмыт қалдырмаймыз. Колледжде волейбол, баскетбол, теннис, футбол, вокал, би сынды үйірмелер жұмыс істейді.  Оған да балалар қызыға қатысады.

Тәртібі нашар балалармен жұмысқа бірінші кезекте көңіл бөлеміз. Сондықтан колледжде шектен шыққан бала жоқ. Ондай баланы бірден қоғамдық шараларға тартып, полицияның көмекшісі етіп тағайындап, жақсы іске баулимыз. Бұдан соң бұзық деген баланың өзі белсенділер қатарына еніп, колледждің беткеұстарына айналады.

Колледжде жұмыс істейтін «Адал ұрпақ» клубының да жас ұрпақты жемқорлықтан ада етіп тәрбиелеуде атқарып жатқан үлгілі ісі мол. Сонымен қатар, колледжімізде еріктілер тобы бар. Олар жалғызбасты ардагерлердің үйін, ауласын тазалап, көмек көрсетеді. Аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің құрылыс, жөндеу жұмыстарына қолғабысын тигізеді. Бұл сол үйдегі аналар мен балаларға көмек болса, біздің студенттер үшін машықтану жұмысы.

Еңбекке баулу да – тәрбиенің бір жолы. Осы орайда бізде оқитын жастардың іске бейім, шебер болып қалыптасатынын мақтана айтуға болады. Жиһаз, домбыра жасаудың шеберлері дипломдық жұмыс ретінде колледжге қажетті бір зат жасап, соны қорғап, оқу орнында қалдырып кетеді. Ол балаларға тәжірибе, бізге игілікті іс.

– Оқу орнының бүгінгі таңдағы жетістігі қандай?

– Бүгінгі күні колледж педагогтары мен білім алушылары республика, облыс көлемінде өтетін іс-шараларға, байқаулар мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып үнемі марапатқа ие болуда. Атап айтар болсақ, Республикалық М. Шаханов оқуларында, Республикалық «Үздік сыныптан тыс іс-шара», «Үздік ғылыми жоба», «World Skills Taldykorgan»  байқауларында бас жүлдені еншілесе, «Жастар жылы» атты қалалық пікірсайыста, «Жас қыран», Жас ұлан» әскери патриттық сайысында, «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» байқауында І орынды қанжығалады.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, біздің педагогикалық ұжымның шәкірттеріне беріп жатқан тәлімі зор.  Колледж түлектері бүгінде әр салада жемісті еңбек етіп, оқу орнының абыройын биік ұстауда. Бүгінгі шәкірттердің де бәсекеге қабілетті білікті де білімді маман иесі болатынына сенеміз.

Болашағы зор, жастарға берер тәлімі, бағыт-бағдары мол оқу орнының мамандық сырын іздейтін жастар үшін әрдайым есігі ашық.

— Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан — Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.