Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КӨШПЕЛІ СЕССИЯ ӨТТІ

4 сәуір 2019
КҮНДЕРЕК
КӨШПЕЛІ СЕССИЯ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұйғыр ауданында облыстық мәслихаттың кезекті ХХХХVІ сессиясы өтіп, облыстық мәслихат пен тұрақты комиссияларының 2018 жылы атқарған жұмыстары және 2019 жылға арналған міндеттері қаралды.

Сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов баяндама жасап, есепті кезеңде өткізілген жиындар мен шаралардың нәтижесін таныстырды. Оның айтуынша, былтыр облыстық мәслихаттың кезекті 5 және кезектен тыс 7-сессиясы өткізілген. 68 жалпы, 18 нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер қабылданған сессиялардан бөлек облыстық мәслихаттың жанынан құрылған тұрақты комиссиялар жұмысын жоспарлы әрі жүйелі жүргізген. Сессияда алғашқы мәселе бойынша облыстық мәслихаттың депутаттары Ызғарбек Бектұрсынов, Жамал Құлахметова, Өтеғали Юнусов сөз алып, былтыр жемісті жұмыс жүргізгенін алға тартып, қанағаттанарлық деген баға берді.

Сондай-ақ, сессияда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының облыста жүзеге асырылуы туралы мәселе қаралып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі әзірлеген хабарлама тыңдалды. Сессияға арнайы қатысқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев соңғы апталарда елімізде орын алған тарихи оқиғаларға тоқталып, Астана қаласына Тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берудің орынды дүние екенін алға тартты. Жиында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов сөз алып, облыстық мәслихаттың көшпелі сессиясының аудан төрінде өткізілгеніне ризашылығын білдірді. Ауданның өткен жылғы экономикалық және әлеуметтік даму қорытындыларына қысқаша тоқтала келіп, облыстан ат арылтып арнайы келген қонақтарға аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді.

 

Қанат Біржансал
Ұйғыр ауданы

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.