Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАРАЛЫ МИТИНГ: ҚОШ, ОТАННЫҢ АДАЛ ҰЛДАРЫ!

31 наурыз 2019
КҮНДЕРЕК
ҚАРАЛЫ МИТИНГ: ҚОШ, ОТАННЫҢ АДАЛ ҰЛДАРЫ!
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанның орталық алаңында қаралы митинг өтті. Тұрғындар тікұшақ апатынан қаза тапқан ефрейтор Айдын Әбділдинов пен ефрейтор Мирас Жұматаевты соңғы сапарға шығарып салды. Бірақ Алматы облысынан қаза тапқан 8 әскери қызметшінің  төртеуінің  денесі әлі анықталмай жатыр. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі Самал Қабышева хабарлады.

Қоштасу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, облыс әкімі Амандық Баталов және әскери қызметкерлер, марқұмдардың туған-туыстары қатысты. Талдықорғанның орталық алаңына жиналған марқұмдардың туған-туыс, дос-жарандарына ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев көңіл айтып, бекем болуға шақырды.

— Олар ақтық демі қалғанша Отанға адал болудың үлгісін көрсетті. Батырларымызды мәңгі ұмытпау мақсатында мемориал орнату жоспарда бар. Олар мемлекеттік наградаға ұсынылатын болады. Одан бөлек, сарбаздардың отбасына министрлік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі, — деп атап өтті министр.

Қаза тапқан Айдын Әбділдиновтың артында жары мен екі кішкентай қыздары қалды. Пәтер жалдап, күн  кешіп жатқан отбасының жары жолдасын соңғы рет қаңтар айында көргенін айтады. «Жолдасымды соңғы рет қаңтар айында көрдім. Күнде сөйлесіп тұратынбыз, болған жайтқа әлі де сенер алар емеспін. Екі қызымыз бар. Үлкенім 12 де. Кішім 6 жаста.  Күйеуімнің жасай алмай кеткен жасын қыздарыма берсін. Басқа отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Еліміз тыныш болсын. Мұндай жағдайлар қайталанбасын деп тілеймін», —  деді марқұм болған ефрейтор Айдын Әбділдиновтың жары  Самал Серікқызы.

Марқұм болған 28 жастағы Мирас Жұматаев шаңырақ көтеріп үлгермеген. Егіліп жылаған Мирастың анасы ұлының бұл өмірде енді жоқ екеніне сенер алар емес. «Бүгін майор Тимур Құдайбердиевті Еңбекшіқазақ ауданында және лейтенант Аслан Айтпаевты Кербұлақ ауданында жерлеп жатыр. Қалған 4 сарбаздың денесі әлі анықталмады. Ефрейтер Қуаныш Сарқытбаевтың ағасынан қан алып, сараптамаға жөнелтіп жатыр. Қалған үшеуі сержант Қайрат Нұрсапанов, аға сержант Мұрат Шәріпов және кіші сержант Асхат Абдулманаттың денелері әлі анықталуда»,  — деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы  Жанар Әміржанова.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.