Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

МӘСЕЛЕҢІЗДІ 5 МИНУТТА ШЕШЕТІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША

13 наурыз 2019
КҮНДЕРЕК
МӘСЕЛЕҢІЗДІ 5 МИНУТТА ШЕШЕТІН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде «Avtomato» ЖШС қызметкерлері әзірлеген «Digital agent» мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткен шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ облыстық филиалының, мемлекеттік кірістер департаментінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің өкілдері қатысты.

«Digital agent» мобильді қосымшасы – мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасын саралауға жол ашатын құрылғы. Әсіресе, шенеуніктердің жұмысына қатысты жиі сын айтатын тұрғындар үшін бұл таптырмайтын мүмкіндік болмақ. Қосымшаның жұмысы да қарапайым. Оны телефонына жүктеп алған пайдаланушы ХҚКО, Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрлігі салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мүмкіндігіне ие болады.

– Аталған қосымшаны App Store, Play Market сервистері арқылы жүктеп аласыз. Орнатқаннан кейін, тіркеуден өтіп, өзіңіз бағалағыңыз келетін қала мен ұйымды таңдайсыз. Қандай да бір сұрақтар немесе мәселелер бойынша азаматтардың өтініштері түскеннен кейін  мемлекеттік қызметті берушілер кемшіліктерді 5 минут ішінде кері байланыс жасап, сізге хабарласа отырып жоюы қажет. Егер мемлекеттік қызметті берушілер өз уақытында кемшіліктері жоймаса, біздің агенттіктің аумақтық бөлімшелері құзыретті орган ретінде өз өкілеттігі шегінде азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді шешуге атсалысатын болады, – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облыстық департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жеңіс Аңдабеков.

Аудандарда, қалалар мен ауылдық округтердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы тәрізді 43 шара өткізіліп, 47 билборд орнатылды. Қазіргі таңда қосымша арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты 873 өтініш түскен. Департамент тарапынан тиісті шаралар қабылданып, тұрғындар мәселесі уақытылы шешілген.

P.S: Қосымшаны біз де тиімділігіне көз жеткізу үшін ұялы телефонға жүктеп көрдік. Тіркелгеннен кейін сынақ мақсатында Талдықорған қаласындағы ХҚКО жұмысын үш жұлдызшаға бағаладық. Арада 1 минут өтпей жатып мамандар кері байланыс орнатып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізетіндігін жеткізді.

Еңлік ҚАБДЕШ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бүгін, 10:09
Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 10:00
Тұрғындар тілегі – назарда

Тұрғындар тілегі – назарда

Бүгін, 10:00
Өңірдегі туристік нысандар қоқыстан тазартылды

Өңірдегі туристік нысандар қоқыстан тазартылды

Бүгін, 09:34
Жетісуда медициналық көмек көрсетуге 97,2 млрд теңге қарастырылған

Елімізде пациенттерді қабылдаудың жаңа бірыңғай жүйесі енгізіледі

Бүгін, 09:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.