Талдықорған: +21°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

07.03.2019
ЭКОНОМИКА
САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық және Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен баспасөз туры ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде орналасқан «Qaz Luimiere» деп аталатын жаңа сауда орталығының жұмысымен таныстыру.  

 

Екі қабатты сауда кешені заман талабына сай еуропалық үлгіде бой көтерген. Жалпы алаңы 6500 шаршы метр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауда орталығы іскерлік кездесулерге, Қазақстан мен ТМД елдерінде шығарылатын өнімдермен таныстыруға, сауда-саттық және бос уақытты өткізуге арналған тиімді іс-шаралар алаңына айналмақ. 

Іс-шара жақын және алыс шетелдердің іскер топтары мен туристерінің қызығушылығын тудырады деп болжанып отыр. Мұндай мүмкіндік қазақстандық кәсіпкерлердің Аспанасты елінің нарығына шығуына жол ашып, халықаралық сауданы дамытуға ықпал етпек. Келушілерге де сапалы қызмет көрсетуге ден қойылған. Сауда үйінде қырықтан аса бутик бар. Онда Еуропа және ТМД елдері мен Қазақстаннан шыққан сұранысқа ие тауар түрлері саудаланатын болады. 

Кәсіпкерлерге орын жалға беріледі. Негізінен Қазақстанда өндірілген өнімдерді саудалау басты мақсат болып отыр. Орталықтың арнайы экономикалық аймақта орналасуы қазақстандық бизнеске арнайы салықтық режимге сәйкес салық төлемдерін жасамай кәсіпкерлік қызметті жүргізуге мүмкіндік береді. Тауар қоймалары да сол маңнан табылады. Алдағы жазда адамдардың алаңсыз тынығуына арналған демалыс бөлмесі, жаттығу залы, бір сөзбен айтқанда, барлық жағдайы қарастырылған қонақүй салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ғимаратқа баратын кірме жолдар да сапалы салынған. Шетелдік туристерді тасымалдайтын жеке автобустар да бар. 

Айта кетейік, сауда үйінің салтанатты ашылуы 1 мамырда өтеді. Десе де қазірдің өзінде орынды жалға алып, сауда жасап жатқандар бар. Онда украиналық өнімдер мен Грузияның арақ-шараптары, Қытайдың опа-далаптары, иіссулары секілді косметикалық бұйымдар саудалануда. Жалға алудың айрықша шарттары 1-15 мамыр аралығында Қазақстан – Қытай жәрмеңкесі күндері жүзеге аспақ. Осы кезеңде кәсіпкерлер көрме стендін (150 000 теңге) алу үшін ғана шығынданатын болады. 

– Бұл көрме кәсіпкерлердің «Қорғас» ШЫХО мүмкіндіктерін көруі үшін өткізіліп жатыр. Осы арқылы кәсіпкерлер нарықты талдауға мүмкіндік алады. Бұдан әрі біз көрмені жарнамалау мақсатында Қытай тарапынан жарнама агенттігін жұмылдырамыз. Көрменің өзінде бірқатар іс-шара жоспарланған. Бұл Қытай нарығына шығудың бірегей жолы. Өндірушілер «Қорғас» ШЫХО-ға тауарларын жеткізіп, көрме стендін сатып алудан басқа шығындалмайды. Жалға алушыларға келетін болсақ, әрқайсысын жеке қараудамыз. Жалға алынып жатқан орынжайдың көлеміне қарай жеңілдіктер, жеңілдік кезеңдері қарастырылған. Барлық өндірушілермен, ұйымдармен іскерлік қарым-қатынасқа дайынбыз, – дейді аталмыш сауда орталығының атқарушы директоры Нариман Закирьянов. 

 Көрмеге Қазақстан, ТМД елдері мен жақын шетел тауар өн­діру­шілері шақырылады. Алкоголь, шы­лым, киім-кешек, аяқкиім, кәм­пит, шоколад, құрғақ сүт, ұн өнім­дері, жиһаз, ыдыстар көрме экс­понаты бола алады. Жаңа аулан­ған балық, жұмыртқа, шұжық өнім­дері, уылдырық, жеміс-жи­дек пен сүт өнімдері, алтын, өсім­дік тұқымдарына тыйым са­лын­ған. Ұйымдастырушылар экспонаттарды іріктеу құқығына ие. Көрмеге қатысу өтінімдері 1 нау­рыз бен 10 сәуір аралығында мына электронды пошта арқылы қабылданады: a.tastanbekova@atameken.kz.  

«Хуан–Шыңғыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының орынбасары Ұлан Темірланұлының сөзінше, сауда үйінің құрылыс жұмыстары былтыр жазда аяқталған. Бүгінде украиналық және белоруссиялық кәсіпкерлермен келісімшартқа қол қойылған. Еуропалық кәсіпкерлер де қатысады деп күтіліп отыр. Қытай туристері, әсіресе, экологиялық жағынан таза тағамдарға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Сол талап үдесінен шығу үшін күш жұмылдырылуда. 

Алдағы уақытта өтетін жәрмеңкеге 200-ден аса өндірістік компания шақырылыпты. Туристерді тасымалдауға арналған автобустар да қарастырылған. Бүгінде бұл кешенде жиырмадан аса адам жұмыспен қамтылса, олардың саны алдағы уақытта  өсетін болады. 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда «Нерест» акциясы басталды

Жетісуда «Нерест» акциясы басталды

24.04.2026
Көктемгі қарбалас: Алакөл диқандары іске кірісті

Көктемгі қарбалас: Алакөл диқандары іске кірісті

24.04.2026
Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

24.04.2026
Ана өлімі 5 жылда 35%-ға төмендеді – ДСМ

Ана өлімі 5 жылда 35%-ға төмендеді – ДСМ

24.04.2026
Талдықорған клиникасында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Талдықорған клиникасында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.