Талдықорған: +17°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

СИЫРЛАР АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ САУЫЛАДЫ

07.03.2019
ЭКОНОМИКА
СИЫРЛАР АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ САУЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан ҚЫЛЫШБАЕВ пен Бектас БЕКНАЗАРОВ жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келді. Сапар барысында бірқатар нысанды аралап, ұжымының тыныс-тіршіліктерімен танысты.

 

Лауазымды топ алдымен Балпық би ауылынан орын тепкен «Уыз Май Industru» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, жұмысшылармен жүздесті. Депутаттарды аталмыш серіктестіктің атқарушы директоры Ербол Тоқтағұлов қарсы алды. Ербол Нұрбекұлы бүгінгі атқарып жатқан шаруаларын әңгімелеп, зауыт жұмыстарын көрсетті. Байқағанымыздай, майбұршақ өңдейтін кәсіпорында қазір жөндеу жұмыстары жүруде. Зауыт жылына 40 800 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Ал тәуліктік қуаты — 400 тонна. Аудан экономикасының дамуына септігін тигізіп отырған өндіріс орнында жартылай майлы экспандирленген майбұршақ, майбұршақ шроты, сондай-ақ, майбұршақ майы өндіріледі. Жүзден аса адам жұмыспен қамтылған. Айлық жалақылары — жетпіс бес мың теңге.

Кәсіпорындағы тіршілікпен танысқан депутаттар іссапармен келудегі басты мақсат-міндеттерін түсіндіріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Депутаттар: «қандай проблема бар, нендей мәселе мазалайды, қандай қолдау қажет, тағы басқа қандай өтініш, талап-тілектер бар?» деген сауалдардың оң шешімін табуына мүмкіндігінше көмек көрсетуге әзір екендіктерін жеткізді. Қос тарап осыған байланысты жан-жақты әңгіме өрбітті. Ербол Нұрбекұлы майбұршақ өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарына төленетін субсидия көлемі бірнеше пайызға арттырылса деген өтінішін жеткізді. Айтылған әрбір мәселені мұқият тыңдаған депутаттар жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелерді жауапты мамандарға тапсырып, өзектілерін өздеріне түртіп алды.

Сенат депутаттары ақылды технологиялармен басқарылып отырған «Каримов» жеке кәсіпкерлігінің төрт жүз басқа арналған тауарлы-сүт фермасының жұмысын көрді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құрылған шаруашылық бүгінде сүтті бағыттағы ірі қара мал ұстап отыр. Заманауи үлгіде салынған бұл кешен 2017 жылы іске қосылыпты. Онда малға жайлы жағдайдың бәрі қарастырылған. Мал тұратын орынның  температурасы да бірқалыпты. Бірнеше желдеткіш орнатылған. Фермадағы тұқымы асыл «Голштин» ірі қарасы Германиядан сатып алыныпты. Сиыр сауатын төрт роботтандырылған жабдық орнатылған. Желіні сүтке толған сиыр арнайы орынға келеді. Бұдан соң оның емшегі жаңа құрылғылар арқылы автоматты түрде жуылып-шайылып, тазаланады. Содан соң арнайы құрылғымен сауылады. Ферма басшысы Рахым Кәрімовтың сөзінше, бір сиыр күніне 40 литр сүт береді. Өнім Талдықорған қаласындағы «JLC Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өткізіледі. Депутаттарға талап-тілегін жеткізген шаруашылық басшысы инвестициялық субсидия арқылы 200 млн. теңге ақшасын екі жылдан бері ала алмай жүргенін жеткізді. Оған себеп Ауылшаруашылығы министрлігіндегі өзгерістер дейді.

Лауазымды топ аудандық емхананы да көріп қайтты. Ақ халатты дәрігерлер мұндағы жұмыстарды жан-жақты таныстырды. Емхананың кіреберісінде цифрлық сауаттылық пункті, CALL-орталығы қызмет көрсетеді. Депутаттар заманауи құрылғылармен жабдықталған емхананың әр бөлмесін аралады. Дәрігерлердің қабылдауына келген жұртшылықтың да қал-жағдайын сұрап, тілдесті. Үш қабатты, жүз жиырма бес орынды жаңа емханада хирургия, терапия, әйелдер босанатын, гинекологиялық, инфекциялық және балалар бөлімшелері бар. Қазір мұнда бес жүзден аса дәрігер қызмет көрсетеді. Цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы бөлмеде дәрігерлер оқытылып, үйретіледі.

Бұдан соң депутаттар аудан активімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде халықтың әл-ауқатын көтеру бойынша берген тапсырмаларын орындау тетіктері түсіндірілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Кітап күні кең көлемде тойланды

Кітап күні кең көлемде тойланды

23.04.2026
«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.