Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ӘСКЕРИЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫН СПОРТҚА БЕЙІМДЕЙДІ

4 наурыз 2019
САЯСАТ
ӘСКЕРИЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫН СПОРТҚА БЕЙІМДЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Б.Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің балаларына арналған қоян-қолтық ұрыстан спорт секциясы ашылды. Бұл өз кезегінде әкелерінің жолын қуғып, болашақ өмірлерін әскермен жалғастырғысы келетін жас жеткіншектер үшін қуанышты жаңалық.

Секция жетекшісі 4-құтқару рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары лейтенант Олжас Ескендіров өз бағынысындағы сарбаздарға тәрбиелік білім берумен қатар спорттық құлшынысына ден қойып, оларға қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін де үйретіп тәжірибесімен бөлісуде. Жас сардар Олжас Ұлттық ұлан әскери институтын тәмамдаған білікті кадрлы офицер, өзі де спортқа жақын. Ұлттық ұлан институтының қабырғасында оқып жүріп, зерделі оқытушылардан тәлім алған ол бүгіндері жиған білімі мен жинақтаған мол тәжірибесін осылай қолдануды жөн көріпті. Өзі туралы ол:

— Мен мектепте оқып жүргенде әскери адам, оның ішінде, офицер болуды бала кезімнен армандадым, сол арманым орындалып, бүгін міне мемлекетіміздің элитасы саналатын Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүрмін. Мектепте жүргенде көптеген жастар қауымының, оның ішінде, өзімнің де спортқа деген құлшынысымыз зор болатын, алайда спорт секцияларының аздығына байланысты ондай секцияларға қатысу мүмкіндігі барлығына бірдей бұйыра бермеді. Сол жағдай үнемі көкейімнен шықпады. Соны іске асыру мақсатында биылғы Жастар жылында жас жеткіншектерге арналған қоян-қолтық ұрыстан спорт секциясын ашуды қолға алуды жөн көрдім, бұл бастамамды әскери бөлім қолбасшылығы да қолдады. Бүгін, міне, ынта танытқан балалар да секцияға жазылып келіп жатыр. Алдағы уақыттарда балалардың спорттық дағдыларын дамытып, оларды қоян-қолтық ұрыстың қыр-сырымен қанықтыруға, шабуыл мен қорғаныс кезіндегі тәсілдерін меңгертуді өзіме мақсат тұттым. Осы мақсатым орындалса, болашақта бөлімде бұдан да ауқымды жастар клубын ашсам деген арманым бар, – деді.

Күні кеше ғана ашылған спорт секциясында жаттығып жүрген жас жеткіншектердің жанарларында от, кеудесін арман кернегендей. Кейбірі тіпті келмей жатып, «Олимпиада чемпионы боламын!» деп ұрандатып жүр. Бұл – арманның нақты мақсатқа айналғандығы. Ендеше тәрбиеленушілерінің арманын мақсатқа айналдыру үшін жас тәлімгер Олжас Ескендіровтің бастаған ісіне сәттілік тілейміз. Арман ешқашан адастырмайды.

Айдос БАЙШАҒЫРОВ,

28237 әскери бөлімінің баспасөз қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.