Талдықорған: +17°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЖҮГЕРІ ӨСІРУДІҢ ҚЫРЫ МЕН СЫРЫ

03.03.2019
ЭКОНОМИКА
ЖҮГЕРІ ӨСІРУДІҢ ҚЫРЫ МЕН СЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Элиталық тұқым кәсіпорны «Будан» ЖШС бас директоры Еркен Көкенұлы Шакеевпен сұхбат

– Аталмыш кәсіпорында қанша уақыт жұмыс істеп келесіз?

– «Будан» серіктестігін кәсіпорын құрылған сәттен, яғни 2002 жылдан бастап 20 жыл қатарынан басқарып келемін. Құрылтайшы Сәрсенов Марат Жақияұлы еліміздің тұқым шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосты. Оның басты стра-тегиялық бағыты – өнімділігі мен дән сапасының жоғары генетикалық әлеуеті бар жүгері будандарын шығару, ата-аналық нысанда түпнұсқалық тұқымдарын және Ф1 ұрпағының тұқымдарын өндіру, тұқымдарды жасап біту және олардың маркетингі. Марат Жақияұлы кәсіпорынды жаңартып, техникамен, кадрлармен қамтамасыз еткен. Алғашында активтер мен мүмкіндігіміз әлдеқайда шектеулі еді – жүгері-сұрыптау зауытына күрделі жөндеу, жалпы өндірістік тізбекте шешуші буындарды ауыстыру қажет болған. Барлық мәселелер шешімін тауып, өндірістің және кәсіпорын экономикасының қазіргі жағдайы жақсы жаққа өзгерді деп айтуға барлық негіз бар. 

– Жүгері тұқымдарын өндіру мектебіңіз жайлы айтып өтсеңіз?

– Менің агрономиялық білімім бар, десек те алғашқы рет жүгері тұқымының өндірісіне мен аталмыш кәсіпорында тап болдым. Ғылыми-селекциялық топта әлемге әйгілі ғалым селекционер доктор Лазар Койич және қазақстандық селекционер Дилляра Айгозинаның қоластында жұмыс істедім. Доктор Койичтің дәрістерін тыңдап, кәсіпорынды және отандық тұқым шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар пайдалы кеңес алдым. Бүтін қатар жаңа буынның жүгері тұқымдарын шығарғаннан басқа доктор Лазар Койич елімізде жемісті ғылыми қызмет атқарып, бүгінде жұмысын жалғастырып келеді. Сондықтан менің мектебім тәжірибеде тексеріліп, жүгері тұқымын өсіру шаруашылығында ғылыми үрдістерді қамтып көрсетеді деп сеніммен айтуға болады.

– Ендеше, ауылшаруашылық өндірушілері үшін маңызды мәселелерге көшейік. Жүгері тұқымының нарығында қалыптасқан және үдемелі бәсекелестік жайында айтып өтсеңіз. Сонымен бірге, тауарларыңыздың бағасы қандай?

– Үдемелі деп дұрыс байқадыңыз, бәсекелестік жыл сайын өсуде. Айта кететіні, жүгеріні егу алқаптарының көлемін ұлғайту жұмыстарының қарқыны бәсеңдеу болды. Осыған орай, жүгері тұқымы нарығында жаңа жүгері будандарының пайда болуын қолдаймыз. Бұл бізді тұқым сапасын арттыруға ынталандырады. Біздің будандар республика нарығында 60-70 пайызды қамтып тұр. Ауылшаруашылық өндірушілері өз бетімен жұмыс істеп, ешбір қысымсыз тұқымдар мен будандарды таңдау үшін біліктілігі жетеді деген сенімдеміз.

Тұқымдар бағасын қойғанда өз пайдамызды ойламай, сатып алушылардың мүмкіндігін есепке аламыз. Олар бізбен бірдей жағдайда жұмыс істейді, сондықтан инфляцияны қолдан жасаудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Өкінішке қарай, тауарлы жүгері дәнінің сатып алу бағасы жыл сайын бір деңгейде қалып келеді. Ашығын айтқанда, біздің азаматтардың бағасы біздікінен анағұрлым жоғары шетелдік тұқымдарды сатып алып, тура сондай немесе аз өнім алып жатқандарына таңғаламын. Іс жүзінде бір ғана тамшылатып суару әдісін қолданып жоғары өнімге қол жеткізуге болады, себебі, жиынтықта сұйық минералды тыңайтқыштар мен ынталандырғыштар қолданылады.

– «Будан» ЖШС-нің жүгері будандары жинау кезіне ылғалдылықты сақтап, содан дән ылғалдылығы тым жоғары деген пікір бар. Осыған не дейсіз?

– Шынында, осындай әңгіме бар. Мұндай әдісті үзілді-кесілді қолданбаймыз, бірақ жыл сайын шетелдік будандарды өзіміздің селекциялық телімде зерттейміз. Бастысы, сатып алушының таңдау құқығы бар және клиенттікі әрдайым дұрыс. Қазіргі сұхбат барысында тауарды жарнамалауды көздеп отырған жоқпын. Биыл «Будан» ЖШС-нің жүгері тұқымдары жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ең алдымен, біз өз нарығымызды қамтамасыз етеміз, ал содан кейін Краснодар өлкесіне, Воронеж облысына, Хакасия, Қырғызстан, Өзбекстан Республикасына экспорттаймыз. Ал ылғалдылық жайлы айтатын болсақ: барлығы тауар өндірушінің өзіне байланысты, себебі, буданның (ФАО 700-ге дейін) пісу тобы кешеуіл болған сайын оның өнімділігі және дәннің биохимиялық құрамы (ақуыз, крахмал) жоғары болады, яғни азықтың қоректілік құндылығы артық болмақ. Біздің тұқымдар жергілікті жағдайда сұрыпталып, Қазақстанның кез келген агроэкономикалық аймақтарына бейімделіп өсірілген. Біз өндірушілерге ФАО 100-ден бастап 700-ге дейінгі тұқымдарды ұсынамыз. Қазіргі таңда тауарлы жүгері дәнін сатып алушылар будан мен дәннің биохимиялық құрамын алдын ала зерделеп, құс немесе ІҚМ азығына, ұн мен жармаға жарамды ма деген мәселелерге назар аударады. Келісімшарт жасағанда біз буданды таңдауда кеңес беріп, құс шаруашылығына немесе мал шаруашылығына, крахмал мен сірнеге ұсыныс береміз және сүрлем жасау үшін бөлек будандарымыз бар.

Ылғалдылығы төмен жоғары өнімге қол жеткізу үшін басты шарттың бірі – ол тұқымды қолайлы уақытта себу. Өзіміз көпжылдық ғылыми тәжірибелер барысында сәуір айының басында ерте егу қажет деген қорытындыға келіп, осыны қолданамыз. Ылғалдылық туралы тағы бір айтатыны – қисынды әдістеме қолдану қажет, яғни бір топта пісетін кез келген селекциялар будандарын салыстыру қажет. Сонда қай будандардың ылғалды сақтайтыны немесе жіберетіні анық болады. Ауылшаруашылық өндірушілермен кездесу барысында мен біздің тұқым өндірісін келіп көріңіздер деп айтудан жалықпаймын. Будандастыру телімдері мен ғылыми-селекциялық алқап көз алдында тұр, сонымен бірге кез келген уақытта жүгері сұрыптау зауытына барып, біздің жұмысымызды көруге болады. Барлығы әлемдік стандарттарға және тәжірибеге сай келеді. «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңға сай меморгандарымен тұрақты түрде бақылау жүргізіледі.

 Жұмысты бастаған кезде элиталық тұқым өсіретін кәсіпорын және оригинатор мәртебелерін иелену үшін меморгандардың талаптары көп болды. Біз бұл емтиханнан лайықты түрде өттік. Негізгі талаптар қазір де өзгерген жоқ. Мәселен, жыл сайынғы будандастыру телімдерін және бастапқы тұқым шаруашылығын мемлекеттік зерттеу.

– Тағы қосарыңыз бар ма?

– Біздің әр буданның өз ерекшелігі және жылы бар, осыны ескере отырып, жақсы нәтижеге шығу үшін алқапқа біздің буданның бірнеше түрін егу қажет. Будандардың пісуі бірдей немесе пісу мерзімі жақынын, топырақ сапасын, суармалы су көлемін, мал немесе құс түсуді ескере отырып таңдау керек. Ылғалдылығы төмен жүгері дәнін алу үшін ұсынылған егістік жиілігін сақтап, көп мөлшерде азот тыңайтқыштарын қолданбау, сапалы жүгері дәнінің қалыптасуы үшін фосфор және калий тыңайтқыштарын салу қажет. Кешеуіл пісетін жүгері будандарын 25 тамызға таман суарып бітіру маңызды болып табылады. Аталмыш технологияны сақтаған жағдайда жоғары қоректілік құндылығы бар сапалы дән алуға болады.

Дәннің ылғалдылығы туралы айта бергенше бірнеше шаруашылық бірігіп, астық кептіргіш сатып алуға болатын еді. Себебі, элеватор қызметі тым қымбат. Буданның шығу жеріне байланыссыз дәнді кептіру қажет. Сонда дәннің сапасы жоғары болып, оны жоғары бағамен сату мүмкіндігі пайда болады.

 Тұқымның бағасына келетін болсақ, тауар өндірушілердің назарын егістік бірліктерге және тұқымды келілеп сатуға аударғымыз келеді. Пайда алу үшін біз егістік бірліктерге еркін өтіп, тұқымды үнемдесек болатын еді. Алайда, тауар өндірушінің мүдделері үшін мұндай қадамға бармаймыз. Біздің 25 келілік қап 1 гектарға, әуелі фракцияға байланысты одан да көп жерге жетеді. Өздері есептеп көрсе, бұл қиын емес.

– Еркен Көкенұлы, тауар өндірушілерге деген ықыласыңыз бен қамқорлығыңыз үшін үлкен рахмет, бұл сұхбаттан кейін көп адам өз пайдасын санайтын шығар деп ойлаймын. Ал өнім қаншалықты тұқымға байланысты?

– Қысқаша айтқанда, біздің ғалымдардың пікірінше, өнімнің 60 пайызы будандар мен тұқымға байланысты. Өздеріңіз көріп тұрғандай, біз бұл деңгейді төмендетпей, керісінше, көтереміз. Бұл бізді еліміздің тауар өндірушілерінің игілігіне бұдан да жақсы жұмыс істеуге міндеттейді.

 Сұхбатты жүргізген Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Кітап күні кең көлемде тойланды

Кітап күні кең көлемде тойланды

23.04.2026
«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.