Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

01.03.2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы жаңа театр ғимаратында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ өткен жылдың үздік спортшыларын, бапкерлерді және осы саланы жазып жүрген журналистерді марапаттады.

Былтырғы жылдың үздік спортшыларын марапаттау рәсіміне Еңбек Ері атанған алған жалғыз спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров, сондай-ақ, Мәулен Мамыров, Ермахан Ыбырайымов, Ардақ Назаров, Қанат Ислам қатысты.

Мінберге шығып, құттықтау сөз сөйлеген Амандық Ғаббасұлы: «Тәуелсіздік алғаннан бері әлемдік ареналарда сан мәрте Гимніміз ойнап, Көк туымыз желбіреді. Оған жетісулықтардың қосқан үлесі мол. Облысымыз спортқа көңіл бөліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жағдай жасап келеді. Жаңа спорттық нысандарды салып жатырмыз, әлі де жоспарда тұрғаны бар. Мәселен, облыс орталығында әлемдік стандартқа сай бассейннің құрылысы 3-4 күнде басталады», – деді.

Алматы облысы спорт саласын алдыңғы қатарға қойып келеді. Оған дәлел – жыл сайын салынып жатқан кешендер мен сарайлар, спортшыларымыздың жетістігі. Бүгінде Жетісу жерінде 3544 спорттық құрылым жұмыс істейді. Былтыр Талғар, Қарасай, Алакөл аудандарында денешынықтыру, сауықтыру кешендері ашылса, Көксу ауданындағы Батыржан Оңғаров атындағы стадион мен Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешені күрделі жөндеуден өтті. Биыл денешынықтыру мен сауықтыру кешендері салынатын аймақтардың тізімінде Кеген, Ақсу, Қарасай және Райымбек аудандары бар.

2018 жылы облыс спортшылары Халықаралық және республикалық жарыстарда жалпы 1779 медаль (637 алтын, 529 күміс, 613 қола) алды. Ұлттық құрамаға 1076 спортшы мүше. Өткен жылы 19 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 111 адам спорт шебері және 818 адам спорт шеберлігінен үміткер болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда үлкен көрсеткіш.

Өткен жылы ел намысын жаһандық жарыстарда абыроймен қорғап, жүлдеге іліккен Ділдаш Құрышбаева, Нұрмахан Тінәлиев, Раушан Қойшыбаева, Рахметжан Хамаев, Гүлбану Әбдіхалықова, Мерей Сүйінов, Демеу Жадыраев, Жандос Исмайлов, Әнел Құдайберген, Гүлнұр Ерболова аймақ басшысынан ақшалай сыйлықтың сертификатын алды. Сондай-ақ, облыс әкімінен марапат алған бапкерлер қатарында Азамат Көкебаев, Махаббат Туғанбекова, Вячеслав Шапран, Виктор Юрайтис, Болат Қожахметов, Әділет Ермаков, Бақыт Жазыбаев бар.

Спорт саласын жанына серік еткен журналистер де марапаттан тыс қалған жоқ. Газетіміздің тілшілері Ришад Тұрғанбай мен Серік Қантай, фототілшіміз Жұмабай Мұсабеков пен фотограф Жеңіс Ысқабай, сондай-ақ, «Жетісу» талеарнасының қызметкері Жарқын Шынтаев сынды БАҚ өкілдері өткен жылы айрықша есте қалған материалдары үшін қаржылай сыйлық алды.

Қуанышты сәтте сөз алған Жақсылық Үшкемпіров өз ойын: «Дәл осындай қолдау, құрметтен кейін Жетісу спортшылары тек жақсы нәтиже көрсетуі керек. Кезінде біз қандай залда жаттықтық, бүгінгілер қандай жерде шынығады? Бойда қуат, азаматтардан қолдау барда чемпион болу қажет», – деп түйіндеді.

Келер, яғни, 2020 жылы Токио Олимпиадасы өтетінін ескерсек, биыл сол төрт жылдықтың басты додасына жолдама үлестіретін турнирлер жиі ұйымдастырылады. Осы лицензия үшін болатын жарыстарда жетісулықтардың бабы келісіп, бағы жансын деген тілектеміз.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

04.02.2026
Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026
Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

04.02.2026
Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

Тау шаңғысы: Скороходова мен Хохлов FIS турнирінде үздіктер қатарынан көрінді

04.02.2026
Мәжіліс декреттегі әкелерге қатысты маңызды заңды қабылдады

Мәжіліс декреттегі әкелерге қатысты маңызды заңды қабылдады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.