Талдықорған: +10°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДӘСТҮРЛІ ӘНГЕ ҚҰЛАҚ ТҮР

23 ақпан 2019
РУХАНИЯТ
ДӘСТҮРЛІ ӘНГЕ ҚҰЛАҚ ТҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Құрметті оқырман, елді экранға телмірткен «Мен қазақпын» мегажобасы естеріңізде болар?!  Бұл байқау дәстүрлі әннің дариясында құлашын еркін сермеген нағыз жүйріктердің қамау терін алған үлкен аламан болды. О шеті Алтай, бұ шеті Атыраумен шектескен ұлан-ғайыр даланы дүбірге бөлеген өрелі өнерпаздар көптің әлі де көкейінде. Аталмыш бәйгеде бағы мен бабы келісіп, көмбенің басынан жерлесіміз Бейбіт Мұсаев көрінген еді. Сол сәтте бөркімізді аспанға атқанбыз. Міне, бүгін Жетісудың төрінде жеке шығармашылық кешін өткізетінін қуанышпен жеткізгіміз келіп отыр.

Сол бәсі биік бәсекеде қазылық еткен ұлт мақтанышы Мырзатай Жолдасбеков: «Бейбіт – қазақтың дәстүрлі өнері үшін туған адам», – деп  оң бағасын беріп, алтын тұғырға қондырған болатын. Отты өнермен ошақ басында ауызданған әншінің талантын бірден танытқан дана сөз тегінде тура айтылып  тұр. Ақиқаты сол, дәстүрлі ән Бейбіт Мұсаевтың су ішетін бастауы іспетті. Өнер көгінде қанатын кеңге сермеуіне ілгішек болып келеді. 
Абыройын асқақтатқан айтулы доданың өткеніне биыл екінші жыл. Ендігі белес – жеке есеп беру концерті. Бұл кеш өнерпаздың содан бері жинаған қазынасын көппен бөлісуі.
– Мен бала күнімнен домбыраның үніне ғашықпын. Кененнің әндерін айтқанда тынысым ашылып, ұлттық өнерге деген махаббатым оянады. Домбыра – бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы. Одан төгілген күмбір кешегі тереңде жатқан тарихты қайта қаузап,  бойымызға рухани күш сыйлайды. Сонысымен де құнды, сонысымен де бағалы. Бұл кеште халық мені басқа қырымнан таниды деген ойдамын. Дәстүрлі әнге шөліркеген жұрттың сусыны қанары сөзсіз. Есті әндерді естимін деушілердің қай-қайсысына болмасын есігіміз ашық, – дейді дәстүрлі әнші көңіл толқынысын жасыра алмай.
Иә, бұл кеш бұрынғы кештерден өзгерек. Оның себебі, осы күнге дәстүрлі әнші есебінде ел санасында жатталып қалған Бейбіт Әміржанұлы эстрада жанрында да біршама әндердің тұсауын кеспек. Шын дарынға шектеу жоқ. Қос ішектің сырлы сазынан қуат алған әншінің берері көп. Әрі ұстазы Рамазан Стамғазиев бастаған өнердегі ағалары мен достары қолдап  келмек ниетте. Олар да бар өнерін ортаға салып,  көрермендердің көңілін табуға тырысады. 
Ұлттық болмысымыз – ұлттық өнерімізде. Олай болса, ақпанның 27-жұлдызы, сағат 18.30-да І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Бейбіт Мұсаевтың «Мен қазақпын» атты шығармашылық кешінен қалып қоймаңыздар. Тілегіміз бір жерден шықсын. Ұлттық өнеріміздің шырағын сөндірмей келе жатқан осындай азаматтарға қолдау көрсету – сіз бен бізге серт. 

Қабыл ИСА

Қатысты жаңалықтар

Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін, 08:51
6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін, 07:46
Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.