Талдықорған: +10°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін, 07:46
ЖАҢАЛЫҚТАР
6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазгидромет» синоптиктері 6 қарашада Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді. Кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, үсік жүреді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Жетісу облысында түнде және таңертең солтүстік, орталық және таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы 2-7 градус аязға дейін төмендеп, үсік жүреді. Өңірде жоғары өрт қаупі, ал облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түсіп, ауа температурасы 3-5 градус аяз болады. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда да тұман түсіп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Облыс орталығында желдің екпіні кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда да желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде жоғары, ал облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оралда да тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының таулы аудандарында түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендеп, үсік жүреді. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында да жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с болады.

Түркістан облысының батысы, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде аздап жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген тұстарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Қостанайда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде тұман түседі. Күндіз батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады. Павлодарда түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі, ал солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының батысы, шығысы мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда да жоғары өрт қаупі бар.

Қатысты жаңалықтар

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

6 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін, 07:46
Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.