Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

10 000-НАН АСТАМ АЗАМАТ ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ

22 ақпан 2019
САЯСАТ
10 000-НАН АСТАМ АЗАМАТ ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, біріктірілген басқармасы мен бөлімдерінде шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Жергілікті әскери басқару органдары «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, 2002 жылы туылған жасөспірімдерді әскери есепке алуда.   

2019 жылғы қаңтар мен наурыз айының соңына дейінгі аралықта облыс бойынша 10 126 азаматты шақыру учаскелеріне тіркеу жоспарланған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5,5%-ға артық. Бүгінгі күні 9 992 адам әскери тіркеуге алынып, оларға салтанатты жағдайда тіркеу куәліктері табысталды. Тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін бұл тізім тағы 134  жасөспіріммен толығады. Шақыру қағазын алған азаматтар тиісті жергілікті әскери басқару органдарында жалпы білімін, денсаулығын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтеді. Бұл өз кезегінде әскерге шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға, олардың санын анықтауға мүмкіндік береді. Денсаулықтарында кінәрат табылғандар жолдама арқылы тиісті емдеу мекемелерінде ем қабылдап, шақырылу жасына дейін сауығып келу мүмкіндігіне ие.  

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Руслан Абиханов:

– Денінің сау болуынан бөлек олардың моральдық-психологиялық жай-күйлерін, құқықтық сауатты болуларын басты назарда ұстаймыз. Тізімге тіркеп, әскерге аттандырудан бөлек жасөспірімдермен әскери-патриоттық бағыттағы тәрбие жұмыстары жиі жүргізіліп отырады, – деп әскер қатарына алынып, Отан қорғауға өз үлесімді қоссам деген жастардың көп болуы көңіл қуантатынын айтты. Ал, Талдықорған политехникалық колледжінің 1-курс студенті Ерсұлтан Шайкенов:

– Бүгін мен үшін маңызды құжат – тіркеу куәлігін қолыма алдым. Денсаулығымда кінәрат жоқ, әскер қатарына аттануға дайынмын. Армия – жігіттік мектебі, қиындықтан тайсалмай Отанымды, халқымды қорғауға әрқашан әзірмін, – деді .

Сондай-ақ, пункттерге тіркеу барысында әскери оқу орындарында түсуге ниет білдіргендерге үгіт-насихат жұмыстары да қосымша жүргізілуде. Әскери оқу бойынша түсіндіру жұмыстары маусым айына дейін жалғасады. Бүгінгі күні Алматы облысының 500-ден астам азаматы ҚР Қарулы Күштерінің әскери оқу орындарында білім алуда.

Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Текеліде тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін, 13:30
Кәсібін игілікке айналдырған

Кәсібін игілікке айналдырған

Бүгін, 13:00
Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Елімізде жаңа өндіріс орындары мен инвестициялық жобалар көбейді

Бүгін, 13:00
Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.