Талдықорған: +4°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАСТАР ЖЫЛЫ НЕ БЕРЕДІ?

19 ақпан 2019
РУХАНИЯТ
ЖАСТАР ЖЫЛЫ НЕ БЕРЕДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар аудандық «Алмалы» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде аудан әкімі Рыскелді Сатбаевтың қатысуымен «Жастар. Жігер. Жаңғыру» атты тақырыпта жастар жылының салтанатты ашылуы өтті. Шараға ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары, колледж студенттері мен «Жас Отан» ЖҚ-ның белсенді мүшелері, жас мамандар мен жас кәсіпкерлер қатысты.

– Елбасымыз «Қазақстанның болашағын жастарға сеніп тапсыруға болады деп ойлаймын. Еліміздің болашағы үшін алаңдамаймыз. Сендер Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына шығара аласыздар» деп бүгінгі жастарға, яғни бізге зор сенім артты. Осы себепті, жастарға мемлекет тарапынан қашанда жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді, – деді модератор, «Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының» жетекшісі Замира Қалымбетова жарыссөзде алғашқы болып сөз алған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының иегері, Панфилов ауылдық округі ауруханасының жалпы практика дәрігері Айжан Есболатова аталған бағдарлама бойынша өзімен қатарлас 5 маман қызмет ететіндігін, қазіргі таңда бір реттік берілетін көтерме жәрдемақыға және тұрғын үй алуға арналған несиеге кезекте тұрғандықтарын қуана айтты. Сол себепті, жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеп, еңбекке араласудың тиімділігіне тоқталды.
– Ел намысын қорғайтын спортшыларды дайындау үшін осындай кең сарайдай кешеннің салынып, іске қосылғанына қуаныштымыз. Бүгінде мұнда 35 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс атқарады. Олардың ішінде 2 ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы, 6 спорт шебері бар. Спорттың 15 түрі бойынша 915 оқушы жаттығады, – деген жас спортшы С. Апсалямов болашақ чемпиондарға жасалып жатқан қолдауларға ризашылығын білдірді. 
Ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына жастық жігерін, күш-қуатын жұмылдырып жүрген жастардың арасынан суырылып шыққан жас ұстаз  Ә.Досбосынованың, жас кәсіпкер Н.Абдилдің, «Жасыл ел» жасақшысы Ж.Әріпбайдың, бауырлас  ұлт өкілі  М. Лайпановтың жалынды сөздері Жастар жылы өздеріне зор жауапкершілік жүктейтіндігін білдірді.
– Статистикаға жүгінсек, аудан жастарының жалпы саны 49396 адамды құрайды. Бұл – үлкен күш, зор әлеует. Осынау қуатты күшті ел игілігіне жарату үшін жастар әрдайым алға ұмтылып, үнемі ізденісте болуы, жаңалыққа ұмтылуы қажет, – деген Рыскелді Ахметқалиұлы Жастар жылында атқарылар жұмыстардың 8 бағытты қамтығанын айтып, жұмысты қорытындылады.

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Иордания Королін «Al-Farabi» орденімен марапаттады

6 қараша 2026
Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Иордания ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

6 қараша 2026
Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

6 қараша 2026
Дін және қоғам

Дін және қоғам

5 қараша 2026
Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

Жетісу жастары мен өңір басшылығы маңызды мәселелерді талқылады

5 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.