Талдықорған: +15°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘКІМ ЕСЕБІ: РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

10.02.2019
ЭКОНОМИКА
ӘКІМ ЕСЕБІ: РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Балқаш ауданы байлығы мол, ырысты өңір. Жұртқа мәлім балығы мен күрішін айтпағанның өзінде басқа саладағы жетістіктері де жетіп артылады. Бұл туралы аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовтың тұрғындар алдындағы есебінде баяндалды. Балқаштықтардың әр жұмысын қадағалап, назарда ұстап отыратын облыс әкімі Амандық Баталов әкім есебіне арнайы қатысты. Облыс басшысы бірден аудандық Мәдениет үйіне кірмей алдымен «Жасұлан» балабақшасына, аудандық ауруханаға, «Өтес» ЖШС-нің күріш өңдеу зауытына бас сұғып, өңір тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен әр саладағы жетістіктерін бағамдады.

Жалпы, Балқаш ауданы өткен жылды табысты қорытындылады. Өңір басшысы баяндамасын әкімнің өткен жылғы есебінде көпшіліктен түскен ұсыныстардың орындалу барысынан бастады. Жұрт тілегі бойынша былтыр Топар ауылының ауызсу құбырына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, Көктал ауылдық округіндегі Әмірбай көшесіне тас төселді, Ақдала ауылдық Мәдениет үйіне, Бірлік орта мектебіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бірнеше ауылдық округтің көшесі мен мектептердің айналасын абаттандыру жұмысы тиянақталды. Бақанас ауылынан 10 коммуналдық үй салынып, әлеуметтік жағдайы төмен мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға берілді. Аудан орталығындағы саябақ жөнделді. Бақбақты ауылдық округіне ауызсу құбыры тартылып, екі су қоймасы және жаңадан су мұнарасы салынды. Жиделі ауылының фельдшерлік-акушерлік пункті пайдалануға берілді. Қысқасы, өңір басшысы уәдесінде тұрып, елдің көкейкесті талаптарын орындау жолында барынша жұмыс істегені байқалады. 
Ауданның өткен жылғы даму көрсеткіші де көңіл қуантады. Айтар болсақ, ауылшаруашылық саласы бойынша 24 млрд. 945 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, ет экспорты бойынша 122 тонна ірі қара малының еті экспортталды. Шаруа қожалықтарының саны артып, асыл тұқымды мал өсіретіндер көбейе түскен. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында аудан көлемінде 5000 басқа арналған 2 мал бордақылау кешені жүйелі жұмыс атқаруда. Сол қатарда «Өтес Био Азия», «Динара Ранч» ЖШС-лары мен «Жақсылық», «Асқар-Бауыржан» және «Бірлік» шаруа қожалықтарын айрықша атап кетуге болады. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,4 млрд. теңге болып, өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда едәуір көбейген. Әсіресе күріш, балық өндірудің көрсеткіші қомақты. Аудан экономикасына 5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, ел ырысын еселесе, егістік және жайылым жерлердің электрондық картасын қалыптастыру бойынша да өнегелі істер жеткілікті. Ирригациялық жүйені жақсарту мақсатында бөлінген қаражатпен магистральдік каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 25 гидро-техникалық құрылыс пен 29 гидропост жөндеуден өткізіліпті. Орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту бойынша батыл қадамдар жасалып, кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,7 мыңға жеткен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2 млрд. теңгені құрап, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 67,2 млн. теңгеге 700 шаршы метрлік 10 жалгерлік тұрғын үй ел игілігіне беріліп, 61,4 млн. теңгенің инженерлік-коммуналдық желілері тартылған. «7-20-25» бағдарламасы аясында 52,0 млн. теңге субсидиялауға 52 адам өтініш білдіріп, екінші деңгейдегі банктермен келісім жүргізілуде. Кейінгі жылдары ауданның туризм саласын дамыту бойынша да жақсы бағдарламалар қолға алынып, Бақанас ауылдық округінде 1 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 40 жоба дайындалып, бүгінде 35 жоба жүзеге асырылыпты. 
Балқаш ауданында туған жеріне қамқорлық, қолдау көрсетуді азаматтық парызым деп білетін азаматтар да көп. Сол қатарда кәсіпкер, меценат Азамат Молдақасымовты ерекше айта кеткен жөн. Ол өткен жылы республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл тұлғасы» номинациясын жеңіп алып, жерлестеріне өнеге көрсетті. Қазір Азаматтың азаматтық істеріне қарап бой түзеген жастардың қатары көбейіп келеді. Осындай ұрпақ сабақтастығы сақталған өңірде өткен бір жылда жұрттың жағасын ұстатқан заңбұзушылық болған жоқ. Бірақ аудан әкімі құқық қорғау саласындағы жұмыстардың да жүйелі жүріп жатқанын нақтылы мысалдармен айтып шықты. 
Балқаштықтардың ендігі жоспарлары да ауқымды. Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, мал басын көбейту мен асылдандыруға айрықша көңіл бөлініп, ет және сүт өнімдерінің өнімділігін арттыруға басымдық беріледі. Ауылшаруашылық өнімінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді мал бордақылау алаңдарының санын көбейтіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында қомақты жобалар қолға алынады. Тұрғындарға көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсарту, медицина ұйымдарын озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау, ауылдық ауруханаларға білікті дәрігерлерді тарту мен оларға жағдай жасау бағытында барынша жұмыс істелмек.
Аудан әкімінің баяндамасы аяқталғаннан кейін залдағы көпшіліктен аудан орталығы Бақанас кентіндегі Т. Рысқұлов көшесіне жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының сын көтермейтіндігіне, аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге, аудан мектептеріндегі IT сыныптарының санын көбейтуге, әлеуметтік жақтан мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар түсті. Оған Ғалым Қасымұлы нақты жауап берді. Осыдан кейін жарыссөзге шыққан кәсіпкер, меценат Жақсылық Үшкемпіров, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Бақыт Сқабаев, №1 Жамбыл атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Татьяна Фазылова ауданда атқарылып жатқан, алдағы уақытта атқарылатын игілікті істердің ел болашағына қосылып жатқан үлкен үлес екенін жеткізді. 
Жиналысты облыс әкімі Амандық Баталов қорытындылап, облыстың экономикалық-әлеуметтік тұрғыда жеткен жетістіктері жайлы жан-жақты айтып өтті. Облыста қолға алынып жатқан игілікті істер жайлы рет-ретімен айта келіп, осындай жетістікке жету жолындағы балқаштықтардың үлесін нақтылап берді. Ауданның кейінгі жылдардағы дамуы мен өркендеуіндегі өрелі істерге ерекше тоқталды. Облыс басшысы ауданды газдандыру бағытындағы жұмыстарға ризашылығын білдірсе, аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу туралы аудан әкімі мен облыстық құрылыс және денсаулық сақтау басқармасының басшыларына нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, аудан әкімінің атқарған жұмыстарына көңілі толатынын жеткізе келіп, көпшілікті жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Қажет АНДАС
Балқаш ауданы 

Қатысты жаңалықтар

Кітап күні кең көлемде тойланды

Кітап күні кең көлемде тойланды

23.04.2026
«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.