Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘКІМ ЕСЕБІ: СЫРҚАТТАР ДӘЛІЗДЕ ЖАТАДЫ

08.02.2019
ЭКОНОМИКА
ӘКІМ ЕСЕБІ: СЫРҚАТТАР ДӘЛІЗДЕ ЖАТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылы Талғар ауданында толымды істер атқарылғаны жайлы аудан әкімі Рыскелді САТБАЕВ өзінің қорытынды есебінде жан-жақты баяндады. Есептік жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысының мемлекеттік инспекторы Жайсан Ахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов, облыстық еңбек инспекциясының басшысы Керімбек Жаншабайұлы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйым жетекшілері мен белсенді жастар қатысты.

Әкім баяндамасынан білгеніміздей, бюджетке түсімдер көлемі 25 млрд. теңгеге жетіп, 104 пайызға орындалған. Шығындар көлемі 19 млрд. теңгені құрап, 100 пайыз игерілген. Өнеркәсіп көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге артып, 36 млрд. теңгеге жетіпті. Былтырғы жылдың өзінде үш ірі зауыт іске қосылған. Айталық, Еламан ауылынан медициналық қалдықтарды жоятын «Интермед групп», Дәулет ауылынан шойыннан жасалған бұйымдарды шығаратын «Аль Сафа» және Панфилов ауылынан «Нұр қағаз» қағаз өндіру зауыттарының ашылуы өнеркәсіпті өркендеткен. Нәтижесінде 197 адам жұмыспен қамтылып, аудан экономикасына 2,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ал осы жылы Талғар қаласында лифт жасайтын «КазЛифт» және медициналық бағыттағы бұйым шығаратын «Синтез КЗ» зауыттары іске қосылып, 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Ауданның ең өзекті саласы – ауылшаруашылығында өткен жылы 49 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 пайызға немесе 2 млрд. теңгеге артық орындалған. «Апорт» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде аудандағы «Апорт» бағы 291 гектарға жеткен. Сондай-ақ, 14 мың тонна ет, 58 мың тонна сүт, 24 миллион дана жұмыртқа өндірілген. «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға», «Ырыс» бағдарламалары 100 пайызға орындалған. Бұған қоса, 20 тонна сиыр еті қырғыз еліне экспортталған.
Осы жылы 2 ет бағытындағы және тауарлы-сүт фермаларын құру жоспарлануда. Жалпы құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаны 500 жаңа жұмыс орнын аша отырып іске асыру көзделген. Осы арқылы ауылшаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемін 7 пайызға арттырып, 52 млрд. теңгеге жеткізуді мақсат етуде. Кәсіпкерлік, инвестиция және құрылыс салаларында да ілгерілеушілік айқын байқалады.
Баспаналы болудың басты бағыты – «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінуде. Осы уақытқа дейін 436 азамат екінші деңгейлі банктерге өтінім білдірсе, оның 27-сінің өтініші қанағаттандырылған. Аудан бойынша бүгінде 5 тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үшауысымды мектептерді азайту қолға алынған. Денсаулық сақтау, спорт және туризм, мәдениет сынды сүбелі салаларда атқарылған істер мен алдағы жоспарлар да көңіл қуантады.
Аудан басшысының баяндамасынан соң жарыссөзге шыққан тұрғындар арасында ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Алғашқы сөз кезегін алған талғарлық тұрғындар  В. Павлов, Ж. Хасанова көпқабатты және екіқабатты тұрғын үйлердің табиғи газбен қамтылуы мен электр жарығы үшін төленетін тарифтің қымбатшылығын, қаладағы «жабайы сауданы» ретке келтіруге қатысты пікірін білдірсе, зейнеткер Галина Михайловна аудандық ауруханада орын тапшылығы барын, аурулардың дәлізде жататындығын айтып, төсек санының көбейтілуін сұрады. Ал «Береке» бау-бақша қауымдастығы атынан сөз алған К. Мырзабекова саяжайлық тұрғындардың талайдан бергі бас ауруына айналған «Ауыл» статусын алу және газға қосылудағы қиындықтарды құлаққағыс етті. Жарыссөзде әр ауылдан келген 
Н. Королева, Қ. Төртбаев, Қ. Ізбасаровтардың ұсыныс- тары да тыңдалды. Талғар ауданының Құрметті азаматы Рая Ыдырәлиева аудандық білім бөлімі басшысының орны бос тұруына байланысты туындаған келеңсіздіктерді жеткізді.  Сонымен қатар, аудандық Мәдениет үйінен мән кетіп, жиналыстардың жыл сайын көшіп-қонып жүріп өтетіндігіне қынжылысын білдірді.
Жиынды қорытындылаған облыстық мәслихаттың хатшысы С. Дүйсембінов облыс аумағында атқарылған іс-шараларды баяндады.
Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026
Жетісу тарихын сөйлеткен

Жетісу тарихын сөйлеткен

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.