Талдықорған: 0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ: «ҚАЗАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ»

05.02.2019
РУХАНИЯТ
Серік ӘБІКЕНҰЛЫ: «ҚАЗАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ»
WhatsAppTelegramFacebook

Алты Алашқа алақайлап «Мизам» әдеби клубының құрылғанын жеткізген едік. Міне, қазақ әдебиетіне жаңаша рең беріп, жастардың талантын танытатын клубтың кезекті кеші көрерменге жол тартты. Осы кезекте қаламы қарымды жазушы әрі журналист, «Парасат» журналының бас редакторы Серік ӘБІКЕНҰЛЫНЫҢ шығармашылығы сахналанды.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бас ғимаратында әдебиетсүйер қауымға арналып «Ұлыма хат» атты театрландырылған кеш өтті. Жазушының қалың оқырман жастанып оқитын «Жегі», «Жолбарыс жымы» жинақтары театр тілінде сүйінтіп, сүйіндіріп сөйледі. Ұлттың темірқазығы іспетті «Қазақтың жаны», «…жүрегі», «…тәні», «…өмірі», «…Тәңірі» тақырыбындағы «Қазақ. Бітеу жара» циклі көңіл тербеді. Оқу бір басқа, ал сахнадан көрудің жан толқытар ләззаты мен жүрек шымшыр шынайылығы тағы бір басқа. Қазақтың салт-санасы, ұлттық ұстыны, ұлағаты бірінен соң бірі көрерменді толқытып, терең тағылымға шомдырды.

Мысалы, «Қазақтың жаны – нәзік, гүл сынды үлбіреп тұр. Қату қолдар қанша жұлса да тереңде жатқан тамырынан нәр алып, езілген сабағындағы жарасын шырынмен емдеп, қайта бүр жарды» немесе «Қазақтың жүрегі… Оны суреттеуге, оның жай-күйін жеткізуге тілі жеткен ешкім жоқ. Қазақ жүрегінен қан сорғалайды» сынды сөздер кімге болсын ерекше ой дарытары анық. Әрбір көрермен жүрегіне сәуле сепкен кеш бағасын қойылым аяқталғаннан кейінгі жиналған қауымның ыстық ықыласы аңғартты. Автормен шағын сұxбат құрып, түйіткілді сауалдарға тұщымды жауап алынды.

Серік Әбікенұлы дәстүр бойынша «Мизам» әдеби клубының кітапханасына ең сүйікті кітаптарын тарту етті. Ал клуб мүшелері жазушының суреті салынған портретті сыйлады. Әнші Әліби Бекайдардың орындауындағы «Заман-ай» әні кештің сәні мен мәнін кіргізді.

Сахнаға көтерілген халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін:

— Қазір ерекше тебіреністе тұрмын. Шығарманың кітап, мақала болып шыққаны бір басқа, ал көзбен көру тіптен ерекше. Телеаранының тізгінін ұстап жүріп, тариxпен де, публицистикамен де, әдебиетпен де айналысып, кешегі алашшылардың шырағданын жағып келеді, — деп Серік Әбікенұлына шығармашылық табыс тілеп, осындай кеш өткізген мизамдықтарға алғыс айтты. Ал облыстық «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Досан Қызайбекұлы автордың шығармашылығына кеңінен тоқталды.

Осылайша жетісулық әдебиетсүйер жастың оң бағасына ие болған «Мизам» жас әдебиетшілер клубы тағы бір автордың тұщымды туындысын сәтті саxналап шықты. Келешекте де дәл осындай кеш көрермен назарына ұсыныла бермек.

Мәулен ӘНЕРБАЙ,

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

«Жетісу»

 

Қатысты жаңалықтар

Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

04.02.2026
Оқушыны зорлаған зейнеткер

Оқушыны зорлаған зейнеткер

04.02.2026
QR ма, әлде қолма-қол ақша ма? Халықтың таңдауы өзгерді

QR ма, әлде қолма-қол ақша ма? Халықтың таңдауы өзгерді

04.02.2026
Қазақстанда зейнеткерлерге қандай қолдау бар?

Қазақстанда зейнеткерлерге қандай қолдау бар?

04.02.2026
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.