Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ: «МӘРИЯ»

03.02.2019
РУХАНИЯТ
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ: "МӘРИЯ"
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтың аяулы қызы, қоғам қайраткері, білікті ұстаз, руханият жанашыры Мәрия Бесбайқызы Жүйріктаева хақында

I

Сусындап халқымыздың бай тілінен,

Сыр тартып тереңдігі ой түбінен.

Қолыма қалам алып жыр бастадым,

Арнайы Қуанышбектің айтуымен.

 

Жараспас жүйрік тілді шідерлесем,

Еркіне көсілгенде жібермесем.

Баһадүр Наурызбайға тіреледі,

Жөн сұрап жеті атасын түгендесем.

 

Қаһарман бабасындай зор денелі,

Құдайым кең жаратқан – мол көлемі.

Ойлаған қара басын біреу емес,

Жұрт қамы жүрегінде тербегені.

 

Жайдары, көп шытпайды қабағын ол,

Елінің тарихынан хабары мол.

Атадан үлгі көрген ұрпақ қана,

Артқыға адаспайтын салады жол.

                  

Маздаса от тұтанып сәл ұшқыннан,

Алаулап көрінеді алыс қырдан.

Серікбай Нұрғисаев інім еді,

Біздерді таныстырған – табыстырған.

 

Әкенің көңіліне жұбаныш боп,

Туыпты ұлдан жалғыз Қуанышбек.

Жетпістің жотасында отыр бүгін,

Көрінген тауды айтады кім алыс деп?!

 

Бауырмал екі әпкесі алдындағы,

Көңілін Қуаныштың қалдырмады.

Мәрия оза шығып ортасынан,

Атанды қаршадайдан елдің бағы!

 

Бесбайдың өмірдегі бар қызығы –

Еліктей екі қызы, жалғыз ұлы.

Ауылдың ағасы боп көпті көрген,

Соңында сайрап жатыр шалдың ізі.

 

Бесекең көз жұмыпты қапияда,

Қалдырып өсиетін осы ұяға.

Үсікке шалдырмапты үш баласын,

Аузымен тістеп жүріп Бәти – ана! 

 

Мейірімнің нұры тұнған жүрегінде,

Бар бақыт ата-ананың тілегінде.

Мәрия ұл орнына жүрген екен,

Келгенше Қуанышбек мына өмірге.

 

Сейілткен ұл тілеген әке мұңын,

Сегіз жыл ортасында екеуінің.

Мәрия сүйеніш болып шаңыраққа,

Қайыспай көтеріскен шеше жүгін!

 

Ерлерше ешнәрсені уайымдамай,

Ұстауды біле білген бойын қалай.

Інісін бағып-қаққан аға болып,

Заты қыз екендігін мойындамай. 

 

Оқуда, еңбекте де болған озат,

Болмаған артта қалып елге мазақ.

Бойжетіп өз тізгінін қолға алғанша,

Талығып талай-талай көрген азап.

 

Жасқанбай топты жарып жалғыз өзі,

Сан жерден алып шыққан ер мінезі.

Талаптың тұлпарына ерте мініп,

Қияны қыран құстай шалды көзі!..

 

ІІ

 

Тулаған толқынындай дарияның,

Күреске толы өмірі Мәрияның.

Бөбегі туа сала бата берген,

Ақ басты Алатаудай қарияның.

 

Әкесі өмір бойы қой бағыпты,

Тау мен тас, даланы шыр айналыпты.

Ықпаған дауылдан да, бораннан да,

Солардай осы күні қайда мықты?

 

Аңыз ғып еске аламыз сол уақытты,

Байыған еңбегімен ел бақытты.

Күзді күн ел жайлаудан түскен кезде,

Анасы ат үстінде толғатыпты.

 

Көш тоқтап, теңдеген жүк шешіліпті,

Қос тігіп, қариялар көсіліпті.

Шыр етіп туа қалған шарананың,

Кіндігі жол-жөнекей кесіліпті.       

 

Әр нәрсе ойлап тұрсақ емес тегін,

Шөп шықса көріп жүрміз мал өскенін.

Сұлуке деген кемпір орақпенен,

Кіндігін кескен екен нәрестенің.

 

Төріне шығармаған әлдекімді,

Көнелер кейінгіге болған үлгі.

Күресіп, көкпар тартып, атқа шапқан,

Сұлуке әйел екен ер көңілді.

 

Сенбейсің ғажайыпқа қалай тіпті,

Жақсы ырым ел ырысын молайтыпты.

Шешесі Мәрияға өсе келе,

«Тартқансың Сұлукеге!» деп айтыпты.

 

Сіңірген бойындағы бар асылын,

Алдымен ана білер бала сырын.

Мәрия да асық атып, атқа шапқан,

Айтқаны аумай келген анасының!

 

Шашын да тақырлатып алдырыпты,

Қылығы көргенді таң қалдырыпты.

Әкенің қысы-жазы соңына еріп,

Шөп шапты, орақ орды, малды күтті.

 

Бесбай да барынша оны еркелетті,

Тойға да, көкпарға да ерте кетті.

Киінген ұл киімін кішкентай қыз,

Әнімен сүйсіндірді қанша көпті.

 

Жайнаған бүгінгі өмір ертең өтер,

Еңкейген әке қанша еркелетер.

Ой түсті он бесінде Мәрияға,

Тағдырға тізе бүксе талқан етер…

 

Өз жолын мына өмірден таба алмаса,

Жалындап жастық шақта жана алмаса,

Емес пе жігерінің құм болғаны,

Жоқшылық желкелесе оған қоса.

 

Ойласа көз ілмейді келешегін,

Артпасқа өзіне-өзі неге сенім?!

Оқыған-тоқығанның алды жарық,

Көреді надан болса көрешегін.

 

Бола ма жасағанмен жоқтан-барды,

Мәрия көп ойланды, көп толғанды.

Қасында тиіп тұрған Алматы емес,

Жөн көрді алыс жаққа аттанғанды.

 

Бітіріп жетіншіні мектебінде,

Қанатын балапандай қақты өмірге.

Қазақы тіршілікке қайран қалды,

Кең қолтық Қызылордаға жеткенінде.

Пойыздан түсе қалған жаңа ғана,

Қыздарға құшақ ашты көне қала.

Алайда іздеп барған оқу орны,

Келдің деп қабақ шытты неге, бала?

 

Тілегін жас жүректің орындамай,

Әп-сәтте құбылады өмір қалай?

«Орысша бітіргенсің, алмаймыз!» – деп,

Тастады құжаттарын қабылдамай.

 

Сөйлесіп көріп еді ары-бері,

«Қазақша, емтиханның бәрі», – деді.

Өлсең өте алмайсың бұл сынақтан,

«Үйіңе қайтқаның жөн кері!» – деді.

 

Құлдырап ащы даусы құлындағы,

Еңіреп қаршадай қыз шырылдады.

Өлсем де қайтпаймын деп қасарысты,

Атылып ашуының тығындары.

 

Табатын кім бар дейсің жоқты мұнда,

Балады қыз мінезін жақсы ырымға.

Ақыры емтиханның барлығын да,

Қазақша рұқсат берді тапсыруға.

 

Қарсылық көрмей сірә кім жетілген,

Қиналды өтетіндей қыл көпірден.

Көз ілмей күндіз-түні дайындалды,

Бел буып тәуекелге бір бекінген.

 

Неше күн шыбын жанын шырқыратқан,

Сүрінбей өте шықты бұл сынақтан.

Ұялды кейбіреулер қызарақтап,

Жас қызға іштерінен мылтық атқан.

 

Тұра ма жастық шақта күш тасымай,

Оқуға бұзып-жарып түсті осылай!

Дүниеден кетті әкесі сол жылдарда,

Дариға, сұм жалғанның қысқасын-ай?!

 

Намыстың арқасында бойындағы,

Қиындық, кедергіден тайынбады.

Орысша оқыдың деп шеттеткендер,

Ерлігін құйттай қыздың мойындады.

 

Қазіргі асып-тасқан тойдағыдай,

Ол кезде шалқып басу қайда былай?

Зардабын тарта жүріп жоқшылықтың,

Оқуын аяқтады ойдағыдай.

 

Өткіздік көп қателік жасырмаймыз,

Заманнан бірақ қалай шошынбаймыз?

Орысша оқығанның арасынан,

Бұл күнде табылар ма осындай қыз?!

 

ІІІ

 

Өмірде шеше байғұс не көрмеді,

Біртіндеп денсаулығы төмендеді.

Оқуын Мәриясы бітіріп кеп,

Осы еді көктегені, көгергені.

 

Келген соң алғандай бір зор қамалды,

Оқуға түсіп еді ең жоғарғы.

Еріксіз сыртқа ауысып, үйге оралды,

Аңсаған асыл арман жолда қалды.

 

Бауыр жас, шеше сырқат, әкесі жоқ,

Байқаса шешімінің қатесі жоқ.

Отбасын асырайтын өзі ғана,

Еңбектен басқа жолдың төтесі жоқ.

 

Білмейді алдан қандай жол ашылар,

Қол ұшын бере алмайды нағашылар.

Әпкесі Шәкіжанның қолы қысқа,

Үбірлі-шүбірлі көп баласы бар.

 

Тұра ма асықпаса тосып өмір,

Көшіне ілеспесе несіне жүр?

«Еңбекпен мал тап!» – дейтін әке сөзін,

Алады әр күн сайын есіне бір.

 

Белгілеп шыққан күнін ең алғашқы,

Ұстаздық ұлы жолға қадам басты.

Санаумен әр сағатын тіршіліктің,

Ай-жылдар содан бері сан алмасты.

 

Жігіттің түгенделмей ер-тұрманы,

Мүмкін бе қатарынан артылмағы?

Тостырып, тұрмысқа да кештеу шықты,

Қарайлап жалғыз ұлға артындағы.

 

Шешенің орны бөлек жүректегі,

Сол үшін маңдай тері шүмектеді.

Әйтеуір Қуанышы ержеткенше,

Отбасын әкесінің жүдетпеді.

 

Қабыл боп үлкендердің тілектері,

Жыл сайын ұшып жатты түлектері.

Алдынан жүрген сайын күтіп тұрды,

Өмірдің бір өткелден бір өткелі.

 

Жетелеп алыстағы игі арманға,

Жанына сүйеу болды сүйген жар да.

Біреулер қақты талай тобығынан,

Арсыз боп туғандарда иман бар ма?

 

Тайсақтап тоқтатпады күрес жолын,

Біліммен сүріндірді тірескенін.

Түлегі туған елдің қаулай түсіп,

Тіледі әр бақшада гүл өскенін.

 

Тіземін қызметінің қайсыбірін,

Тілді ояр сора берсем ой шырынын.

Тынымсыз арпалысқан тіршіліктің,

Ақылмен шешті қанша қайшылығын.

 

Болды адал заманына, міндетіне,

Бөленді туған елдің құрметіне!

Табанын әділдіктен тайдырмады,

Шындықтың қарсы келсін кім бетіне?

 

Жұлдыздай қайда барса жарқылдады,

Мәрия ер мінезді, ер тұлғалы.

Ұлтының жоғын жоқтап, сөзін сөйлеп,

Төрінен Парламенттің саңқылдады.

 

Танытты тарландығын әр жұмыста,

Шыңдауға шынықтырып тағдыр ұста.

Самғаумен сан биікке көтерілді,

Амал не, ғұмыры сәл болды қысқа…

 

                         IV

 

Соңында екі бірдей ұлы қалды,

Туған ел, таусылмайтын жыры қалды.

Тұрғанда немере мен шөберелер,

Мәрия Бесбайқызы тірі мәңгі!

 

Іздейді оны жоқтап күллі атырап,

Опасыз, жалған дүние кімге тұрақ?

Рухына періштелер тағзым етіп,

Жағады басына кеп түнде шырақ.

 

Халықтың көз алдында өткен ізі,

Қашанда жарық болды көпке жүзі.

Лақтырды талай рет тереңіне,

Жылдардың толқын атқан көк теңізі.

 

Бірақ та беріспеді, арпалысты,

Болса да соққан дауыл сонша күшті.

Өмірдің ағысына қарсы жүзді,

Қарсы алып қанша көктем, қанша қысты.

 

Риза өміріне тағдыр жазған,

Кезі жоқ жұрттан бөлек жалғыз қалған.

Не көрсе бірге көрді халқыменен,

Қаймықпай желтоқсанда қанды ызғардан!

 

Ұлтына жастайынан жаны ашыды,

Мөлтілдеп жасқа толып қарашығы.

Қорғады ана тілін қызғыштай боп,

Елінің сол емес пе ең асылы!

 

Өнерге, өлеңге де жақын жүрді,

Жақсының атын білді – затын білді.

Кейбіреу азамат боп бөрік киген,

Қасында Мәрияның не тындырды?

 

Барлығын өнерпаздың дос санайтын,

Үн-түнсіз отыруды қостамайтын.

Шырқатып әнге басып топты жерде,

Қолынан мандалинін тастамайтын.

 

Қалғанда оңашада кешке жақын,

Өмірін бастан өткен еске алатын.

Балғабек ағасы еді қамқор болып,

Қолдаған қаққанда алғаш қос қанатын.

 

Тірлікте адамменен адам күні,

Кейбіреу білмесе оны – надандығы.

Қашанда көпке жеңіл көрінеді,

Жұмылып көтергенде заман жүгі…

 

Аттары ғасырлардан бізге жеткен,

Қазақта небір асыл қыздар өткен.

Құлаған тау басынан тастай болып,

Құлдилап  талай тарих құзға кеткен.

 

Арулар жер қорғаған, ел қорғаған,

Олардан асқан таза жан болмаған.

«Қыз бала – елдің көркі» деген сөзді,

Қазағым құр бекерге қолданбаған.

 

Жасқанбай қалың жиын топқа кіріп,

Қыздар көп ел басқарған атқа мініп.

Марқасқа Мәрия да соның бірі,

Халқына ақ жарылған ақтарылып.

 

Қазақтың қыз-ұяты, қыз-намысы,

Асылы, ардақтысы, қызғанышы.

Бетіне шіркеу түссе қыз баланың,

Кетеді ата-ананың мұздап іші.

 

Бақыттың бастап биік белесіне,

Көтерген қызын қазақ төбесіне.

Кешегі Әлия мен Мәншүктерді,

Түсірсек артық емес ел есіне!

 

Ал, қазір, ей, ағайын, қызың қандай,

Сиқы бар көше кезіп бұзылғандай.

Қыз кетсе келімсектің қолтығында,

Қарайсың елге қалай жүзің жанбай?

 

Ұрпаққа үлгі көрген кие қонар,

От басса, көбелектей күйеді олар.

Қызына ие болмай отырған жұрт,

Жеріне ертең қайтіп ие болар?

 

Қоймасақ осындайда ойға салып,

Тірейді мына заман қайда апарып?

Мәрия, Фариза жоқ шырылдайтын,

Халқының намысынан қайрат алып!..

 

Адамдық қасиеттің бәріне бай,

Таниды өз асылын халық оңай.

Біртуар ержігітке бағасы тең,

Қыз болса, болсын біздің Мәриядай!..

 

Несіпбек АЙТҰЛЫ,
мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
26.01.2019ж

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.