Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ТАБЫСЫ ТОЛЫМДЫ

01.02.2019
ЭКОНОМИКА
ТАБЫСЫ ТОЛЫМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Екі апта бойы алыс-жақын елді мекендерді аралап, 24 селолық округ орталықтарында халықпен жүздескен аудан әкімі Бағдат ӘЛИЕВ бейсенбі күні қорытынды есебін берді. Аудандық Мәдениет үйінде өткен кездесуге мекеме, ұйым, құқық қорғау органдарының басшылары, ауыл әкімдері, аудан орталығы мен ауылдардан тұрғындар келді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Айдарбек БАЙЖАНОВ қатысып, жамбылдықтарды өңір дамуынан хабардар етті.

 

Ауданда жүзеге асырылған ауқымды жұмыстар алдымен бейнефильмде көрсетілді. Одан кейін Бағдат Байшалұлы көпшілік алдында 2018 жылы атқарылған істерді жан-жақты баян­дап, алдағы межелерді ай­қындады. Ақындар мен батырлар мекенінің өткен жылды толайым табыстармен қорытындылағанын нақты мәліметтермен айғақтаған аудан жетекшісі әр саладағы істің жай-жапсарына жеке-жеке тоқталды. 

Кейінгі кезде мұнда жан жа­дыратар жаңалық көп. Заман тала­бына сай көптеген тың істердің қолға алынып жатқаны жұртшылықты қуантады. Ауданның өткен жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары толықтай орындалды. Ауылшаруашылығында 47 млрд. 776 млн. 600 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,3 пайызды құрады.

Аудан облыс бойынша қой мен ешкі, жылқы өсіруден 1- орын, түйе, ірі қара санынан 2-орын, құс саны бойынша 5- орын алады. Мұнда 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 89081 бас ірі қара, 607965 бас қой-ешкі, 30840 бас жылқы, 1422 түйе, 490421 бас құс есепте бар. Алдыңғы жыл­мен салыстырғанда былтыр ірі қара саны 2,5, қой-ешкі 3,9 пайызға, жылқы 7,5, құс 4,7 пайызға өсіп, түйе ғана 12,4 пайызға кеміпті. 23196 тонна ет,  47302 тонна сүт, 101 млн. 239 мың дана жұмыртқа өндірілген. Егістік көлемі алдыңғы жылға қарағанда 3266 гектарға артты. 48193 гектар дәнді дақыл егістігінен 109495 тонна арпа-бидай, 633 тонна сұлы, 27448 тонна жүгері, 5072 тонна майлы дақылдар, 1002 тонна жеміс-жидек, 31220 тонна картоп, 29443 тонна көкөніс, 11752 тонна бақша өнімі жиналды. Ауданда 8 жылыжай, 16 мал бордақылау алаңы, 7 тауарлы-сүт фермасы, ірі құс фабрикасы жұмыс іс­тейді. Осы көктемде өндірістік қуаттылығы 8 мың тонналық ет комбинаты іске қосылмақ. 

Жыл санап жылдам өс­­іп, халқының саны 170 мың­­­­­ға жуықтаған ауданның әлеу­­меттік-экономикалық даму барысы басқа да негізгі көр­­­сеткіштерден байқалады. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің жал­пы көлемі 17 млрд. 66 млн. 600 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,5 пайыз болды. Өткен жылы Қарғалы ауылында электрод шығаратын зауыт, қой жүнін өңдейтін фабрика іске қосылды. Алдағы уақытта Таңбалытас ауылында 400 жұ­мысшысы бар, қуаттылығы 600 тонналық цемент зауыты ашылмақ. 

Жарыссөзге шыққан «Жақ­­сылық» шаруа қожалығының төр­ағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров, «Шығыс кен басқармасы» ЖШС директоры Елена Катранова ауданда атқарылған істерге орай ой-пікірлерін ортаға салды. Тұрғындардан Тарғап ауылында дәрігерлік амбулатория салу, Таңбалытас ауылына табиғи газ тарту туралы ұсыныс түсті.

Жиын соңында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов көпшілікті Жетісу өңірінде атқарылған жұмыстармен таныстырып, аудан аумағы арқылы өтетін халықаралық, республикалық, облыстық маңыздағы жолдардың жөнделу жайына тоқталды. Аудан жетістіктерін атап өтумен бірге орын алған кемшілікті сынға алып, құрылыс жұмыстары көлемінің кемуіне, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру жобасының жоқтығына, ауыр қылмыс санының артуына назар аударды. Аудан әкімі мен жергілікті атқарушы органдар басшыларына кәсіпорындардың толық қуатында жұмыс істеуіне ықпал ету, ірі өндіріс орындарын жаңғырту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының орынсыз көтерілуіне жол бермеу, қылмыстың алдын алу, алыс ауылдарды газдандыру бағытында жұмыс жүргізуді тапсырды. 
Жиынға қатысқан тұр­ғындар аудан әкімінің жұмы­сын қанағаттанарлық деп бағалады. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026
Жетісу тарихын сөйлеткен

Жетісу тарихын сөйлеткен

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.