Талдықорған: +16°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ГАЗ ҚОСАМЫЗ ДЕГЕН АЛАЯҚТАР КІМДЕР?

21.01.2019
ЭКОНОМИКА
ГАЗ ҚОСАМЫЗ ДЕГЕН АЛАЯҚТАР КІМДЕР?
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысына газ желісін тарту жұмысы республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, бұл орайдағы қиындық жеке және көпқабатты тұрғын үйлерді газ желісіне қосу барысында туындады. Осы барыстағы мәселелер «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өндірістік филиалында өткен баспасөз мәлімдемесінде сөз болды. Оны журналистерге филиал директоры Жайық Әлішев жеткізді.

Еске сала кетсек, қаланы газдандыру жұмысы 2017 жылы басталып, төрт кезең бойынша жүргізілуде. Жоспар бойынша газдандырудың алғашқы кезеңі аяқталғанда 5447 жеке үй мен көпқабатты үйлердің 9958 тұрғыны табиғи газға қосылуы керек еді. Бүгінгі есеп бойынша газбен жабдықтау желісіне 2157 абонент қосылып, 300 абонент газдың қосылуын күтуде.

– Қаланы газдандырудың бірінші кезеңіндегі жоспар 40 пайызға орындалды. Жоспардың толық орындалмауының өзге де себептері бар. Айталық, біріншіден, газ желісіне қосу кезінде кейбір жеке тұрғын үйлердің жабдықтары дайын болмай жұмыс кешеуілдесе, екіншіден, газбен жабдықтаудың екінші, үшінші кезеңінде бірқатар көшелерге қазірше газ жеткізілмей тұр, – дейді Жайық Әлішев.

Несін жасырайық, газдандыру жұмысының баяулығына  «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өңірлік филиалын кіналайтындардың қатары көп.     Біз де күні бүгінге дейін осындай ойда болып келген едік. Сөйтсек, мәселенің мәні тереңде жатыр екен. Жетісу өңірінде нысандарды газдандыру саласындағы құрылыс-монтаждау жұмысымен 45 компания айналысады. Олардың қатарында «AQZERAI» ЖШС, «АЭС» ЖШС, «СК ОНГЕН» ЖШС, «ЖАНА Дааур» ЖШС өз жұмысын кедергісіз атқарып келе жатыр. Алайда мердігерлердің бәрі өз қызметін тиянақты атқара бермейді. Соның салдарынан тұрғындардың сенімін селге кетіріп жүргендер де жетерлік. Бүгінге дейін қалаішілік газ құбырына жиналған судың кесірінен газды 1576 рет өшіру дерегі тіркелді. Қысқы жылыту маусымы кезінде газдың өшіп қалғаны туралы 88 шағым түсті. Соның салдарынан 500-ден астам абонент табиғи газға қосылудан бас тартты. Оған қоса газ жабдықтарын қосу кезінде ШРП (шкафтық газ реттеуші пункт) ішіндегі есептегіш құралға жалғанатын құбырды қайта дәнекерлеу, бітеу арматурасының жоқтығы, құбырдағы тесіктен газ кету секілді қиындықтар жиі кездеседі. Сонымен қатар, газдандыру нарығындағы бәсекелестікті пайдаланып қалуды көздеген жоба жасайтын және сметалық-монтаждау жұмысын жүргізетін мекемелер клиент тарту үшін тәуекелге барып, сатып алу бағасын тым арзандатып, талапқа сай емес немесе бұрын қолданыста болған материалдарды монтаждау жұмысына пайдаланып, аңқау елді алдауын тоқтатар емес. Осының салдарынан ақша төлесе де үйіне газ қостыра алмай көмір жағып отырғандар көп. Тіпті, газ желісіне заңсыз қосылып алғандар да кездеседі.

Тексеріс кезінде анықталғандай, бұл заңсыздықтар жеке мердігер компаниялар жұмыс атқарған жерлерде тіркелген. Өкінішке қарай, газ тарату желілері ұлттық оператордың меншігінде деген жаңсақ пікірге сеніп алған тұрғындар «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өңірлік филиалының үстінен шағымдана салуға әдеттеніп алған. Алайда бұл шағымдардың біреуі де дәлелденбеген. Керісінше, қаланы газдандыру жұмысы басталғалы нәпақа тауып, мол пайдаға кенелуге ұмтылатын жалған мердігерлер көбейіп кеткен. Сондай жалған компаниялардың зардабын шеккендердің бірі Пушкин көшесіндегі №195 үйдің тұрғыны Илхам Молдабаев «Дәурен деген жігіт өзін «ГазТранс Аймақ» Жетісу өндірістік филиалының өкілімін деп таныстырып, тұрғын үйге газ желісін қосатын келісімшарт жасасып қайтты. Келісімшарттағы мекеменің таңбасын көріп, сеніп қалдық. Алайда монтаждау жұмысы бітіп, газ қостыру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өңірлік филиалына барғанда оның жалған компанияның өкілі екенін бір-ақ білдім. Істелген жұмыстың бәрі өлшемге сай болмай шықты. Аңқаулықтың кесірінен 80 мың теңгеден айырылып, қайтадан «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өңірлік филиалы ұсынған сенімді компанияға үйге газ қосу жұмысын жүргіздім», – дейді.

Талай адамды сан соқтырған алаяқтардың алды тұтқындалып, заңдық жауапкершілікке тартылса да, тізгінін жимастан тайраңдап жүргендері әлі бар. Олардың кесірінен қанша адамның зардап шегіп жатқаны қазірге белгісіз.

– Алаяқтарға алданып жүрген тұрғындар әлі көп. Біз осы жайлы қаншама рет ескертсек те құлақтарына ілмейді. Өздерінің кінәсін жасыру үшін кейбір компания өкілдері біздің филиалға күйе жағып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысып жүр, – дейді филиал директоры. — Талдықорғандағы тағы бір бас ауруы – көпқабатты үйлерді табиғи газға ауыстыру мәселесі. Бұл да әлі шешімін таппай келеді. Аталған мәселе өткен жылдың соңында облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен өткен елді мекендерді газдандыру мәселесіне арналған жиында қаралған болатын. Ол кезде бәріміз «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өндірістік филиалының жұмысына қырын қарағанымыз рас. Әрине, бір текше метрі 350-500 теңге тұратын сығымдалған газға қарағанда текше метрі 29 теңгеден сатылатын табиғи газды әркім қолданғысы келеді. Тұрғындар: «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өндірістік филиалының жұмысты жедел жүргізбейтіндігінен  бұл артықшылықтан қағылып қалып жатырмыз деп есептейді.

– Біз өткен жылы көктемде табиғи газға қосу туралы өтініш білдіріп, арыз жазған болатынбыз. Осы жазда табиғи газдың игілігін көресіңдер деген жауап та алдық. Газ ауыстыруға керекті құралдарды да сатып алып қойдық. Оған  25 мың теңге айналасында шығындалдық. Айтпағым  бұл емес. Бірақ, содан бері жарты жыл өтті. Іргеде тұрған табиғи газдың құбырын ауыстырып, үйге жалғауға осыншама уақыт кете ме? – дейді «Қаратал» шағынауданы 43 «В» үйдің тұрғыны Советжамал Құнанбаева.

Осы ретте біз газ ауыстыру мәселесіне бағасы қымбат сығымдалған газ тасымалдаушы жергілікті компания «Тавиди» ЖШС мен табиғи газ жеткізуші «ҚазТрансГаз Аймақ» Жетісу өндірістік филиалының арасындағы текетірестің себеп болғанын білдік.

— Біз көпқабатты үйлерді сығымдалған газдан ажыратып, табиғи газға ауыстыруға қатысты барлық монтаждау жұмысын аяқтадық. Газбен жабдықтау жүйесін ауыстыруға рұқсат сұрап, облыстық, қалалық мекемелерге сан мәрте хат жаздық. Алайда, қазірге нәтиже жоқ, – дейді Жайық Әлішев.

Оңай олжадан кім айырылғысы келсін?  Хат жаза бергенмен де көпқабатты тұрғын үйлердегі 10 мың тұрғынның сарыла күткен үміті ақтала қояр ма?! Демек, бұл мәселені оңтайлы шешудің баламалы жолын қарастырған да жөн сияқты. Қазірше: «Газдандыру мәселесіндегі түсініспеушілікті шешу үшін өңірде газ техникалық инспекциясын құру керек», – деген Жайық Еділұлының айтқанына иландық.

Қажет АНДАС,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Кітап күні кең көлемде тойланды

Кітап күні кең көлемде тойланды

23.04.2026
«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.