Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС…

20.01.2019
ЖАНСАРАЙ
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС...
WhatsAppTelegramFacebook

«Қашқан ойды қаумалап, құрықты сап,
Бір қораға қамадым ұрып, тұсап.
Бірікпеген бастары бәтшағарлар,
Бір-бірімен сонда да қырықпышақ», –
деп жырлапты әдебиет әлемінде ат шалдырып, өзіне тән асқақ тұғыр сайлап кеткен Әбен Дәуренбеков. Зәу биікті қымтаған қою тұманнан жасу іздеп түртінектеген соқыр сәуледей көңіл түкпірінен мынау сақи жалғанның жарығына бір шықсам деген пікір мен ойлар легі де баршылық емес пе?! Оларды әдеби көркемдеп бейнелеуге қасиетті Жетісу топырағында туған Әбен ақынның осы бір өлең жолдары жеткілікті көрінді. Сондықтан да ой қазанын сапыруға сеп болған бірқатар оқиғаны айрықша айтып өтуді жөн санадық.

 

    Иә, оқиға дегенде бәлендей талайлы тағдырлар термеленер, ғажайып әрі шым-шытырық ғұмыр сипатталар дүние емес-ті. Бастан кешкен… ойда қалған жайттар. 
    Бірде халық аяғынан босамайтын саябақтың бір қалтарысындағы жалғызаяқ жолмен келе жатып бебеу қаққан бір әйелді ұшырастырдық. Телефонын құлағына жабыстыра буынсыз тілін безеп отыр. Үйден оңаша шығып, көңіл жақын жамағайынына ақтарыла сыр шертіп отырса керек. Жарғақ құлақты жабарлық қауқар болмаған соң әңгімешіл жаннан алыстағанша біраз жайтқа қанық болып үлгердік. …Баласы бірнеше жыл бұрын кісі қолынан қаза тауыпты. Қара жамылған ана жан күйзелісінен арыла бастағанда белгісіз бір әумесерлер үйіндегі бар жиғанын үптеп кетіпті. Тағы да көлденең келген кесапаттар бір басына жетіп артылатын сыңайлы. Осының бәрін телефонның ар жағындағы рухани сырласына күйіне қайталап отырған әлгі әйел әңгімесінің ортасында «аса ресми» түрде сөйлей бастады: «Қазақтың жауы – қазақ! Енді не істей аламыз. Кеудеде жан барда бәрін көріп, үнсіз төземіз де…». Әңгіме жүлгесі осы араға келгенде сонадай жерден жалт бұрылып күйінген жанға жанар отын жарқ еткізіп, қайта айналып өз жөнімізді тапқанбыз.
   Өз жөніңе кетпей қай түленнің түртпегіне ермексің. «Айналайын-ау, қазақтың жауы – қазақ», дегеніңізге жөн болсын?! Мұныңыз не? Не айтып отырсыз?» деп шаужайына жармассаң бар ашуын бізден алмасына кім кепіл? Бірақ, сол әйелдің сөзінен кейін осы бір жанға жақпас пікірді жүз мәрте, бәлкім, мың мәрте естіген болармыз. 
   Иә, ести-ести мәтелдей қабылдайтын болдық. Тіпті, жанар отын жарқ еткізіп, реніш білдіруді де ұмыта бастағандаймыз. Бүйте берсек, сол мәнісі жоқ пікірді бір күні біз де сөз қорына қосып алатын жайымыз бар.
Қай кемеңгердің ұраны екенін кім білсін, бұл күні осы бір мәні мен мағынасы жоқ сөз он адамның тоғызының сөз тіркесіне айналған. Сонау қатпар-қатпар тарихқа зер салсаң да, бабалар өмірін көз алдына алып келсең де қазаққа қазақ жау болғанын аңғара алмадық. 
   Хош, қазақтың жауы – қазақ делік. Ал неге солтүстігіміздегі алып империя өкілдері «орыстың жауы – орыс» деп айтпайды? Тарихын оқысаң оспадарлық пен үстемдік, тақ үшін тартыс, қызыл қырғын, орыстың етін орыстың үйткенін көресің. Мәселен, Әбілмәмбет пен Абылай хан заманындағы орыс тағы үшін тартысты алып қаралық. Ресей империясын бірнеше ғасыр билеп келген Романовтардың ақсүйектері бір-бірін алтын тақ үшін өлтіріп, халқын сан мәрте солқылдақ көпірмен жүргізіп отырды емес пе?! Әйелі мен еркегі алма кезек таққа отырып, алтын әулет өз сүйегін өзі кемірді. Сонда неге осы жұрт өз дұшпанын өзім деп атамайды? Ал қазақтың тарихына көз жіберсең тәж бен тақ үшін тартыс болмапты. Тек еңсегей бойлы ер Есім Ташкент билеушісі Тұрсынның басын алса, Барақ сұлтан мен Әбілхайыр ханның арасындағы қантөгіс қана тарихымызда мың жылда бір рет болған оқиға. Содан да болар, «ханның басын хан алар» дейтіні халықтың. Бірақ одан бергі ғасырларда қазақта қандай қанды қырғын болып еді? Кешегі Кеңес заманындағы арыстардың «халық жауы» деген айыппен қынадай қырылып кеткеніне өз ұлтымыздың өкілдері кінәлі ме? Жоқ! Рас, шолақбелсенділер саясаттың құйтырқы ойынына алданып, ел үшін зор іс тындырғандай болып асыл тектілердің бірегейін ұстатқан болуы ықтимал. Алайда күллі неміс халқын оққа таңып берген Гитлердің қанды жорығы, күйрей жеңілуі, қаншама миллион фашистің оққа ұшуы сұрапыл жағдай емес пе? Сонда өз қолымен от көсеген неміс халқы «немістің жауы неміс» деп пе? Негізінен өз ұлтына өзі жау болып, ақыр соңында Еженханның отарына айналып, жер бетінен жойылып кеткен бір ұлт бар, ол – хойт, дүрбіт, чорш, хошут сынды төрт ұлысты жоңғар халқы! 
   Өткенімізге мың мәрте зер салып қарасақ та «қазақтың жауы қазақ» деген сөзге негіз таба алған емеспіз. Арғы-бергі ғасырдағы бабаларымыздың қақтығысы, тақ үшін болған өкпе, барымта-қарымта, жер мен жесір дауы, азамат өлімінің құны үшін болған ит-ыржың, сөз таласы шежіремізде жазылған. Бірақ мұның бәрі біздің халықтан өзгелерде болмаған дегенге кім сенеді? Нақ қазақ халқының басынан өткендей, салт санасына ұқсас жайттар болмаса да бірін-бірі аяқтан шалу, жарға итеру, қанға бөктіру басқа ұлтта да орын алып тұрған-ды. Оны дүние жүзі тарихына зер салған жандар мойындамақ. Осының бәрін ой жүлгесінен өткізген жандар қазақтың жауы қазақ емес, оның кертартпа мінезі екенін аңдап, біздің халық өкілдерінің бойындағы кемшілік өзгелерде де барына иланар еді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ. 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 300 шақырымнан астам суару каналы жөнделуде

Жетісуда 300 шақырымнан астам суару каналы жөнделуде

04.05.2026
Дәрігер даярлаудың жаңа жүйесі: ДСМ реформаның мәнін түсіндірді

Дәрігер даярлаудың жаңа жүйесі: ДСМ реформаның мәнін түсіндірді

04.05.2026
Мобильді аударымдар: Мамыр айынан бастап кімдерге ескерту келеді?

Мобильді аударымдар: Мамыр айынан бастап кімдерге ескерту келеді?

04.05.2026
Елімізде науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

Елімізде науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

04.05.2026
Валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды

Валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.