Талдықорған: +16°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӘКІМ ХАНТӘҢІРІ ЕТЕГІНЕ БАРДЫ

16.01.2019
ЭКОНОМИКА
ӘКІМ ХАНТӘҢІРІ ЕТЕГІНЕ БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сәрсенбі күні облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ жыл басындағы өңірлерге арналған алғашқы жұмыс сапарын Райымбек, Кеген аудандарынан бастады. Облыс әкімі алдымен мемлекеттік шекара шебіндегі Райымбек ауданына келді.  Аталған аудан аумағында 11 ауылдық округ, 20 елді мекен, 42 мың тұрғын бар. Ауданда 22 мектеп, 2 өнер мектебі, 1 кәсіптік-техникалық колледж жұмыс істейді. 9 Мәдениет үйі, 9 кітапхана халыққа қызмет етуде.

Облыс әкімі Нарынқол ауылының тау жағынан өткен жылы салынып, пайдалануға берілген 20 жалгерлік үйдің тұрғындарымен жүздесіп, қуаныштарын бөлісті.

— Құрметті Амандық Ғаббасұлы, мен осы ауылдың байырғы тұрғынымын. Сарыбаев көшесіндегі №1 үйде тұрамын. Осы ықшамаудандағы жұрттың дені көшіп кетіп, жалғыз қалғандай күйде едім. Міне, 5-6 ай көлемінде бір көше пайда болды. Жаңа көршілерім көбейді. Нарынқол ауылының өңі кірді. Көшелеріміз асфальтталды. Қала маңына көшіп кеткен ағайындардың қайта оралып жатқан жайы бар. Жастарымыз қайта келуде. Ортамыз толды. Биыл атқарылатын қыруар істерді естіп, одан сайын қуанып отырмыз. Сол үшін де Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылының қайта қалпына келуіне қосқан үлесіңіз үшін сізге ауыл тұрғындарының атынан үлкен алғысымды айтамын. Жетісу өлкесі гүлденіп, түрлене берсін, – деді Нарынқол ауылының тұрғыны Дәулет Шәкенұлы.

­– Ыстық ниеттеріңізге рахмет! Алғысты алдымен барлық мәселені оңтайлы шешіп берген Елбасының атына айтыңыздар. Нарынқол ауылының жағдайы әлі де жақсарады. Биыл мұнда 83 үй салынады. Күн сайын 250 адам қабылдайтын емхана беріледі. Жастарымыз үшін спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады. Жұрт еңбекпен қамтылады. Ең бастысы, жастарымыз тұрақтасын. Мен тағайындаған аудан әкімдерінің атына халық ризашылығын білдіріп жатса, оны жылы қабылдаймын, – деді Амандық Ғаббасұлы.

Облыс әкімі жаңадан салынған 20 жалгерлік үйдің тұрғындары аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ерлан Әлдибеков пен аудандық қаржы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманжоловтың үйлеріне кіріп, ізгі тілегін білдірді. Білімді, сенімге бөленген, тұрғын үймен қатар көлікті болған бөлім басшыларына, жас шаңырақ иелерінің еңбектеріне жеміс тіледі.

Облыс әкімі одан кейін Нарынқол ауылында өткен жылы салынып, пайдалануға берілген тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін көрді. Өңірде өткен жылы дәл осындай 8 ғимарат іске қосылды. Облыс әкімі қалған ауылдық округтерде де осындай мекенжайларды салуды тапсырды. Нарынқол ауылындағы комендатураның жайымен танысқан облыс әкімі «Алакөл-Метспецстрой» ЖШС тұрғызып берген балалардың ойын алаңын көрді. Бұл игілікті дүниеге Алакөл ауданы демеуші болған еді. Қаңтар айы десек те ауылда құрылыс жұмыстары қауырт жүргізіліп жатыр. Оны көзбен көріп, көңіліміз өсе түсті. Орталықта «Демеу» бағдарламасы аясында шатырлары ауыстырылған бірнеше екі қабатты тұрғын үй бар. Бұл іске негіз қалаған – Көксу, Ескелді, Іле аудандары. Нарынқол ауылының орталығындағы 1964 жылы салынған 3 қабатты аудандық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 496 миллион теңге қарастырылған. Жөндеу жұмыстарын қызу жүргізіп жатқан «СКБ контракшн» ЖШС құрылысшылары аталған нысанды маусым айына дейін пайдалануға беруді көздеп отыр. Облыс әкімі серіктестік басшысына жұмысты сапалы жүргізіп, жоспарлы уақытта пайдалануға беруді тапсырды. Бұдан кейін облыс басшысы бұрын прокуратураның мекенжайы болған, алдағы уақытта сервистік орталық ғимаратына айналатын үйге жүргізіліп жатқан күрделі құрылыс жұмыстарын көрді. Орталықтан жаңадан салынатын мемлекеттік архивтің, Халыққа қызмет көрсету орталығының жоба-жоспарымен танысып, тиісті ескертулерін жасады. Ауылдағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екі қабатты ғимаратқа биыл аудандық мемлекеттік салық, статистика, қазынашылық басқармалары орналасатын болады. Облыс әкімі бұдан кейін ауылдың шет жағына орналасқан аудандық аурухананың жанына келді. Дәл осы жерде Кеңес одағы тұсында салынып, құрылысы аяқсыз қалған 4 қабатты емхана болған еді. Бітпеген нысан өткен жылы түгелдей бұзылып алыныпты. Биыл соның орнына күніне 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы басталады. Облыс әкімі аталған нысанның жоба-жоспарымен танысты. Сөз орайында айта кеткен орынды, Нарынқол ауылында биыл жобалық құны 1 290 миллион теңге тұратын, тәулігіне 1080 адам игілігін көретін спорттық сауықтыру кешені бой көтермек.

Облыс әкімі бұдан кейін аудандық Мәдениет үйінде актив жиналысын өткізіп, келген сапары туралы әңгімеледі. Облыстың өткен жылғы экономикалық даму көрсеткіштерін сөз етті. Райымбек ауданында жалпы құны 14,4 миллиард теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғанын айтты. 2018-2019 жылдарға барлығы 8,1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Нарынқол ауылында 2020 жылға дейін 109 тұрғын үй салу жоспарлануда. Облыс әкімі өткен жылы Райымбек ауданына Текелі қаласы мен Ақсу аудандарының көмек көрсетпегенін тілге тиек етіп, ескерту жасады. Сондай-ақ, биыл Нарынқол ауылынан Жастарға қызмет көрсету орталығының салынатынын айтып, жұртты бір желпінтті. Жиналыста Райымбек аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Бекболат Бірбаев сөз алып, өңір қарияларының атынан жылы лебізін жеткізді. «Нарынқол ауылы гүлденіп келеді. Жастарымыз көшіп келуде. Мұнда өмірге деген құлшыныс бар. Іргелі құрылыстардың салынатынын естіп, қуанып жатырмыз. Мен сізге аудандағы аналардың атынан алғысымды айтамын», – деді аудандық аналар кеңесінің төрайымы Дина Молдағожаева.

Түстен кейін облыс әкімі А.Баталов жұмыс сапарын Кеген ауданында жалғастырды. Жолай «КазМясо» ЖШС-не қарасты Жарылқасын Адасбаев басқаратын «Жаңа Ақтасты» мал бордақылау кешеніне ат басын бұрды. Бұл серіктестік экспорттық әлеуеті жоғары, сапалы ет дайындайтын бірден-бір құрылым. Мұнда ет бағытындағы «Абердин Ангус» атты асыл тұқымды ірі қаралар өсірілуде. Соңғы жылдары 6 мың бастық мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталды. Өңірге 1,2 миллиард теңге инвестиция тартқан жайы бар. «Жаңа Ақтасты» мал бордақылау кешеніндегі ірі қара Еңбекшіқазақ ауданындағы Қырбалтабай ауылындағы ет комбинатында сойылып, республика көлеміне, алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Қазір аталған мал бордақылау кешенінде 1500 бас «Абердин Ангус» бар. Оның ішінде 700 басы – аналық. Серіктестік басшылары биыл қосымша 1500 бас «Абердин Ангус» ірі қарасын әкелуді жоспарлап отыр. Облыс әкімі аталған серіктестіктің жұмысына ризашылығын білдірді. Бордақыда тұрған ірі қараларға өткен жылы әзірленген сапалы мал азығын, пішеннің түр-түрін көзбен көрді. Серіктестіктің алға қойған мақсаттарына жете берулеріне тілектестігін білдірді.

Облыс әкімі бұдан кейін №3 Кеген орта мектебінде болды. Апатты жағдайда деп табылған бұл білім шаңырағы 1987 жылы салынған. 640 балаға арналған мектепте 56 мұғалім еңбек етеді. 427 шәкірт білім алуда. Мектептің жайын көзімен көрген облыс әкімі бұдан кейін аудандық орталық аурухананың ғимаратында болды. 1972 жылы салынған бұл ғимарат та күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Аудандық аурухана – 100 төсектік. Ондағы хирургия, гинекология, перзентхана, балалар бөлімі мен жұқпалы аурулар бөлімінде жатып емделушілер жетерлік. Ауруханадағы кәріз жүйесі істен шыққан. Бақыт Тілемісов басшылық жасайтын ауруханада 61 дәрігер, 297 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етуде. Аурухананың жайымен танысқан облыс әкімі оған қажетті көмек көрсетілілетінін алға тартты.

Кеген аудандық Мәдениет үйінде актив жиналысын өткізген облыс әкімі бірсыпыра мәселелерді сөз етті. Елбасы Жарлығымен құрылған Райымбек, Кеген аудандарына әрдайым қажетті қолдау, көмегін көрсететінін жеткізді. Аудандағы құрылыс, жөндеу жұмыстары мен абаттандыруға биыл 3,3 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 253,9 миллион теңге бөлінген. Биыл Кеген ауылынан 15 тұрғын үй салынады. Бұл үшін бюджеттен 196 миллион теңге қарастырылды. Аудандағы 12 ауылдың көше жарықтарын орнатуға 11 миллион теңге бөлінді. Сол сияқты 8 ауылдың тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге 171 миллион теңге қаралған.

Облыс әкімі сапар барысында көзімен көрген №3 Кеген орта мектебін және аудандық аурухананың ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге көмектесетінін айтты. Тиісті сала басшыларына тапсырмаларын берді. Кеген ауылының маңынан салынған спорттық сауықтыру кешені құрылысы үшін ренішін білдірді. «Алыс жерге салынған спорт кешеніне, әсіресе, күннің суығында балалар қайтіп барады?! Бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін ойластырылған дүние еді ғой. Үлкен қателік жіберіліп отыр» – деген облыс әкімі аталған спорт кешенінің құрылысын жүргізген мердігер серіктестіктің басшысына аталған нысандағы бітпей қалған жұмыстарды мамыр айына дейін бітіруді тапсырды.

Жиналыста Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов сөз алып, атқарылатын істер туралы кеңінен әңгімеледі. Таулы өңірде биыл 24 мВт болатын жел электрстансысының құрылысы, Қарқара өңірінен ас тұзын өндіру жұмыстарының қолға алынатынын айтты. 2019 жылы  ауданға 4 миллиард 350 миллион теңгенің инвестициясын тарту жоспарланып отыр. «Фуд Мс Агро» шаруа қожалығы Алғабас ауылдық округінен құны 1 300 миллион теңге тұратын 3000 бастық мал бордақылау алаңын салуды жоспарлауда. «Руслан» шаруа қожалығы Шырғанақ ауылынан 100 бастық тауарлы-сүт фермасын ашуды көздеп отыр. Тағы бір іргелі құрылым Шарын өзенінің бойынан жобалық құны 1 500 миллион теңгені құрайтын заманауи ойын-сауық паркін тұрғызуға кіріспек.

Жиналыста «Meat Processing and service» ЖШС директоры Б.Әбдірасылов сөз алып, облыс әкімінен мал азығын дайындауға қажетті көмек көрсетуді сұрады. Ал «Park Canyon» ЖШС өкілі алдағы жоспарларын сөз етті. Кеген аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков  облыс әкіміне алғысын айтты. Мен екі ауданды бір-бірінен бөлмеймін. Осы жолғы келгендегі мақсатым қос ауданның жайын білу еді. Алда тұрған міндеттерін білейін, қажетті істеріне, түйінді жайларына көмектесейін деп келгенмін. Бірқатар мәселе шешімін тапты. Бәрі назарымда болады. Осындағы елдің жағдайы жақсы болсын. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деді облыс әкімі.

Жиналысты қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов аудан тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді. 

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек, Кеген аудандары

Қатысты жаңалықтар

Кітап күні кең көлемде тойланды

Кітап күні кең көлемде тойланды

23.04.2026
«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

«Кітап – уақыт машинасы атты әдеби кеш өтті

23.04.2026
«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

«Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

23.04.2026
Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

Жетісуда колонияға тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойылды

23.04.2026
23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23 сәуірдегі саудада доллар бағамы аздап өсті

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.