Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕЛТОҚСАНШЫ ҚЫЗДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

29 желтоқсан 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕЛТОҚСАНШЫ ҚЫЗДЫ ЕСКЕ АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жастар» спорт сарайында «Жетісу» газетінің ұйымдастыруымен аталған басылымда көп жылдар еңбек еткен, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Шолпан ЖҰМАДІЛОВАНЫ еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында бильярдтан облыстық турнир өтті.

Жарысқа облыстық «Жетісу» телеарнасы, «Огни Алатау», қалалық «Талдықорған», «Жетісу» газетінің журналистері және Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облысы филиалының төрағасы қатысты.

Бәсекенің ашылу салтанатында облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін сөз сөйлеп, доданың шымылдығын түрді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін жарыстың маңызы зор екеніне тоқталды. Шолпан Жүнісбайқызы тек қана газеттің журналисі емес, қоғамдық жұмыстың белсенді жетекшісі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңда жүріп, кеңестің солақай саясатына қарсы тұра білген қаһарман қыз әркез шындық пен тазалықтың туын жоғары ұстайтын ержүрек еді. Шолпанның қаламынан туған әр мақаласы қоғамда қозғаушы күш болып, елдің дамуына өз үлесін қосатын мөлдір дүние саналды.

— Жаны таза, бойында тек асыл қасиеттері басым, кез келген ортада өзінің талантымен алға шығып, маңайына шуағын шашып, жадырап жүретін жалынды журналист еді. Бір ғана «Жетісу» газетінің білікті маманы емес, республикаға танымал қаламгер болды. Өмірінің соңына дейін қаламын қолынан тастамай, алты кітаптың авторы атанды. Амал нешік, осындай талантымыздың ортамыздан ерте кеткені жанымызға батады. Бүгін міне, Шолпанның аты өшпей жарық жұлыздай жарқырап жүрсін деген ниетпен бастарыңыды қосып, бильярдтан турнир өткізіп отырмыз. Бұл келешекте дәстүрлі жарысқа айналмақ. Ауқымы кеңіп, жыл сайын Шолпан Жүнісбайқызының атындағы жарыста бас қосамыз, – деген Ә. Әрінұлы бақ сынайтын әріптестеріне сәттілік тіледі.

Көп ұзамай жарыс та басталды. Жарысқа қатысушылар кіл мықтылар екен. Бір-бірімен шеберлік байқасып, соққан шарлары мірдің оғындай ұяшыққа дөп түсті. Алғашқы айналымнан суырылып алты ойыншы алға шықты. Кіл мықтылар іріктеліп, кім мықтыны анықтау кезде ойын шиеленісе түсті. Тартысқа толы болған бәсекеде бірінші орынды «Огни Алатау» газетінің жауапты хатшысы Асхат Алтынбеков жеңіп алса, екінші орынға «Жетісу» гезетінің журналисі Мәди Алжанбай табан тіреді. Үздік үштікті «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев түйіндеді. Жеңімпаздарды облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары Жұматай Әміреев пен облыстық бильярд федерациясы атқарушы директорының орынбасары Ахметсапа Шалқыбаев марапаттады.

Дода соңынан Шолпан Жүнісбайқызына ас беріліп, Құран бағышталды.

                                                                  Ришад ТҰРҒАНБАЕВ,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін, 10:58
ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

ҰҚШҰ-ның алдағы кезеңге арналған жоспарлары бекітілді

Бүгін, 10:30
Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Ақсу ауданында толық циклді ет комбинаты салынады

Бүгін, 10:00
Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Талдықорғанда бірнеше күннен бері ер адам табылмай жатыр

Бүгін, 09:57
Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Түркия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.