Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ — ЕЛ БЕРЕКЕСІ

05.12.2018
ЭКОНОМИКА
ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ - ЕЛ БЕРЕКЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

   Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Онда аталған саланың өркендеуіне өзіндік үлес қосып, еңбек етіп жүрген бір топ озаттар марапатталып, барынша сый-құрметке бөленді.

 

   Облыс әкімі Амандық Баталов алдымен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылған көрмені тамашалады. Онда азық-түліктің небір түрі бар. Бұдан соң телекөрсетілім арқылы аталған сала бойынша Жетісу жерінде жүзеге асырылып жатқан шаруа жайы көрсетіліп, көпшілік назарына ұсынылды. Бейнефильмде өңір экономикасының негізгі тірегі ауылшаруашылығы болғандықтан жетекші саланың әрдайым басты назарда екендігі, сондай-ақ аграрлы аймақта егін егіп, төрт түлікті көбейтуде, жеміс-жидек пен көкөніс өсіріп, өндірілген өнімдерді қайта өңдеуде қол жеткізілген тың табыстар мен тындырымды тірліктердің аз еместігі паш етілді. Байқағанымыздай, биыл да ауыл еңбеккерлері өнім берекелілігін арттырып, табыстың тайқазанын тасытуға бар күш-жігерлерін жұмсап, маңдай терлетіпті. 
  Салтанатты шарада Амандық Ғаббасұлы сөз алып, ауылшаруашылығы саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
– Сіздер Мемлекет үшін, ел үшін еңбек етіп, адал тер төгіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз жемісті, отбасыларыңыз аман болсын! Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында да ауылшаруашылығы саласын одан әрі өркендетуге ерекше басымдық берді. Әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін іске асыру керектігі айтылды. Бұл облыстағы ауылшаруашылығы саласында жасалып жатқан жұмыстарды одан ары жандандыруға жол ашады. Бүгінде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нарыққа қажет бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін қамтамасыз ету жолға қойылды, – деді облыс басшысы. 
  Бұдан әрі Жетісу жерінде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, тың жетістіктер мен табыстарды саралады. Мәселен, мемлекеттік қолдаудың арқасында сала көрсеткішінің жоғарылап, халық жағдайының жақсарып келе жатқаны мәлім етілді. Облыс басшысының айтуынша, өткен он айда аймақта 591 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, тамақ өнеркәсібі бойынша 423 млрд. теңгенің азық-түлігі шығарылған. Былтырғыға қарағанда ірі қара мал етінің экспорты өскен. Қызылша алқабы 11,2 мың гектарға ұлғайып, әр гектардан орта есеппен 400 центнерден өнім жиналған. Ақсу қант зауытында қайта жаңғырту жұмыстарының 2-ші кезеңі аяқталып, өндіріс қуаттылығы 180 мың тоннаға жеткізілген. 
   Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа 2 сервистік дайындау орталығы ашылып, қажетті техника мен қондырғылар сатып алынған. Су шаруашылығында да жүйелі жұмыстар атқарылып, ирригациялық жүйелер қалпына келтірілуде. Отандық тұқым шаруашылықтары да дамып, алдағы жылдың өніміне 233,1 мың тонна сапалы тұқым дайындалған. Сонымен бірге мал шаруашылығы өркендеп, төрт түлік көбейген. Облыста қазір 92 бордақылау алаңы мен 68 тауарлы- сүт фермасы жұмыс істейді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 мың бас ірі қара, 14,1 мың бас ұсақ мал сатып алынған. Саланы сандық технологияға көшіріп, автоматтандыру да басты назарда. Келесі жылдан бастап субсидияның барлық түрі бойынша құжаттар «Электронды үкімет» арқылы онлайн режімде жүргізілмек. Амандық Ғаббасұлы осындай еселі еңбекті еңсеруге ауылдықтардың қосып отырған үлестерінің зор екендігін атап өтіп, оларға алғыс білдірді.  
   Мерекелік жиын соңында бір топ еңбек озатына Ауылшаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі мен «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Ауылшаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар да аз болған жоқ. Облыс әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамоталарын алғандар да қуанышқа кенелді. Биылғы ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуде Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Ұйғыр аудандары, ал ауылдық округтерден Райымбек ауданының Қақпақ ауылдық округі, Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округі, Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округі, Балқаш ауданының Бірлік ауылдық округі, Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округі жеңімпаздар қатарынан табылды.
   Ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары арасында Қарасай ауданындағы «Алматы продукт», Көксу ауданындағы «Арқабаев» ЖК, Кербұлақ ауданындағы «Майтөбе-ет» АШӨК үздік атанып, ақшалай сыйлықтарға ие болды. «Үздік ауылшаруашылығы тауар өндірушілері» номинациясы бойынша Балқаш ауданындағы «Жақсылық» ШҚ мен  Еңбекшіқазақ ауданындағы «Адал» АҚ-на «МТЗ-82» тракторы берілді. Осы екі аталым бойынша Талғар ауданындағы «Алматы» АШӨК, Іле ауданындағы «Алель Агро» ЖШС, Ақсу ауданындағы «Алихан» ШҚ мен Ескелді ауданындағы «Сариев» ШҚ 400 мың, 500 мың, 600 мың теңгенің сыйақысын алып, сый-құрметке бөленді. 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА.

Қатысты жаңалықтар

Анаға арналған миллиардтар: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төлем рекорд жаңартты

300 мың теңгеден жоғары зейнетақы алу үшін не істеу керек?

13.03.2026
Жансүгіров ауылында ерекше патриоттық шара өтті

Жансүгіров ауылында ерекше патриоттық шара өтті

13.03.2026
Умраға виза беру тоқтатылмақ: Сауд Арабиясы ресми мәлімдеме жасады

Умраға виза беру тоқтатылмақ: Сауд Арабиясы ресми мәлімдеме жасады

13.03.2026
Тарихи белес: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Тарихи белес: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

13.03.2026
Қазақстанда 15 градусқа дейін күн жылынады

Қазақстанда 15 градусқа дейін күн жылынады

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.