Талдықорған: +21°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ДӘРЕТХАНАСЫ ЖОҚ ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

30.11.2018
ЭКОНОМИКА
ДӘРЕТХАНАСЫ ЖОҚ ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Алматы – Өскемен» күрежолының бойындағы жанар-жағармай құю бекеттерін Ұлттық стандартқа сәйкестендіру жұмысы бүгінде күн тәртібінде тұр. Бұл мәселе облыстағы депутаттардың да назарын аудара бастады. Өйткені осы төңірегінде жолаушылардан түскен шағымның көбеюі мәселенің әлі де шешімін толық таппағанын көрсетеді. Осыған орай, өткен жолы облыстық мәслихат пен «Қазавтожол» ҰК» АҚ тарапынан арнайы комиссия құрылып, Талдықорғаннан Алматыға дейінгі жол бойындағы нысандарды аралап, орын алған кемшіліктерді анықтап,  түзетуге тиісті жерлерін нысан иелеріне ескерткен болатын. 

Міне, содан бері бір жарым ай уақыт өтті. Комиссия мүшелері өткендегі ескертулердің орындалу барысын қайта пысықтап шығу үшін тағы да тексеру жұмысын жүргізді.

– «Алматы – Талдықорған» жолы қолданысқа берілгелі жүргіншілердің жүгі жеңілдеді. Бұрындары 4-5 сағатта әзер жететін жерге енді оның жартысындай ғана уақыт кетеді. Бүгінгі заман талабымен салынған тақтайдай жол тұрғындардың талабынан шықты. Бірақ жол бойындағы жанар-жағармай құю бекеттерін Ұлттық сатандартқа сәйкестендіру ісі әлі де ақсап тұр. Қазір бұл мәселеге облыстық мәслихаттың депутаттары араласа бастады. Бәріңізге белгілі, өңірімізде кәсіпкерлікке кең өріс ашылды. Облыстық әкімдік тарапынан да бизнестің өркендеуіне көп қолдау жасалуда. Ендеше, бизнесте заман талабына сай жұмыс жүргізгені жөн деп санаймын, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты Әли Алпысбаев.

Бір байқағанымыз, жағдай бұрынғыдан көп өзгерген. Ескертілген кемшіліктің көбі дұрысталып, жұмыс өз жүйесіне түскен. Бірақ комиссияның ескертпесін орындамай, салғырыт қарағандар да табылды. Әсіресе, Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылына орналасқан жанар-жағармай құю бекеті дені түзу бір дәретхана сала алмапты. Осы жолы да: «Кемшілікті 2-3 күнде орнына келтіреміз», – деген уәдемен құтылды. Жол бойындағы халыққа қызмет көрсететін нысандарды Ұлттық стандартқа сәйкестендіруге Үкімет үш жыл уақыт берді. Оның үстіне аталған бекеттің иесі алдыңғы жолы кемшілікті түзетеміз деп өз аузымен айтқанын естіп едік. Демек, үш жылда салынбаған дәретхана енді 2-3 күнде орнына келеді дегенге сену қиын. «Қазавтожол» ҰК» АҚ мамандары бұл келеңсіздікті заңды тәртіппен шешетінін жеткізді. Есесіне, өткен жолы кемшіліктері көрсетілген өзге нысандар бәрін қалпына келтіріпті. Айта кетерлігі, «Royal Petrol» және «Газпромнефть» жанар-жағармай құю бекеттерінің жағдайы  Ұлттық стандарттың барлық талабына сәйкес келеді. Дегенмен, «Royal Petrol» жанар-жағармай құю бекеттеріндегі дәретханалар ақылы қызмет көрсетуде. Ондағы қызмет құны 50 теңгені құрайды. Бірақ аталған бекеттің қызметкерлері дәретхананы кілттеп қоятыны белгілі болды.

– Біз май құю бекеттеріне абаттандырылған дәретхана салуға міндеттелгенімізбен, оны ақысыз жаса деп талап қоя алмаймыз. Бірақ бұл жерге көліктеріне жанар-жағармай құятын жүргіншілер тоқтайды. Демек, оларға  ақылы қызмет көрсетіледі. Сондықтан, дәретханалардың ақысыз болғаны жөн деп ойлаймын. Ол тәулік бойы ашық тұруы керек, – дейді облыстық мәслихат депутаты Өтеғали Юнусов.

Жол бойындағы жанармай құю бекеттерін Ұлттық стандартқа сәйкестендіреміз деген «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы енді жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сервистік нысандарды өздері сала бастапты.

– Биыл «Талдықорған – Алматы» автожолының бойындағы екі нүктеге жолаушыларға заманауи қызмет көрсетудің барлық түрі қамтылған құны 23 млн. теңге тұратын  «KazWay» модельді сервис павильонын салуды қолға алдық. Оның бірі Талдықорғанға кіреберіске, енді бірі Арқарлы асуында салынуда. Келесі жолы «Алматы – Қорғас» автожолының бойына осындай төрт павильон салынады, – дейді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ облыстық филиалының маманы.

Кемшіліктерді байқаған комиссия мүшелері тексеріс жұмысын алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Қажет АНДАС,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

23.04.2026
Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

23.04.2026
Әкеге қарап өскен ұл

Әкеге қарап өскен ұл

23.04.2026
Алименттен қашқан әке көп

Алименттен қашқан әке көп

23.04.2026
Қырық түп жеміс ағашы егілді

Қырық түп жеміс ағашы егілді

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.