Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ДИКТАНТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛДЫ

14 қараша 2018
РУХАНИЯТ
ДИКТАНТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ел бойынша жалпыхалықтық диктант жазылды. Оған республика бойынша 1 миллион 530 мыңға жуық, ал Алматы облысынан 120 мыңнан астам адам белсене  қатысты.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ қарпін тәжірибелік тұрғыда меңгеруге дағдыландыру. Диктантты 15 жас­тан асқан азаматтар – мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері, әр саланың мамандары, студенттер, оқушылар арнайы белгіленген орындарда жазды. Диктант жазу барлық өңірде бір мезетте бас­­­талды және бәріне ортақ мәтін аудиожазба арқылы оқылды.

Диктантқа «Рухани жаңғыру» тақырыбы арқау болды. Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өткен шараға ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының, облыстық төтенше жағдайлар, ішкі істер департаменттерінің, тіл басқармасы, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары, Талдықорған агротехникалық колледжінің білімгерлері қатысты.

Кәмшат АҚЫЛБЕКОВА,

экономист:

— Бүгінгі шара уақыт талабына сай өтті. Халқымыз үшін латыннегізді қазақ әліпбиін меңгерудің маңызы зор. Өзім латын қарпіне көшуді толықтай қолдаймын. Оның халқымызға берері мол. Сол себепті жаңа әліпбиді меңгеруді бүгіннен бастауымыз керек деп білемін. Өзім жаңа әліпби бойынша жазып, машықтанып жүрген соң диктант жазу қиынға түсті дей алмаймын. Тек  Yy әрпі төбесі түртілместен у әрпі ретінде жазылса дұрыс болар ма еді деген ұсынысым бар. Негізі ол әріп бойынша ы дыбысы таңбаланған.

Жандос ЕРЖАНҰЛЫ,

ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының бас маманы:

— Алдын ала жаңа әліпбимен танысып, дайындалғандықтан диктант жазу қиын болмады. Тек ұ, ү әріптерін жазғанда ұ-ның басында ноқаты жоқ, ал ү-де бар болғаны  қиындық келтірді. Қалған әріптер бойынша еш кедергі болған жоқ.

Диктантты жазып біткен соң оның дұрыс нұсқасы көрсетіліп, қорытындысы шығарылды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.