Талдықорған: +22°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БҮГІН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ

13 қараша 2018
КҮНДЕРЕК
БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Атаулы күнге орай Балпық би кентінде тағылымды шара өтті. Көксу аудандық музыка мектебіндегі «Жанарсыз да жарық әлем» атты ақпараттық-сазды шарада мүмкіндігі шектеулі жандар өнер көрсетті.

Зағип жандардың тағылымды шарасында музыкатану ғылымдарының кандитаты, Көксу ауданының Құрметті азаматы, композитор Амангелді Тоқымбетов қобызымен күй төкті. Республикалық «Екі жұлдыз» ән байқауыныың Гран-при жүлдегері Әйгерім Көпбаева әннен шашу шашса, айтыскер ақын, әуесқой композитор, жыр-термелерден республикалық байқаулардың жеңімпазы Алғысбек Дәуен жүректі тербеген халық әндерін орындады. «Екі жұлдыз» ән байқауының тағы бір Гран-при жүлдегері Жасұлан Бекенов пен облыстық «Жүректен-жүрекке» байқауының бірінші орын иегері Әйгерім Айдарқызы да нақышына келтіре ән әуелетті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өнеріне сүйсінген көпшілік кештен үлкен әсер алып шықты.

Келген қонақтарға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығының директоры Әлия Садықова ерекше алғысын жеткізді.

— Осы күні әлемнің барлық елдерінде Халықаралық зағиптар күніне орай көптеген іс-шара өтеді. Біз де мүмкіндігі шектеулі ерекше дарын иелерін қоғамның толыққанды мүшесі екендіктерін сезіндіру мақсатында бүгінгі сазды кешімізді ұйымдастырдық, – деген ол өнерпаздардың шығармашылықтарына жоғары баға берді. Әрі олардың қазақ өнерінің дамуына толассыз үлес қосатындарына сенім білдірді. Жиында облыстық «Гол-бол» спорт федерациясының вице-президенті, «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Алекен Дәркенбаев басынан өткен оқиғаларды мысалға келтіріп, жеткен жетістіктерін сөз етті.

Кеш соңында жиналған қауым естелік суретке түсіп, дарынды жандарға кішігірім сый-сияпат ұсынылды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Көксу ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05
Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Тәуелсіз елін көрсе қуанатын еді

Бүгін, 13:00
Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Жоғалған алтын білезікті цифрлық технологиялардың көмегімен тапты

Бүгін, 12:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.