Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ХАН ТӘҢІРІ ШЫҢЫНА ШЫҒЫП, ФИЛЬМ ТҮСІРДІ

1 қараша 2018
РУХАНИЯТ
ХАН ТӘҢІРІ ШЫҢЫНА ШЫҒЫП, ФИЛЬМ ТҮСІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Хан Тәңірінен оралу» («Вернуться с Хан-Тенгри») деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында теңіз деңгейінен 7010 метр биіктіктегі Хан Тәңірі шыңына жасалған экспедиция жайлы баяндалады.

Биылғы жылдың шілде, тамыз айларында облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған сапарға Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева және Александр Кузницов қатысқан. Қиындығы мен қызығы мол танымдық саяхат бастан-аяқ таспаға түсіп, көрерменге жол тартты. Фильмнің таныстырылымына арнайы келген Әнуар Нұрпейісов:

— Толқып тұрмын. Өйткені, деректі фильм бірінші рет шығып тұр және сіздер алғашқы көрерменсіздер. Осындай қуаныш сыйлаған Алматы облысы әкімдігіне айтар алғысым шексіз. Бұл сапар ең қиын әрі әсем, өмірімде есте қаларлықтай болды. Қорықтым, қобалжыдым. Экспедициядан соң қатты шаршадым. Мінезім, өмірге деген көзқарасым өзгерді. Оны тек сол биіктікке шыққан адам ғана түсінеді. Бұл — тек байқау. Қайтадан шығамын, – деді. Актердің сөзінше ол осы фильм арқылы мүлде басқа Қазақстанды көрсеткісі келген. Деректі туындыда альпинизм спорт түрлерінің ішіндегі ең қиыны екені көрсетілген.

Фильм басталысымен тыныштық орнады. Алып таудағы қардың, көшкіннің, күнге шағылысқан мұздың көрінісі бірден көрерменді баурап алды. Хан Тәңірінің әсемдігі деректі фильмде кеңінен көрініс тапқан. Айта кетейік, Айсұлу Әзімбаева теңіз деңгейінен 6000 метр биіктікті бағындырса, Әнуар Нұрпейісов 5500 метрге табан тіреген.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.