Талдықорған: +12°C
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Айқын бағыт, тың серпін

29.10.2018
КҮЛТӨБЕ
Айқын бағыт, тың серпін
WhatsAppTelegramFacebook

Өркениетті қоғамға түбегейлі бет бұрған кезде замандастарымыздың өмірге деген құштарлықтары мен іскерлік белсенділіктерінің артатыны заңдылық деп едім. Осы кезде алыстағыны болжайтын көріпкел көшбастаушы тұлға керек. Ондай тұлғаларға Жаратқан ием қай кезде де ерекше ақыл-ой, мен қабілет, көрегендік қасиет береді. Және ол екінің бірі тәуекел етіп бара бермейтін дана, дара жолын өзі таңдайды. Бұған тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен ширек ғасырдан асқан дара жолы дәлел болады.

Дара жолдың бастаушысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл жолдың жемісті болғанына өткен уақыт, өзгерген бүгінгі өміріміз дәлел. Содан кейін де уақыт өткен сайын халықтың тұрмысы мен әлеуметтік жай-күйі жақсарып келеді. 
Алайда өскелең уақыт бір орында тұрмайды. Арайлап атқан әрбір таң мен бір-бірін алмастырған ай-жылдар өзіндік қажеттіліктерін туындатпай қоймайды. Осы сәттерді бағамдап, халықтың мұң-мұқтажын зерделеп, оған алаңдайтын Елбасы дер кезінде кезекті Жолдауын жариялады. 
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  құнды құжат еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына ықпал етіп, тың бағдарламаларға жол ашатынымен ерекшеленеді. Содан кейін де Мемлекет басшысының әр Жолдауы еліміздің жарқын болашағын бағамдайтын стратегиялық құнды құжат ретінде қабылдануда. Алдымызға қойылып отырған міндет пен мақсаттарды кезең-кезеңімен жүзеге асырудың қарастырылғаны да уақыт тамырын тап басқандығы дер едім. 
Елбасы адамзаттың алдында жаһандық мәселелер туындап, шұғыл шешімін күткен мәселелер күрделене түскен шақта барлық мүмкіндіктерді халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдырып, осы бағытты бағдаршам ретінде ұстануды қатаң тапсырды. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, заң, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, құқық қорғау салаларын қайта құрылымдап, білікті мемлекеттік аппаратты жасақтаудың маңыздылығына да жан-жақты тоқталды. Қазіргі таңда әр салада кездесіп қалатын келеңсіз тұстарды атап көрсетіп, бағалы ұсыныстарын ортаға салды. Сала жетекшілеріне жауапкершілік жүгін мықтап сезіну қажеттігін қатаң ескертті. 
Қазақстан тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытта өміршең бастамалар жалғасын тапты. Экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттермен иық тірестірген, өзінің салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауды басты назарға алып отырған мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Серпінді дамуымызға ауадай қажет бейбітшілікті сақтай отырып қоғамдық келісімнің, ұлтаралық татулықтың қамтамасыз етілгенін қазақстандықтар ерекше сезініп, алаңсыз өмір сүруде. Көкбайрағымыздың аясына топтасқан халқымыздың саны бүгінде он сегіз миллионнан асып, олардың өмір сүру ұзақтығының өскені де әлеуметтік жағдайдың едәуір жақсарғанының нақты көрінісі екенін атап айтуға болады. 
Тың идея мен жаңашылдыққа бастайтын құжатта Елбасы еліміздегі ауылшаруашылығы мамандарын, кәсіпкерлерді жаппай оқытуды қолға алып, еңбек өнімділігін ұлғайтып, 2022 жылға қарай өңделген сала өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін алға қойды. Бәсекеге қабілетті өнім түрлерін көптеп өндірудің маңыздылығына назар аударды. Мемлекеттік қолдаулардың барлық мүмкіндігін заманауи агротехниканы тартуға бағыттау қажеттігін баса айтты. Осылайша бірінші кезекте халықты сапалы азық-түлікпен қамтуға басымдылық жасалатыны айқын аңғарылды. Бұл көпшіліктің көкейіндегі жүрген жайт болатын. 
Елбасының әрдайым билік пен халықтың арасындағы байланысқа ерекше маңыз беретінін білеміз. Соған орай жаңадан Ұлттық жаңғыру  офисі құрылып, халық арасында сауалнама жүргізіліп, ой-пікір зерттелетін болды. Халықтың әл-ауқатының өсуіне негізделген жаңа «Сапа» формациясы қолға алынады. Мемлекеттік бюджет қаржысын тиімді жұмсап, қазақстандықтардың игілігіне жарату, жемқорлықпен күресті күшейтуді де назардан тыс қалдырмады. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет толық электронды жүйеге көшіріліп, барлық органдар жұмысындағы бюрократизмді жою міндеті қойылды. 
Жолдау халықтың өмір сүру деңгейін жаңа сапаға көтеруге негізделгенімен құнды. Мәселен, әр отбасын тұрғын үйдің қолжетімділігі, білім, денсаулық сақтау салаларындағы қызметтердің сапасы толғандырады. Соған орай алдағы бес жылда аталған салаға жұмсалатын қаражатты 10 пайызға өсіру қажеттігі айтылды. Мұғалімдердің құқығын қорғайтын заң қабылданатын болды. Мұның жұртты көптен бері толғандырып жүрген мәселе екені белгілі. Осылайша өмір сүруге жайлы орта қалыптастыруға байланысты мәселелер оң шешілмек. Нәтижесінде қолжетімді тұрғын үй ипотекасының жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдерге алғашқы жарнаны жергілікті бюджет есебінен ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауға тапсырма берілді. Қазірдің өзінде Елбасы тапсырмасының қолға алынып, әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылғандар мен жастардың бағдарламаның игілігіне қол жеткізе бастағаны қуантады. 
Халықтың ертеңгі нұрлы болашағы үшін жасалып жатқан шаралар ауқымы Жолдауда кеңінен қамтылған. Соның ішінде ұлт саулығының мемлекеттің басты байлығы екені сөзсіз. Ол үшін сапалы азық-түлік түрлерін пайдалану қажеттігі туындайды. Десе де халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар мен қызметтерден қорғайтын саясаттың жоқтығы еске салынды. Бұл мәселелерде үкіметтік шараларды қабылдау қажет. Айтылған мәселелерге орай Елбасы мемлекетпен бірлесіп халықтың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз ету қажеттігін  назарда ұстауды  міндеттеді. 
«Отан – отбасынан басталады» деген ұғым бар. Мемлекет басшысы әрдайым осы бағыттағы бағдарламаға басымдық беріп келеді. Жолдауда «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» – дегені жұртшылық тарапынан кең қолдау тапты. 
Жастар – жақсылық пен жаңалықтың жаршысы, қоғамның қозғаушы күші. Соған орай Елбасы жастарға ерекше сенім артып, олардың келешегіне алаңдайтынын, өмір сүру деңгейін одан әрі жақсартуды көздейтінін Жолдау жолдарында тағы бір нақтылады. Сонымен қатар халықты алаңдатқан әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді жолдарын көрсетіп, еліміздің алдағы бағыт-бағдары мен міндеттерін айқындады. Құнды құжат қазақстандықтардың әл-ауқатын жаңа сатыға көтеріп, тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуды көздейді. Сонысымен де ол жүректерге жол тартты. Қоғамдағы өзгерістерге терең талдау жасап,  халықты алдағы тың міндеттерді орындауға жетеледі. Маңызды құжат сонысымен де ойландырады. Кешегі мен бүгінгіні еріксіз салыстырасың. Содан кейін барып бүгінгіңе шүкіршілік жасайсың.
Жолдаудың мақсаты – халықтың ертеңге деген берік сенімін қалыптастырып, оларды нақты міндет пен мақсаттарды орындауға ұмтылдыру, жастарды адал еңбек етуге, елжандылыққа тәрбиелеу. Осылайша Елбасы тағы да болашақты болжайтындығымен, көрегендігімен, ой тереңдігімен танылып отыр. 
Еліміз тың серпінмен алға басып, жарқын болашаққа сеніммен қадам жасады. Қазіргі міндет – бұл бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыра түсу болып табылады. Ол үшін баршаның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбек ету қажеттігі туындайды. Жолдау бізді осындай ауқымды міндеттерді орындауға жұмылдырып отыр.

Серік ҮМБЕТОВ, 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

 

Қатысты жаңалықтар

Жамбыл жырына сусындады

Жамбыл жырына сусындады

08.03.2026
Ринг патшайымы

Ринг патшайымы

08.03.2026
«Жетісу» жеңіспен аяқтады

«Жетісу» жеңіспен аяқтады

07.03.2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сыртқы істер министрлігі отандастарға үндеу жасады

07.03.2026
Алаш мұрасының темірқазығы

Алаш мұрасының темірқазығы

07.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.